Сөж тақырыбы: Мінезді тәрбие-леудің этнопсихологиясы туралы зерттеулерді пайдалану Орындаған: Рымтай Арсен Тексерген: Мұса Құндыз Алматы 2022ж Этнопсихология


Этносаралық конфликттердің психологиясы



бет12/12
Дата11.03.2022
өлшемі122,41 Kb.
#135104
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Психология 1 (1)

3. Этносаралық конфликттердің психологиясы
Ресей-Америка социологы П.Сорокинаның санауы бойынша 24ғ. ішінде бір жылы кикілжің, соғыс революция болып келеді. ХХғ. Кикілжіңі 300 млн. адамның қаза болуына себепкер болды.
Қазіргі таңда этностық кикілжіңдердің проблемасымен айналысатын 11 ғылым бар. Сол ғылымдардың ішінде лидерлері, психология, әлеуметтану, саясаттану ғылымдары болып табылады.
А.Я.Анцупов этностық кикілжіңді әлеуметтік топ арасындағы әртүрлі этностық кикілжің деп суреттеген. Ал Стефаненко бойынша этностық кикілжің топ арасындағы кез-келген бәсекелестік болып табылады.
Этностық кикілжіңдерді зерттеу нәтижесінде олардың бірнеше аспектілері анықталды.

  1. Этнопсихологиялық аспект. Кикілжің жағдайда ұлттық қызығушылықтарды қорғау нәтижесінде көрінеді.

  2. Әлеуметтік-мәдениетті аспектісі. Бұл аспект әлеуметтік-мәдениетті бірегейлік ретінде этностық дезинтеграциясына қауіп төнген жағдайда көрінеді.

  3. Әлеуметтік-экономикалық теңсіздікті немесе шағын топтың экономикалық қызығушылығы.

  4. Саясатты аспект. Шағын дәрежеде автономияда үлкен саясатты билікке қол жеткізетін жаңа саясатты лидерлердің пайда болуы мен сипатталады.

Осыған байланысты этностық кикілжің дереу аяқ астынан пайда болмайды, олардың ұзақ уақыт бойы туындайтынын айтуға болады. Осыған мысал ретінде 1986 ж. «Желтоқсан оқиғасын» алуға болады. Жастарды қарсы шығуға интермелеген әлеуметті-экономикалық себеп – бұл ауылдан шыққан жастар өздерінің әлеуметті-экономикалық құқықтарының жойылғандығын сезінді. Бұл ережеге сай студенттер және жас жұмыскерлер 10-15 жас завод, фабрикаларда істеген болатын.
Осылайша этностық кикілжіңдердің негізгі себептері болған жағдайда қанағатсыздану, билік басындағыларға деген сенімнің жоғалуы т.б.
Кикілжіңнің себептерін анықтайтын психологиялық концепциялар.

  1. Топ арасындағы кикілжің адамның мінез-құлқының әсіресе агрессивті болып келетін мінез-құлық болып табылады. В.Макдугалл агрессивтілік бұл қоздырудың әсерінен туындамайды, бұл адам ағзасында болатын күш деп айтқан. З.Фрейд және К.Лоренц адамдардың агрессивті мінез-құлқының себебі биологиялық әсерден туындайды деп айтқан.

  2. Фрустрация-агрессия. Н.Миллер, Д.Доллард, Л.Берковица пікірлері бойынша агрессивті мінез-құлық адам немесе топ фрустрацияға ұшыраған кезде туындайды.

  3. Авторитарлы тұлға Т.Адорна пікірінше басқа топтарға деген қарым-қатынас отбасында қалыптасқан эмоционалды қарым-қатынаспен анықталады. Егер бала тәртібі қатал отбасында тәрбиеленген болса, онда ол агрессияның бір бөлігін адам өзін теңестірмейтіндерге шығарады.

  4. Реалды кикілжің теориясы. М.Шериф пікірі бойынша топ арасындағы кикілжіңдер, топ арасындағы қызығушылықтардың сай келмеуінен нәтижесі б.т.

  5. Әлеуметтік бірегейлік теориясы А.Тешфел топ арасындағы дұшпандықтың пайда болу үшін бір-біріне сай келмейтін қызығушылықтар мен мақсаттар болу міндет емес, кейде ол үшін өзінің топқа деген қажетінің бар болуын сезінуде жеткілікті.

Кикілжіңді шешетін 5 әдіс.

  1. геттоизация бұл адам өзгелердің мәдениетінен қашып өз мәдениетін құру кезінде жүзеге асады.

  2. ассимиляция индивид өз мәдениетінен мүлдем бас тартып өзге біреудің мәдениетін меңгеру.

  3. аралық-мәдени айырбас және бірігіп әрекет етуден тұрады.

  4. бөлшекті ассимиляция – индивид басқа мәдениет пайдасы үшін өз мәдениетін қияды.

Осылайша этникалық кикілжіңдерді болдырмау үшін, халық проблемаларын шешу үшін мемлекет тарапынан арнайы жоспарлар құрылуы тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет