Мультимедиалық оқулық — оқушылардың қызығуын арттырып, зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жалған сәттерін қайталап көруге, тыңдауға және алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді және білім алу кезіндегі олардың белсенділігі арта бастайды.
Мультимедиалық оқулық оқу материалдарын демонстрацияланған гармоникалық түрде жеткізеді. Онда пәндегі теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі. Теориялық материалдарды графикалық иллюстрация түрінде әртүрлі суреттер, сұлба, тәсілдер арқылы толықтырып отырса, онда теориялық білімді оқып, көзбен көріп, түсініп оны мида бекіту үрбістері бір уақытта өтіп отырады да материалдық қорыту үрдісі ұтымды болады.