Зерттеу-сабақ. Мұғалімнің басшылығымен оқушылар компьютерде кіші-гірім зерттеу жүргізіп, керекті нәтижелер алуға жұмылдырылады. Бұл компьютерлік модельде өте жылдам орындалады. Оқушылар өздігінен шығармашылық жұмыс істеуге, теориялық білімді тәжірибеде жаратуға мүмкіндік алады. Химиялық құбылыстың моделін тікелей көзбен көре отырып, мәнісіне тереңірек үңіледі. Мұғалім тек көмекші ретінде қолдауы керек.
Химия есептері модель түрінде беріледі. Есептерді шығарып, артынша нәтижелерін компьютерде бірден тексеру сабағы. Нәтижелер компьютерлік модельде тәжірибе түрінде тексеріледі. Оны әрбір оқушы өздігінен жасап, шығармашылық-танымдық қызығу тудырады. Бұл бір ғылыми зерттеу секілді өтуі мүмкін. Есептерді оқушылардың өзіне құрастыруға беруге де болады.
Қазіргі кезде практикалық сабақтарды интернеттегі виртуал лабораторияларда онлайн режімде өтуге де болады. Мысалы, http://virtulab.net ,http://www.liveexpert.ru т.б. сайттарында. Тек олар орыс тілінде, қазақ тілінде әлі мұндай мүмкіндік жоқ.