Оғыздарды Еділ бойынан, Маңғыстаудан, Үстірттен өтіп, ЕуропаныАзиямен жалғастыратын аса маңызды жолдар барынша қызықтырды. Бұл сауда жолдарын өз бақылауында ұстауға ертедегі орыс мемлекеті де мүдделі болатын. Хазарияның талқандалуы орыс көпестеріне Шығыс елдерінің бай нарығына жол ашты. Осының бәрі оғыз жабғуларын сыртқы саяси бағытында орыс князьдерімен одақ жасасуға бағдар алуға итермеледі. X — XI ғасырлар шегінде оғыз мемлекеті құлдырай бастайды. Алым-салықтардың жыртқыштықпен жиналуына наразы болған оғыз тайпаларының көтерілістері жиілей түседі. Оғыздардың тарихи аңыздарына қарағанда, бұл көтерілістер өкімет басына X ғасырдың орта кезінде немесе оның екінші жартысының бас кезінде келген Әли ханның басқаруына қарсы жүргізіледі. [[]Жабу]]лардың өз қазыналарының қамын ойлаған саясатына наразылықты X ғасырдың орта кезінде-ақ Жентке жақын жерге келіп орын тепкен салжұқ көсемдері пайдаланды. Салжұқкөсемдері Жанкенттің оғыз билеушілеріне қарсы көтерілісті бастап, Жентті басып алады. Алайда олар, өздеріне артқан үмітті ақтай алмай, бұқараның қолдауынан айырылған болуы керек. Әйтпесе, олардың көп ұзамай-ақ Жент аймағынан кетуге мәжбүр болғанын түсіндіру қиын. Көтерілісшілер қозғалысы сәтсіздікке ұшырап, халық «ландары» жанышталды. Осының бәрі Әли ханның мұрагері және оның орнына тұрған Шахмәлік өкіметінің нығаюына себепші болды. Онын тұсында мемлекеттің күшейгені соншалық, 1041 жылы оғыздар Хорезмді басып алды.
Оғыздарды Еділ бойынан, Маңғыстаудан, Үстірттен өтіп, ЕуропаныАзиямен жалғастыратын аса маңызды жолдар барынша қызықтырды. Бұл сауда жолдарын өз бақылауында ұстауға ертедегі орыс мемлекеті де мүдделі болатын. Хазарияның талқандалуы орыс көпестеріне Шығыс елдерінің бай нарығына жол ашты. Осының бәрі оғыз жабғуларын сыртқы саяси бағытында орыс князьдерімен одақ жасасуға бағдар алуға итермеледі. X — XI ғасырлар шегінде оғыз мемлекеті құлдырай бастайды. Алым-салықтардың жыртқыштықпен жиналуына наразы болған оғыз тайпаларының көтерілістері жиілей түседі. Оғыздардың тарихи аңыздарына қарағанда, бұл көтерілістер өкімет басына X ғасырдың орта кезінде немесе оның екінші жартысының бас кезінде келген Әли ханның басқаруына қарсы жүргізіледі. [[]Жабу]]лардың өз қазыналарының қамын ойлаған саясатына наразылықты X ғасырдың орта кезінде-ақ Жентке жақын жерге келіп орын тепкен салжұқ көсемдері пайдаланды. Салжұқ көсемдері Жанкенттің оғыз билеушілеріне қарсы көтерілісті бастап, Жентті басып алады. Алайда олар, өздеріне артқан үмітті ақтай алмай, бұқараның қолдауынан айырылған болуы керек. Әйтпесе, олардың көп ұзамай-ақ Жент аймағынан кетуге мәжбүр болғанын түсіндіру қиын. Көтерілісшілер қозғалысы сәтсіздікке ұшырап, халық «ландары» жанышталды. Осының бәрі Әли ханның мұрагері және оның орнына тұрған Шахмәлік өкіметінің нығаюына себепші болды. Онын тұсында мемлекеттің күшейгені соншалық, 1041 жылы оғыздар Хорезмді басып алды.