9. Рөлдік ойындар. Ата-аналардың педагогикалықбіліктілігінің қалыптасу деңгейін анықтауға арналған ұжымдық шығармашылық іс-ірекет. Ата-аналармен өткізілетін рөлдік ойындар тақырыптары әртүрлі болады: «Таңертең сіздің үйде», «бала мектептен келді», «Отбасы кеңесі», т.б.
10. Ата-аналармен өткізілетін конференциялар. Белгілібір тақырыпқа орай ата-аналардың және мұғалімдердің дайындалуымен өткізіледі.
11. Ата-аналар комитеті мектепішілік болып және әрбір сыныпта сайланады. Ата-аналар алқасы өзара мынандай міндеткерліктерді бөліп атқарады:
1. Төраға.
- Ата-аналар алқасын ұйымдастырады, жоспар құрады.
- Ата-аналар жиналысын ұйымдастыруға қатысады.
2. Қазынашы.
- Ата-аналардан сынып ұжымы үшін жарна жинау.
- Сынып жетекшісімен біріге отырып шығын сметасын жасау.
- Жұмсалған қаражат жөнінде ата-аналар алдында есеп беру.
3. Оқу процесіне жауапты адам. Балалардың сабақтарына қатысу. Қажеттікітаптар мен көрнекіліктер алуға көмектесу. Үлгермеуші оқушыларға көмектесу. Сыныпта, сабақтан тыс уақыттарда саналы тәртіп орнату.
4. Шаруашылық жұмысқа жауапты адам. Сыныптың тазалығын сақтау. Сыныпқа қажетті шаруашылық заттарын алуға көмектесу.
5. Мәдени шараларға жауапты адам. Экскурсия, жорық, саяхат,үйірмелер, кештер ұйымдастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |