Сөж тақырыбы: Отбасымен жүргізілетін жұмыстың түрлері Орындаған: Курбаналиева Л. Н. Тексерген: Салгараева Гулайым Ибрагимовна Алматы 2021 Отбасымен жүргізілетін жұмыстың түрлері


Сынып жетекшісі оқу жылы бойына 4-реттен аса жиналыс өткізуі қажет



бет6/8
Дата22.12.2021
өлшемі78,36 Kb.
#127600
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
13-апта СӨЖ ОТБАСЫ

Сынып жетекшісі оқу жылы бойына 4-реттен аса жиналыс өткізуі қажет. 1-ші ата-аналар жиналысы қыркүйек айының алғашқы жартысында өтеді. Бұл ұйымдастырушылық сипатта болады. 2-3-ші жиналыстар белгілі тақырыппен өткізіледі. Мысалы, мынандай тақырыптарды алуға болады.

- Оқушылардың жас ерекшеліктерін оқу-тәрбие процесінде ескеру.

- Отбасындағы қайшылықты жою жолдары.

- Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

- Баланы өмірге қалай дайындауға болады?

- Баланың кітап оқу мәдениетін жетілдіру.



Ата-аналар жиналысы жыл қорытындысы бойынша да өткізіледі. Бұл ата-аналар жиналысын балалармен бірге мереке түрінде өткізуге болады. Балаларға мадақтау беріліп, ата-аналарға алғыс жарияланады.

Бірінші ата-аналар жиналысын өткізушіге нұсқау:

1. Ата-аналар жиналысы болатынын күні бұрын балалардың күнделігіне

жазып, қол қойдырып хабарлау.

2. Сыныпты жаңадан алған болсаңыз, ата-аналармен танысу, өзің туралы

қысқаша айту.

3. Сыныптың және мектептің жаңа оқу жылы алдындағы міндеттерімен

таныстыру.

4. Ата-аналармен қандай мәселені талқылағысы келетіндігі жөнінде

кеңесу.


5. Ата-аналарды сыныптың жұмыс жоспарымен таныстыру.

6. Ата-аналарға мектеп ережесін, сынып сағатының уақытын хабарлау.

7. Ата-аналарға үйірмелер, факультатифтер, секциялардың қашан жұмыс

істейтіндігін хабарлау және балалардың бір факультативке қатысуы керек екенін ескерту.

8. Әртүрлі ұйымдастырушылық жұмыстарды талқылау. (Тамақ, 2-ші аяқ киім, күнделік, сынып қаражаты, т.б). Ата-аналар жиналысының, ашық есік күндерінің ай сайынғы уақытын беру. Ата-аналар жиналысына келмеген ата-аналармен міндетті түрде кездесу. Кез келген ата-аналар жиналысына қатыспаған адамды ескерусіз қалдырмау.

Мұғалімдердің басшылығымен оқушылар-көркем өнерпаздар үйірмесінің мүшелері ата-аналар алдында өнер көрсетеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет