Ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру міндеттері:
Отбасымен жүргізілетін жұмыстар отбасы түрлеріне байланысты болады.
3. Дау-жанжалды отбасылар.
2. Ата-аналарының қарым-қатынасы жақсы, дегенмен тәрбиелеудің дұрыс бағыттарын ұстанбайтын отбасылар .
1. Адамгершілік қатынастары жоғары отбасы.
Отбасының төрт түрі
4. Ұрпақтар арасындағы сезімталдық, көңіл-күй байланысы жиі бұзылып тұратын отбасылар.
1. Адамгершілік қатынастары жоғары отбасы. Балалардың өз икемділіктерін жүзеге асыруға толық мүмкіндіктері бар. Тәрбиешінің көп араласуын қажет етпейді, дегенмен нақты бір кезеңде тәрбиелеу ерекшеліктеріне байланысты ұсыныстар мен кеңестер артық болмайды. Психолог кеңес береді.
2. Ата-аналарының қарым-қатынасы жақсы, дегенмен тәрбиелеудің дұрыс бағыттарын ұстанбайтын отбасылар . Балалар ата-аналарының «ерекше» қамқорлығында болуы мүмкін, осыған байланысты менмендік, өзімшілдік ойы басым дамиды. Бұл педагогтің көңіл бөлуін сөзсіз талап етеді. Психолог, тифлопедагтың кеңесіне жүгінеді.
3. Дау-жанжалды отбасылар. Мұндай жағдайда ата-аналардың баламен ісі жоқ. Олар өзара қарым-қатынастарын шеше алмайды. Ешқандай парасатты тәрбие туралы сөз болуы да мүмкін емес. Мұндай жағдайда мамандардың ақыл-кеңесі қажет және үнемі қадағалауы тиіс.
4. Ұрпақтар арасындағы сезімталдық, көңіл-күй байланысы жиі бұзылып тұратын отбасылар. Ата-анасы жоқ, анасы, әкесі жоқ балалар, ата, әжесі, аға, апа қамқорлығындағы балалар бар. Мұндай отбасыларымен психологиялық, педагогикалық тәрбие жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |