Сөж тақырыбы: Теңіз мұнай-газ кен орны



бет2/3
Дата07.02.2022
өлшемі40,49 Kb.
#91325
1   2   3
Байланысты:
Балмаханбет А срс8 онгд





Теңіз кен орны мұнайының қасиеттері





Көрсеткіш

Шамасы

Мұнай тығыздығы

797 кг/м3

Бастапқыдағы коллектор қысымы (4250 м)

80,8 МПа

Еріген газ кезіндегі газ факторы

450 м3/м3

Қабаттық көлем коэффициенті

2,306

Қанығу қысымы

24,7 МПа

Мұнай тұтқырлығы

0,22 мПа. с





2. 2. Теңіз мұнай кен орынының ашылуы туралы


Теңіз мұнай кен орны — Әлемдегі алып мұнай кен орындарының бірі. Теңіз кен орны 1981 жылы ашылған, № 1 ұңғымасынан мұнайдың фонтанды ағыны алынған. Кен орнының ең бірінші технологиялық схемасы Гипровостокнефть институтымен 1986 жылы құрастырылған және КСРО Миннефтепроммен бекітілген.
Теңіз кен орны 1991 жылдың сәуірінде тәжірибелі - өндірістік эксплуатацияға енгізілді, ал 1993 жылдың 6 сәуірінен бастап кен орынды «Тенгизшевройл» компаниясы игере бастады.
Әкімшілік жағынан алғанда Теңіз кен орны Қазақстан Республикасының Атырау облысындағы Жылыой ауданында орналасқан. Географиялық жығынан кен орын Каспий маңы бассейнінің оңтүстік – шығыс бөлігінде орналасқан. Осы аймақтағы барланған мұнай қорының негізгі бөлігі бойынша палеозой қимасының тұз асты бөлігіне кіреді. Бұл жерде Теңіз кен орнынан басқа тұз асты қабатына жататын бірнеше мұнай, газ және конденсат кен орындары бар. Оларға Қарашығанақ, солтүстіктегі Оренбург, Кеңқияқ және солтүстік-батыстағы Жаңажол, батыстағы Астрахань сияқты кен орындары және жақында ашылған Каспий теңізі шельфінің солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан Қашаған кен орны жатады. Теңіз кен орны диаметрі 500 км болатын ірі шеңбер тәрізді карбонатты құрылым кешенінің бөлігі болып табылады және бұл құрылымға Королев, Каратон, Тәжғали, Пустынная және Қашаған кен орындары кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет