Сөж тақырыбы: Төзімділік және оның дамыту жолдары Орындаған: Еркетай Елдана Факультет: Технология и биоресурсы Тексерген: Ихсанов Усен Алматы 2020



бет3/3
Дата07.02.2022
өлшемі59,5 Kb.
#90959
1   2   3
Байланысты:
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚКАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ

мынадай:

Жас

Ер балалар

Қыз балалар

Уақыт
(сек)

Шапшандық
(м/сек)

Уақыт
(сек)

Шапшандық
(м/сек)

12

3.0

6.7

3.3

6.0

13

3.0

6.7

3.2

6.3



Жылдамдық қабілетін жетілдіруге арналған жаттығулар шапшаңдық қашан төмнедей бастағанша қайталана беруі керек. Оларды сабақтың басында немесе ептілікті арттыратын жаттығуларды орындаудан кейін өтқізген жөн. Ептілік қабілетін жетілдіру үшін гимнастикалық жаттығулармен қоса әдеттегі қимыл — қозғалыс жаттығуларын күрделендіре қолдануға болады. Мысалы:беткейден шаңғымен еңіске қарай жұптасып сырғанап түсу немесе заттарды көтеріп сырғанап түсу. Әдеттегі қозғалыстарды кездейсоқ бастапқы қалыптардан орындау (мысалы бір орыннан ұзындыққа секіру бір жақ жанымен немесе теріс қарап тұрып орындау),бір орында тұрып 180–360 қа бұрылып скеіру, ал ең бастысы — акробатика мен әр түрлі қимыл — қозғалыс ойындары ептілікті жетілдіруге пайдалы болмақ. Ептілік қабілетін жетілдіруге арналған жаттығулар әдетте кіріспе бөлімінен кейін, сабақтын негізгі бөлімінің басында орындалады. Дене тәрбиесінде пайдаланылатын жаттығулар адам организміне белгілі бір дәрежеде әсерін тигізгді.Денеге түсетін күшті, яғни жүктеме мөлшерін белгілеген кезде оның жүйесі және дәйекті болуын мейлінше дұрыс сақтау қажет. Дұрыс ұйымдастырылған дене жаттығулары адамға қажетті күш, жылдамдық, ептілік, төзімділік т.б қасиет — қабілеттерінің қалыптасуына белсенді түрде әсер етеді.
Дене тәрбиесі мен әдістемесі үш бөлімнен тұрады:
1. Дене тәрбиесінің теориясы — дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесінің қоғамда алаты орнын зерттейді.
2. Дене тәрбиесінің әдістемесі — дене тәрбиесі ерекшеліктерін, заңдылықтарын белгілеп, талдайды.
3. Спорттық жаттықтыру — оны өткізу әдістемесін, мерзімі мен кезеңдерін, артықшылықтарын айқындайды. Бұл дене тәрбиесі маманының кәсіптік деңгейін көрсетеді. Ғылыми мәні мен тәжірибе жинақтай отырып, бұл ілім адамның дене тәрбиесі процесінің заңдылықтарын ашып береді.
Қазіргі дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесінің негізгі көздері мынылар:
1. Адамдарды Отан қорғау ісіне, еңбек етуге қабілетті, денсаулығы мықты адамдарды тәрбиелеу.
2. Практикалық жұмыс. Теориялық, әдістемелік жаңалықтар іс жүзіндегі тәжірибе жұмыстарымен тексеріледі. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесін байыту.
3. Еліміздегі дене мәдениетінің орны және оны дамытуға байланысты “Қазақстан — 2030’’ стратегиясы жүзеге асыру шаралары.
4. “Қазақстан Республикасы бұқаралық спортты дамыту жөніндегі шұғыл шаралар ”.
5. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесінің, сондай — ақ басқа ілімдер қөлеміндегі ғылыми зерттеулердің нәтижелері.
Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі педогогика, психология, социология, физиология, анатомия ғылымдарымен сабақтас жүргізіліп, жас ұрпаққа білім беру, оны тәрбиелеу, денсаулығын нығайтудың жолдарын жан — жақты қарастырады.
Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі гимнастика, жеңіл атлетика, шаңғы спорты, ұлттық ойындар мен ат спорты, спорттық педогогика, спорттық психология пәндерін ортақ теориялық заңдылықтарға сүйеннді. Осы пәндерді алынған нақты нәтижелер теорияға негіз болып табылады. Дене шынықтыру және спорт жаттығулары адам организімінің өзара үйлесімді әрекетте болуын қамтамасыз етеді. Сырттан әсер ететін қолайсыз жағдайларға организімнің төзімділігін арттырады.
Дене шынықтыру және спорт жаттығулары организімді нығайтуға мақсатында орындалады. Соның нәтижесінде денеге мынандай сапалық өзгерістер іске асады.

1) Сыртқы дене бітімі өзгеріп әдемілене түседі.
2) Қимыл — қозғалыс жасау қабілеті артады, яғни дене иқемді, епті бола түседі де, жасалған қимыл — қозғалыстары бір — бірімен өзара үйлесімді, сәнді болып шығады.
Дене шынықтыру және спорт жаттығуларының негізгі бұлшық еттердің қимыл — қозғалыс жасауы болып табылады.
Қажет деп есептелген қимыл — қозғалысты орындағанда адамның көңіл — күйі ғана көтеріліп қоймай, оның бұлшық еттері де сергіп, рахаттанатын болады.Дене шынықтыру және спорт жаттығуларын орындау адамның жан — жақты өсіп жетілуіне қолайлы жағдай туғызады.
Жаттықтырудың қорытынды бөлімі күш түсірудер кейін спортшының организімін қалпына келтіру процесін тездету үшін өткізіледі. Денені босату жаттығулары, жеңіл жүгіру, спорттық және қозғалмалы ойындар қолданылады. Жаттықтыру сабақтары жеке, топтық, фронтальдық, айнымалы жаттығулар түрлеріне өткізіледі. Әрбір жатықтыру сабағын конспекті жазады. Конспектіде жаттықтыру өткізу күні, ұзақтығы, міндеттері, құрал — жабдықтар, жаттығуларды орындау саны әдістемелік нұсқаулар көрсетіледі. Жаттықтыру процесі барысында қолданылған әдістер мен бағалауды қолдану қажет. Бақылау сапалы болу үшін спортшының жаттықтыруы мен жарыс жүктемелерін, амалдарды тізімдеп, қағазға түсіріп отыруы керек. Артық жаттығу түрлері күш түсіруге көп болмайды. Спорттың негізгі әлеуметтік қызметі дене қуаты қасиеттерін, қимыл шеберлігі мен дағдасын жетілдіру арқылы жасөспірімдерді еңбекке дайындау. Спортпен шұғылдану балалардың бойында көпшілік, адалдық, еңбексүйгіштік, тәртіптілік, қайсарлық, мінез — құлықтары қалыптасқан. Жас спортшыларды тәрбиелеуге жатықтырушы ата — аналармен, мектеп ұжымымен тығыз байланыста жұмыс істеу қажет. Олардың қойған талаптары бірдей болса ғана жұмыс нәтижелі болмақ.
Тәрбиелеу әдістері сендіру және дағдыландыру әдістерінен тұрады. Сендіру әдісінің көмегімен спортшының ақыл — ойында қоғамның талаптарына сай мінез — құлық, жүріс — тұрысы тәртіптері қалыптастырады. Спортшы қоғамдық орында өзін — өзі ұстауға дағдыланып, тәртіптілікке, ұжымның мүдесін ойлау сезіміне тәрбиеленіп, басқа да жақсы әдептерді бойына сіңіру керек. Сонда ғана ол саналы азамат болып өседі.

Пайдаланылған әдебиеттер


1. Уаңбаев Е. “ Дене тәрбтесінің негіздері”, Алматы, 2000 ж
2. Тілеуғалиева Ю. Адамбеков Қ. Қасымбекова С. “Дене тәрбиесі”.Алматы 2003.
3. Тайжанов С. Құлназаров А, “Дене тәрбиесі”.Алматы 2002 ж.
4. Тұрыскелдина М, “Дене тәрбиесі”.Алматы 2001 ж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет