2. Жоспарлау функциясы Жоспарлау барлық басқару қызметінің ішіндегі ең негізгісі болып саналады. Жоспарлау дегеніміз алға қойған мақсатқа жетудің жолдары мен амалдары. Жоспар туындаған жағдайларға байланысты өзгертуге ыңғайлы болу керек.
Жоспарлау қызметі мынандай үш сұраққа жауап береді:
1. Қазір біз қандай жағдайда тұрмыз?
2. Қандай бағытта дамығымыз келеді?
3. Мұны қалай іске асыруға болады?
Жоспарлау қызметінің мерзіміне байланысты жіктелуі:
1. Стратегиялық жоспарлау – «стратегия» дегеніміз ұйымның міндетті ісін орындауды және мақсатына жетуді қамтамасыз ететін жан-жақты жоспар жиынтығы болып саналады.
2. Орта мерзімді жоспарлау
3. Тактикалық жоспарлау – барлық басқару функциясының ішінде жоспарлау ең елеулісі болып саналады. өйткені мұың өзі кез-келген балама әрекеттерді таңдап, алуға байланысты.
4. Индикативті жоспарлау – ұзақ мерзімге құрылған жоспарға өзгерістер немесе жаңалықтар енгізу.
5. Бизнес-жоспар – жоспарлау жүесіндегі қоғам мақұлдаған әртүрлі ұйымдық құқықтық нысандағы кәсіпкерлік құрылымдар пайдаланатын жүйе жол. Бизнес-жоспар субъект ұйымдастырып отырған өндірістің қызмет көрсету т.б. мақсаттары мен оған жету жолдарын баяндау.
Жоспарлау қызметі шаруашылық мазмұнына байланысты:
Қаржылық
өндірістік
өткізу-сату
нарық сиымдылығын жоспарлау