СөЖ тапсырмасы Тапсыру мерзімі Ескерту


І кезең – ежелгі кезең (б.э.д. 6-9 ғғ.- ХҮІІІ ғ. дейін)



бет3/8
Дата02.12.2022
өлшемі34,9 Kb.
#160922
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
СӨЖ1-5 менеджмент

І кезең – ежелгі кезең (б.э.д. 6-9 ғғ.- ХҮІІІ ғ. дейін)
Алғашқы қауымдық құрылыста ру басшысының, қауымдық жетекшінің көмегімен, басшылығымен бірігіп тіршілік еткен, кейіннен термешілік пен аң аулаудан өнеркəсіптік өндіріске ауысу менеджементтің қалыптасу бастамасы болды.
Біздің заманымызға дейінгі басқару принципінің жан-жақтылығын зерттеп сипаттама берген адам Сократ (470-439 жж.) мемлекеттің билігі
«үздіктерге» яғни тəжірибелі, адал, əділетті, ұқыпты, мемлекеттік басқару
өнерін меңгерген адамға берілуі керек. Платон (б.з.д 428-348) мемлекеттік
басқарудың түрлерін талдаумен бірге басқару органдарының функцияларын
анықтаған, «Мінсіз мемлекет» азаматтардың тұрмыс-тіршілігіне қажеттіні
жасайтын қолөнершілердің жер өңдеушілердің, қауіпсіздікті сақтайтын
əскерилердің жəне ақылмен, əділетті түрде басқаратын философбасқарушылардың бірлестігі болуы керектігін айтқан, ал Александр
Македонский (б.з.д 356-323) əскерді басқарудың теориясы мен практикасын
дамытты. Менеджмент туралы сөз болғанда біз ең бірінші Əбу Нəсір ƏлФарабиді (870-950) еске аламыз. Əл-Фараби басқару мен патшалық құруға,
жоғары өкіметтің негізі болып табылатын басқару саясатына зор мəн берген.
Оның ойынша басқару өнерінің басты бір ерекшелігі – адамдар мен əлеуметтік топтардың үйлесімдігіне жету, олардың мұң-мүддесін ескеру. Басқару теориясы жайлы алғашқылардың бірі болып 2,5 мың жылдықта жазған Ежелгі Қытай ойшылы Конфуций болды. Ол адамдарды заң арқылы басқару емес, моралдық қағидалар мен қалыптасқан дəстүрлерге байланысты басқару керектігін жəне қоғамның дамып, гүлденуі үшін басшының өзі моралдық жағынан көшбасшы- қайырымды, ұқыпты болуын, осы сапаларды басқаларда да дамыту керектігін жəне мемлекеттік қызметті атқаратын адамдардың сыпайылығы басқарудың негізгі, міндетті элементі болып табылады деген тұжырым айтты.
ІІ кезең – индустрияның даму кезеңі (1776-1890 жж.).
Өкілдері: А. Смит, Р.Оуэн, Б. Бэббидж,Э. Юр т.б. Бұл кезеңде басқарудың теориялық негіздерін іздеу бағытында өнеркəсіп иелері, ғалымдар түрлі эксперименттік сынамалар жүргізді. Шотланд экономисті Адам Смит (1723-1790 жж) менеджмент əдістерін мемлекеттік басқару саласында қолданып, мемлекет басшысының міндеттеріне анықтама берді жəне жұмыстың тиімділігі мен оны бақылау теориясының негізін қалады. Менеджменттегі реформаторлық идеялардың авторы Роберт Оуэн (1771 - 1858 жж.) басқа адамдардың еңбегінің көмегіне сүйеніп, ұйым мақсатына жету идеясын жасап, ынталандыру əдістерінің жұмысшылардың еңбек өнімділігін көтеру үшін қажеттілігін дəлелдеді. Басқару саласында алғашқылардың бірі болып басқару бұйрық беру емес, жеке тұлғалардың біріккен іс əрекеті, ұйым мақсатына жету үшін адам жəне басқа да ресурстарды қолдану екендігін анықтады. Ағылшын математигі, алғаш рет аналитикалық есептеу машинасын ойлап тапқан Чарльз Беббидж (1751-1871 жж) басқару теориясына ауқымды үлес қосқан, ол «Машиналар мен мануфактуралар экономикасы» (1832) еңбегінде еңбекті мамандыққа байланысты ақыл-ой жəне физикалық еңбек деп бөлу керектігін, жұмысшыға істеген еңбегіне қарай жалақы төлену керектігін айтты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет