СөЖ тапсырмасы Тапсыру мерзімі Ескерту


СӨЖ 2: Тапсырма «Педагогикалық менеджменттің құрылымы» конспект. Жауабы



бет6/8
Дата02.12.2022
өлшемі34,9 Kb.
#160922
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
СӨЖ1-5 менеджмент

СӨЖ 2: Тапсырма «Педагогикалық менеджменттің құрылымы» конспект.
Жауабы:
Педагогикалық менеджмент – бұл адамдардың ынтамақтастығы, адамдардың қарым – қатынас əдісі, өзін – өзі ұйымдастыру, өзін – өзі дамыту үрдісі. Ол келесі болжау қағидаларына негізделген: адамды сыйлау жəне оған сенімділікпен қарау; адамдарға тұлға ретінде қарау; ынтымақтастық əрекеті немесе басқарудан қарым - қатынасқа көшу; үздіксіз кəсіптік білімін көтеру;
мұғалімге ықпал жасау; мұғалім жұмысын бағалау.
Бұл қағидалар педагогикалық менеджментте бірқатар нақты талаптар қояды: адамның жеке басының беделін құрметтеу, құқығы мен мүмкіндіктерін мойындау; адамға сену, оның өзін – өзі тануы жəне мүмкіндіктерін ашып көрсету үшін жағдай жасау; өзара құрмет негізінде сенім ахуалын қалыптастыру; бастамашылдықты, шығармашылық бейімділікті, ұжымда өз орнын таба білуді қалыптастыру; жетістікті, мектеп ісіне əркімнің қосқан жеке үлесін мадақтау.Адамға құрмет жəне сенім – басқарудағы ізгіліктің ең жоғарғы көрінісі.
Адамдарға тұлға ретінде қарау қағидасына сай менеджер педагогикалық ұжымның əр мүшесін жай ғана қызметкер, мұғалім деп емес, оны бүкіл қызмет кезеңіндегі қажеттіліктермен, мақсаттарымен, бастан кешіретін қобалжулармен бірге тұлға деп қарастырады.
Педагогикалық менеджмент білім беру жүйесінің тиімділігін көтеруге бағытталған басқару ұстанымдары, əдістері, ұйымдастыру формалары мен технологиялық тəсілдерінің кешенінен тұрады. Педагогикалық менеджмент мақсаты-басқару ұстанымдары, əдістері мен функцияларына негізделген тиімді (рационалды) басқаруды қамтамасыз ету, ортақ мақсатқа ұжымды жұмылдыру, адами ресурстарды дамыту, еңбек өнімділігін арттыру, педагог қызметкерлердің ынталандыру белсенділігін туғызу, олардың ішкі, сыртқы мүмкіндіктерін еңбек əрекетінде өнімді қолдану,басқарудағы қарама-қайшылықтарды жеңу жолдарын табу, іздеу.
Педагогикалық менеджменттің негізгі міндеттері: адамдарды ортақ
мақсатқа жұмылдыру; педагогикалық ұжымдағы əрбір қызметкердің
қажеттіліктерін дамыту жəне оны мүмкіндігінше қанағаттандыру;
адамдардың дамуын жетілдіру; педагог қызметкерлердің коммуникациялық
дағдыларын, жеке жауапкершіліктерін дамыту; үрдісті жоспарлау,
ресурстармен қамтамасыз ету; педагог қызметкерлердің жоғары
ынталандыруын туғызу; үрдісті бақылау жəне түзету; оқыту үрдісін
жетілдіру, оның тиімділігін арттыру; нəтижеге қол жеткізу, тиімді басқару.
Бұл міндеттер əр циклде қайталанып отырады. Келесі циклдарда өткен
циклда орын алған келеңсіздіктер шешіліп, келесіде ескерілетін болады.
Педагогикалық менеджмент міндеттерін жүзеге асыруда келесі шаралар жүзеге асырылады: ұйымдастырушылық, əдістемелік, дидактикалық, тəрбиелік, жоспарлық, қаржылық кадрлық, қамтамасыз ету, ақпараттық, имидждік, бақылау- мониторингтік т.б. Осы іс шаралар кешені білім беру үрдісінің мазмұнын құрайды, оның нəтижелі орындалып, жүзеге асуы дұрыс ұйымдастырылатын басшылыққа, педагогикалық менеджментке байланысты.
Педагогикалық менеджменттің субьектілеріне: мектеп директоры, орынбасарлары, мектеп мұғалімдері ,мектеп оқушылары жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет