Сөйлеу тілінің дамуы


а. Оқушының сөздік қорын байытудың лингвистикалық негіздері



бет3/13
Дата07.02.2022
өлшемі61,98 Kb.
#91540
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Сөйлеу тілінің дамуы

1.1 а. Оқушының сөздік қорын байытудың лингвистикалық негіздері.
Тіл – адамдардың бір – бірімен қарым – қатынас жасауының құралы болса, адамдар тіл арқылы қарым – қатынас жасау үшін алдымен сөзді, сонан соң сөздерді қалай қолдануды білуі шарт. Міне, сондықтан да тілді үйретуде оқушының сөздік қорын байыту мен сөздердің қалай қолданатынын үйрететін грамматиканы оқыту қатар жүріп отырады.
Ана тілін оқыту әдістемесінде де оқушының сөздік қорын байытуға ерекше мән берілетіні де бұл мәселердің сөйлеуде атқаратын зор қызметіне байланысты. Ал екінші тілді оқытуда сөзді білу, сөздік қорының мол болуы оқушының тілді меңгеру дәрежесінің негізгі көрсеткішінің бірі.
Оқушының сөздік қоры неғұрлым бай болса, соғұрлым оқушының ойын толық, дәл, анық жеткізуге мүмкіндігі мол болады. Бұлардың әрқайсысы өте үлкен мәселелер, олар қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізгі объектісі.
Сөйлеу үшін, ойын басқаға жеткізу үшін адамдаро ойын жеткізуге қатысты сөздерді білу керек. Сөздерді білмейінше адам ойын басқаға жеткізе алмайды. Сөсіз тіл арқылы қарым – қатынас жасау мүмкін емес. Тәжірбиеде екінші тідлі үйрене бастаған адамның ойын жеткізуге қажетті сөзді білмей дағдарып, әдепті тұрғаны жиі кездеседі. Сөздік қоры мол адамдар ондай қиындыққа кездеспейді. Сондықтанда халықта тіл байлығы мол, шебер сөйлей білу адамның мәдениетінің көрсеткішінің бірі болып саналады. Ол туралы әдістемеші ғалым А.В. Текучевтің пікірін келтірейік: « Әрбір жеке адамның сөйлеу тілі – оның жалпы мәдениетінің деңгейлік көрсеткіші ».
Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту барысында әрбір оқушының табиғи өзінің сөйлеу тілін дамытуға үлкен көңіл бөлу керек;
Сөйлеу тілін дамытудағы жаттығулар үнемі көркем әдебиетпен тығыз байланыста болу керек.
Әдеби мәтін оқушылардың сөйлеу тілін дамытудағы ең маңызды әдебиет, сөйлеу тілін дамытудағы және тағы да қосымша әдебиеттер, газет – журналдар, іс-құжаттар, қоршаған ортағы сөйлеу тіл;
Сөйлеу тілін дамытуға тағы бір негізгі мән беретін мәселе ол мәтінді анық,дұрыс оқу,оқушылардың лексикалық,әдістемелік,грамматикалық және де ана тілі байлығы және сөйлеу тілінің әдеби нормадағы сөзі.
Сөйлеу тілін дамытудағы жетістік жұмыстың мазмұнды,мақсатқа бағытталған негізге жетеді.
Егер де біз оқушылрдан сөйлеу тілінде олардың түсінбейтін сөздерді талап ететін болсақ, ол ешқандай жақсы нәтижеге жеткізбейді. Дағды мен біліктілікті білмей келесі әңгімеге өтіп кетпеу керек.
Сонымен, сөйлеу тілін дамыту барысында мынадай жұмыс жүйесі ұсынылады.
сабақтың әр түрлігі
Біртіндеп жұмыстың сыныпқа, тақырыпқа байланысты қиындауы.
Кейбір енген жаңа формаларда әрбір сыныптың басында соңында қолдану Сонымен, сөйлеу тілін дамыту барысында мынадай жұмыс жүйесі ұсынылады.
4. сабақтың әр түрлігі
Біртіндеп жұмыстың сыныпқа, тақырыпқа байланысты қиындауы.
Кейбір енген жаңа формаларда әрбір сыныптың басында соңында қолдану
Сыныптағы сабақтарға қарай сөйлеу тілін дамыту жөнінде сыныптан тыс :
қабырға газет шығару, шығармашылық әдеби және лингвистикалық үйірмелерге қатысу т.б.
Міне,бұл лексиканы оқыту,жаңа сөздерді үйрету,оқушының сөздік қорын байыту мәселерін зерттеудің қаншалықты қажет екенін көрсете алады.Оқушының сөздік қорын байытудың жолдары мен амал – тәсілдерін белгілеу,сөздерді меңгерудің ұтымды жолдарын анықтау,сөзді оқушының күнделікті қолданысындағы белсенді сөзге айналдыру,оқушыда сөздерді орынды саналы қолдану дағдысын қалыптастыру сияқты толып жатқан мәселерді анықтау оқушының сөздік
қорын байытуға жол ашады.
Оқушының сөздік қорын байыту,біртіндеп оны дамыту тілдің байлығын ұғынуға жетектеуді қажет етеді.Оқушыны алғашқы кезден бастап ойын жеткізуге мағыналас сөздердің ішінен ойын дәл білдіретін сөзді таңдай білуге үйрету қажет.Ол үшін оқушыға синоним сөздерді де үйрету керек. Сондықтан бастауыш сыныптарында синоним сөздерге тиісті орын беріп,оқушының сөздік қорында ондай сөздерде болуға тиісті.Оқушының сөздік қорына кіретін сөз мазмұны, мағынасы жағынан ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелейтін, жас сәбидің жанына жақсылықтың нұрын себетін сөздер болғаны дұрыс.
Қазақ тілі мемлекеттік тіл болып, оны мектепте жүйелі түрде оқыту қазір күн тәртібіндегі маңызды мәселеге айналып отырған кезде оқушының тілін байыту өте қажет болып отыр. Сондықтанда бұл мәселедегі ғалымдар пікіріне, алдыңғы қатарлы мұғалімдер тәжірбиесіне 38-39ж өз тәжірбиемізге сүйене отырып арнайы зерттеуді қажет деп таптық.Оқулық авторлары да, тіл оқыту әдістемесінің әртүрлі мәселеріне арналған еңбектерде де, әдістеме мәселеріне арналған еңбектерде де ғалымдар оқушыларға, студенттерге, тіл үйретушілерге үйретілуге тиісті сөзді таңдап алуға ерекше мән беріп отырған, ол осы ғылыми мәселенің маңыздылығына байланысты деп түсіну қажет.
Қорыта келгенде, сөздік қорды байыту,лингвистикалық білім негізінде жүргізіледі.
фонетикалық білім беру сөздің дыбысталуы арқылы мағына мен ұғымын, сөйлемдегі ойды, мәтіндегі мазмұнды,пікірді түсіну арқылы өзіне таныс не таныс емес жаңа сөздерді игеру арақылы жүзеге асады;
лексикалық білім беру арқылы сөздердің мағынасын(тура, ауыс мағыналарын),белсенді,енжар лексикалары игеріледі. Соның нәтижесінде оқушылардың сөздік қорын сандық жағыныа, яғни сөздерді сөйлеу әрекетінде қолдана білуге жаттығу арқылы дамытылады;
грамматикалық білім беру арқылы жеке сөздерді бір-бірімен байланыстыру арқылы қолдана алуға жаттықтырылса, қосымшалар арқылы сөз таптарына сәйкес сөз жасау қабіліттері мен дағдылыары қалыптасады.
Оқушылар сөздің мағынасы,сөйлемнің ойы,мәтіннң мазмұны арқылы ұлттық сана-сезімі қалыптасады, ұлттық таным негізінде тәрбиеленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет