III-бөлім
Балалар әдебиеті арқылы көмекші мектеп оқушыларының сөз қорын дамытудың жолдары.
Балалар әдебиеті – руханият еліміздің көркем шежіресі. Балалар әдебиеті – келешек әдебиеті. Белгілі академик-жазушы М.Әуезов: «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген екен. «Бесік түзетудің бір жолы – бесік жырын түзеу». Бесік жыры – балалар әдебиеті. Бүгінгі балалар әдебиеті - өркесі иік, өрісі кең, жанры алуан, мәдениеті үлкен әдебиет.
Бала оқылған шығармаларын немесе мәтінді тыңдап қана қөоймайды, солард ұғуға талпынады. Соның негізінде біртіндеп ол жайында ұғым қалыптастыруға талпынады. Оның н ойынтез түсіінп, өз ойын да жүйелі жетізе алады. Соныме қатар тіл мен ойау бір-бііме байлагныста екенін ұғады. Тісіх ойдаудың болмайтыны, әрбір ой тіл арықыл көрінентіін, яғни сөйлеуді ойдаудан бөліп алудың мүмкінеместігіен тұсінеді.
Педагогика мен психология ғылымдары баситауыш мектеп оқушыларының тілін дамытуды салаларымен бірге қарастырады. Ақыл-ой тәрбиесінің негізгі міндеті баланың жас ерекшелігіне сай айналадағы, қорғашаған дүниенің сапасы, қолданылатын орны, қасиеттері, неден жасалатынын, не үшін қажеттілііг жайында нақты түсінік беру болып табылады. Балаға мақсат көздей отырып, оның айналадағы дүниені шынайы, ақиқа тұрғыда танып-білуін қамтамасыз ету, табиғатқа,адамға, қоғмқа дұрыс қарым-қатаныс қалыптастыруды ақыл-ой тәрбиес деймңз. Ақыл-ой тәрибеін бердуе баланың білуге құштарлығын, ақыл-ой қабілетін дамыту,байқаған құбылыстарын талдауға, салыстыруға, қоыртынды жасай білуге, өзойын жүйелі түрде жеткізе білуге үйрету үшін абақта жәге сабақтан тыс уақытта көркем шығарманы пайдаланады.
Жоғарғы сынып оқушыларының ақыл*ойын дамытып, санасын қалыптасытру үшін мәнді түсіндіру, білім беру, үлгі-өнеге көрсетуде үнемі балалар әдебиетін басшылыққа алады. Бұл әсіеес,анатілі сабағыда іске сатын белгілі. Ақыл-ой тәрбиесі мақсатқа сай жүргізілсе, ол баланың логикалық ойлауын, танымдық қабілетін дамытып, ой қорытындысын жасай білуге жеткізедң. Сондықтан, тәрбиеші көркем шығарманың мазмұынына сәйкес сабақтың мақсатын айқын, нақты қоя білген жөн. Ақыл-ой жағынан бала неғұрлым белсенді болса, сұрақтарды да соғұрлым көбірек қояды. Бала ойын үстінде тәжірибе жасайды, себеп-салдарлық байланыстар ен тәуелділікті анықтауға тырысады. Мысалы, ол қандай заттың батып, қандай заттың батпай жүзіп жүретіндігін өздігінен ажырата алады. Барлық адамзатқа, табиғатқа деген сүйспеншілікті тәрбиелеудің басты құралы- халықтың тілі, мәдениеті, ана тілінің құдыреті халық ауыз әдебиеті үлгілерінде десек қателеспейміз. Балаларға арналған көркем шығармаларды ана тілі сабағында пайдаланамыз.
Адам өмірінде сөз өнерінің орын ерекше. Көркем шығармалар арқылы қоршаған ортаға дұрыс, табиғатта аялай білуге , оған қамқоршы болуға тәрбиелеу, яғни табиғатқа мәдени қарым-қатынас жасау негізінен ана тілі, дүние тану сабақтарында және сабақтан тыс уақытта жүзеге асырылады. Мазмұны экологиылық тәрбиені ашатын көркем шығармалармен бірге халық ауыз әдебиеті үлгілерін де жиі пайдалануға болады. Мысалы: «Бұлақ көрсең көзін аш», «құстардың ұясын, құмырсқалардың илеуін бұзба», «құраққа орақ салма», «көкті жұлма», су ішкен құдығыңа түкірме», т.б мұның өзі баланың экологиялық сауатын ашуға бағытталған, табиғатты қоғауға, аялауға, оған қамқоршы болуға тәрбиелеудің және тіл байлығын жетілдірудің құралы екенін көрсетеді.
Көркем шығарма арқылы баланыңсанасына, сезіміне әсер етіп, ондағы нақты жағыдайларға көзқарасын тәрбиелейді. Көркем шығармада бейнеленген кейіпкедің қуанышына қуанып, ренішіне ренжиді, оған көмек көрсеткісі келетінін ашық айтады. Балалар қуанышы мен ренішін, ұнатқаны мен ұнатпағаныын құптаған немесе наразылығын бірден білдіреді. Бұдан балалардың белгілі бір тақырыпқа деген сезімін, өзіндік көзқарасын көруге болады. Мысалы баланың көркемдік қабылдауын дамыту үшін фольклорлық шығарманы пайдаланып халқымздың өмірімен, тұрмысымен танысуға болады. Бастауыш мектепте ауыз әдебиет үлгілері кеңінен пайдаланылады. Себебі олар балаларға түсінікті болып келеді. Оқушылардың тілін дамытуды жүзеге асырудың негізгі жолдарының бірі-көркем шығармалар.Мектеп жасындағы балалардың көркемдік талғамын қалыптастырып, әсемдікті сезіну, әдемілікті көре білу, табиғаттағы үйлесімділікті көркем шығармалардағы суреттермен салыстыру, дүниетану, ана тілі сабақтары арқылы жасалады. Әсіресе «жыл мезгілдері»,Ұлттық өнер», «Менің елім қазақстан», т.б көптеген тақырыптарға арнайы ұйымдастырылған мақсатты топсаяхаттарда іске асыруға мүмкіндік туады. Онда оқушылар табиғаттың әсемдігін көріп, бақылап сезінуге үйренеді және оны ойымен жүйелі баяндап, әңгімелеп айтып бере алатын болдаы. әсіресе ұлттық музейлерге жасалған топсаяхатта көргендерінің (ұлттық аспаптар, ұлттық киімдер ұлттық тағамдар т.б әсемдігін айтып жеткізуде байқалады. Балалаарға эстетикалық тәрбие беруде халық ауыз әдебиеті шығармаларының (ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш) маңызы аса зор. Олар баланың қабылдауына, жан құбылысына жақын, өйткені бұл шығармалар мазмұны жағынан терең көлемі шағын, қарапайым да түсінікті. Көркем шығарманы оқып немесе әңгімелеп беруде мұғалім шығарма кейіпкерлерінің жағымды, жағымсыз екенін айыра отырып, неліктен бір кейіпкер ұнап, екіншісі ұнамайтынына өзі қорытынды жасап айта алады. Автордың кез-келген шығармасындағы әсемдікті өмірдегі шындықпен салыстыруға үйретіледі.
Жоғарғы сыныптың мектеп оқушыларын өз елін, жерін, отанын, отбасын қорғауға, сүюге тәрбиелеуде көркем шығарманың алатын орын ерекше елін, жерін қорғаған халық батырлары туралы, олардың батырлық, ерлік істерін паш ететін әңгімелер, өлеңдер, аңыз-ертегілерді оқып, оның мазмұнын тұсіндірудеғ тәрбиеші кездесулер ұйымдастырып, баланың қиялын шарықтатып, ерліктерге баулиды. Көркем шығармаларды сахналату, рольдерге бөліп ойнату арқылы бала кейіпкерге еніп, яғни оның іс қимылын, жүріс-тұрысын барынша бейнелеуге тырысады. Мектеп оқушыларының тез әсерленгіш келетінін ескере отырып, халық қаһармандары туралы өлең немесе әңгімелерді өткенде олар туралы фильмдерден үзінді көрсету, батырлармен кзедесу ұйымдастырған өте тиімді екенін көрсетті. Сондай-ақ мектепте өтетін мерекелерде әсіресе, «Наурыз», «9мамыр жеңіс күні» ерекше көрініс табады. Балалар да батырларға еліктеуге құмартып, мереке күндері өте белсенділік танытады. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанынан бері халық қаһармандары Б. Момышұлы, Қ. Қайсенов, Р. Бағыланова, т.б ер қорғаудағы ерлік істері, өнердегі ұлттық мақтаныш ететін аты аңызға айналған батырлардың еңбектерімен тереңірек таныстырып, олар туралы жазылған көркем туындыларды сабақта және сабақтан тыс уақытта пайдаландық.
Оқушылардың әдеби тілін дамытуда әдеби шығармаларды оқып беріп, тыңдап, оқылған әңгімелерді, ертегілерді саналы ұғынып, тәжірибе жүзінде қолдан білуге үйретуде ойын жаттығуларды қолдандық.
Мектеп оушыларының тілін дамыту құралдарының бірі - халық ауыз әдебеті үлгілеріндегі ертегілер болып табылады. Халықтық шығармалардың ішінде ертегілердің балаларға тигізетін әсері ұшан теңіз.
Халықтық ертегілер- халық өмірін бейнелейтін фантастикалық негізге құрылған оқиғалы көркем шығарма. Ертегігің бай фантастикасы балалардың ойына қозғау салып, өмірдің неше алуан сырларын танытады, сана - сезімі мен ақыл-ой қызметінің дамуына, ерте қалыптасуына көмектеседі. Ертегіні балар сүйсіне тындйды, себебі ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа айтылып, әбден екшеліп, халықтың даналы, тапқырлық ой пікірлері жинақталып, көркем әрі жеңіл тілмен берілетіндігінде. Ертегі оқйғасы басталатын жерден-ақ қызықты, ұшқыр қиялды болып келеді де, баланың ойын бірден қызықтырып, еліктіріп әкетеді. Халық ертегілерінің ішінде балалар арасына кең тарағаны- хайуанаттар жайындағы ертегілер. Ондай ертегі кейіпкерлерінің өмір сүру жолындағы, қарым-қатынастар жасаудағы айла тәсілдері балаларға ой салады. Бұл ертегілер баланың санасын оятып, мақсат-мұрасына жетуге үйретеді. Бұл жөнінде Мұхтар Әуезов: « Ертегілер жас баланың ой –санасын оятып, қиялының шарықтап өсуіне әсер етеді.»,-деп көрсеткен. Хайуанаттар жайындағы ертегілердің бәрін алып қарасақ та, баланың ұғымына сай, түсінуіне жеңіл, күлкілі, қызықты болып айтылады. . Ертегілерде балаларға ой салатын екі сипат бар. Олар: Ертег барі кейіпкерлерінің мінез өзгешеліктерін, сырт көріністерін, күн көрінісін байқайды. Есту, тыңдау арқылы олар енді тікелей білуге, зерттеуге құштарланады. Екіншіден хайуанаттар жайындағы ертегілер арқылы оны мысал ете отырып, адамдар арасындағы қарым-қатынасты, олардың мінез-құлқын салыстыра отырып, байқайды. Ондай ертегілердің қатарына « Түлкі мен қоян», «Түлкі мен бөдене», «Күшік пен мысық» «түлкі мен тауық», т.б жатады. Ертегі кейіпкерлері арқылы балалар қиын қыстау кезінде асып-сасуға, не нәрсені болса да, ақылға салып шешуге үйренеді. Ертегі баланы парасаттылық пен тапқырлыққа баулиды. Ертегі мазмұнында айлалаы ағзаның қолына түсіп, мерт болудан сақтандырудың жолдары көрсетіледі. Мұнда балаларға үлгі, өнеге боларлық терең ойлар айтылады. Ертегі оқйғасындағы әр алуан кейіпкерлердің іс-әрекеттері, ол кейіпкерлердің тапқырлық іскерлік, айлакерлік іс-әрекеттері: аңқаулық мінездер балалардың таң-тамаша қалдырып, сүйсіндіреді. Ертегілердің осындай ерекшеліктері балалардың талғамын күшейтіп, сөйлеу мәдениетін, байланыстырып сөйлеуін дамытып, өз ойын жүйелі жеткізе білуге үйретеді.
Оқушылардың тілін дамытуда ерекше орын алатын ауыз әдебиетінің келесі жанры мақал-мәтел.
Мақал -мәтелдер балаларға терең ой салып, көрке, образды сөйлеуге жаттықтырып, сөздік қорын дамытады.Бала тәрбиесіндегі халқымыз асыл сөзін, даналық ойларын мақал-мәтелдер арқылы үлгі-өнеге ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырған. Бала тәрбиесіндегі мақал-мәтелдерді тақырыптық жүйемне топтап ұсынған. Мысалы: «Оқу білім бұлағы», «Еңбек», «Достық-жолдастық», т.б балаларға арналған мақалдар білім алуға, оқуға шақыра отырып, олардың тілін ширатуды көздейді. Еңбек ету, білім алу, жақсы азамат болып өсу үшін тәрбиенің де жақсы болуы керктігі мақал- мәтелдерде толық қамтылады. Мысалы:» Адам болар баланың кісіменен ісі бар, адам болмас баланың кісіменен несі бар.», т.б Мақал-мәтелдердің адал, достық, жақсы жолдастыққа баулитын, адамгершілікке жат мінезден аулақ болуға да тәрбиелейтін тұстары да баршылық. «Жаман аттан аяғым артық, жаман жолдастан таяғым артық», «еңбек түбі зейнет» т.б. Бала тәрбиесіндегі басты мәселенің бірі- еңбек ете білуді, үлкендер еңбегін бағалауды үйрету десек, мақал-мәтелдерде бұл назардан тыс қалмаған.Мысалы деп, оның арты абырой-атаққа, ойлаған мақсатқа жетуге бастайтынын көрсетеді. Қорыта келе, мақал-мәтелдердің терең мазмұны мен тәрбиелік мәнін аша отырып, біз өз жұмысымызда пайдалануды жөн көрдік. Мақал -мәтелдерді тек жаттап алып қана қоймай, оның мағынасын түсіндіріп, одан баланың өзіне қорытынды жасауға мүмкіндік туғыздық.
Халық ауыз әдебиетінің бір түрі - жұмбақтар. Балалар фальклорында жұмбақтар баланың ақыл-ойын дамытып, тіл байлығын жетілдіреді. Баланы ойлауға, жасырған нәрсенің шешімін табуға жаттықтырады. Жұмбақтың шешуін табуда оның құпиясы баланы қызықтырып, шешімін айтқызуға мәжбүр етеді. Баланың ұшқыр ойын іс-әрекетке баулып, ой санасының қызмет етуіне серпін береді. Академик м ауезов жұмбақтың ерекше орынын көрсете келіп:» Кейде бүкіл бір ертек жұмбақтан тұрады. Әңгімелі әсем жыр, дастан атаулының талайының жұмбаққа соғып кететіні болады. Ертеде ердің даналығын, жүйріктігін жұмбақпен санау машық болған Біздің уақытымызда жұмбақ өз бағасын жойған жоқ. Жұмбақты мектеп оқушылары тілге шешен болу мақсатымен оқйды, жаттайды. Жастар ойын-сауық кештерінде әлі де ермек етеді. Ата-ананың жас балаға беретін тәрбиесінде де, баланың ойын тапқырлыққа баулу үшін де жұмбақтың көп пайдасы бар»,- дейді. Жұмбақтың балаларға пайдалы жағы- өз бойындағы құпияны шештіру, айтқызу арқылы оларға өмірді танытады. Жұмбақты шешуде бала ойланады, көп нәрсені есіне түсіреді, заттарлың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын іздестіреді, байқауға тырысады. Жұбақ балалардың ойлау қабілетін арттырумен қатар олардың білген заттарының бәріне де ой жіберіп салыстырып, қорытынды жасауға және тапқырлыққа баулиды. Қорыта келе, фольклорлық жанрдың бәрі де адамның өміріне және еңбегіне тікелей қатысы бар, өзін қоршаған ортаны, табиғатты, бар дүниенің ішкі мазмұнын жан-дүниесіне әсер етерлік көркем тілмен білдіруге, соны танытуға үйретуді көздейді. Зерттеуші Ш.Ахметов жұмбаққа мынадай анықтама берген: «Жұмбақ дегеніміз- адамның қай затқа болса да поэтикалық көзқарасының қандай екенін сынау үшін, бір затты көркем тілмен жұмбақ етіп суреттеген, халықтық жанрдың бір түрі». Біз зерттеу жұмысымызда жұмбақтың тәрбиелік мәніне тоқтала отырып, балалардың жас еркешеліктеріне қарай тақырып мазмұны сәкес жұмбақтарды таңдап алып, онда балалардың ақыл – ойын , логикасын, тілін даытуға мән бердік. Баланың ақыл-оын дамытуда танымдық қабылеттерін арттыруда, қиялын шарықтатып, тапқырлыққа тәрбиелеуде жұмбақ таптырмайтын құрал болып табылады.
Жұмбақтарды жаттап айтумен қатар, кез-келген айтушы өз ойынан құрастырып та айта береді. Тек жұмбақтың сөздік қисыны, өлеңдік үйлесімі болуға тиіс. Жұмбақ айту мен жұмбақ айтысты ажырата білу керек. Бастауыш сынып оқушылары мен «білгіштер жарысын», «жұмбақ жарысын» немесе «білгіштер сайсын» белгілі бір тақырыпта немесе мерекеге қарсы ұйымдастыруға болады. Халық шығармасының жұмбақ түрін зерттеген ғалымдардың айтуына қарағанда, жұмбақ ертедегі адамдардың, бүкіл ұжымның еңбек, кәсіп ету, тұрмыс-тіршілік құру тәжірибесінен туған қай кезде болса да жұмбақты еңбекші халық оралымды ұшқыр сөз, өткірлік, тапқырлық ретінде қолданған. Жұмбақтың алғашқы үлгілері ертедегі адамддардың тұрмыс-тіршілігіне, еңбек, кәсіп ету жайларына байланысты туып, кейіннен халық өмірімен біте қайнасқан талай ғасырмен бірге жасасқан, өзінің қалыптасу және даму процесінде жаңа мазмұн, жаңа бағыт алып отырған. Осы ойды толықтыра келе, белгілі ғалым М Ғабдуллин «Ойға алған нәрсенің өзін айтпай оның сырт көріністерін, сыртқы белгілерін қысқаша сипаттауды, солар арқылы жұмбақ етілген затты табуды жұмбақ дейміз»,- деп анықтама берген.
Мектеп оқушыларының тілін дамытуда үзбей жүргізілетін және тіл дамытуға мүмкіндік беретін балалар фольклорының бірі-жаңылтпаштар. Ол баланың тіліне, оның әрбір сөздеріне тартымды қылықтарына күле отырып, оларды дұрыс сөйлеуге бағыттайды. Баланы халық жас кезінен бастап дұрыс сөйлеуге үйретеді.
Жаңылтпаш- халықтық шығармалар ішінде баланы дұрыс ста айқын сөйлеуге үйрететін, тілін дамытатын жанр. Ол туралы С. Сефуллин:
«Жастардың, бала-шағаның жиналып ойын-күлкі дүкенін құрған орында айтылатын айтыстың бірі –жаңылтпаш. Бұл да ертек, өлең, жұмбақ айтысу тәрізді жастардың тілге ұстануларына, ойнақы, қырлы сөздерді тақпақша атқылап, билеп еркін сөйлеуге төселу ретінде балаларға жас кезінен сабақ-ойын болатын нәрсе осы-жаңылтпаш.»- деген (25-78)
Жаңылтпаш көбінесе Бастауыш мектеп оқушыларына лайықты шығарма. Олай дейтініміз- жеке дыбыстар мен айтылуы қиын кейбір сөздерді дұрыс сөйлеуге үйрету, ол көбінесе балаға ғана тән нәрсе.
Балалардың көпшілігі мектепке келгенге дейін кейбір сөздерді не жеке дыбыстарды айта алмайды. Кейбір ерке өскен шолжан балалар сақаулана сөйлейді. Міне, осындай балаларды жастайынан дұрыс сөйлеуге үйретуді көздеп, халық жаңылтпашты пайдаланған. Балалардың көбінесе дұрыс айта алмайтын, тілі келмейтін «р» дыбысы. Осыған байланысты «р» дыбысын құрайтын дұрыс айруға бағытталған жаңылтпаштар да көп. Мысалы: Ай, Тайқарбай, малыңды жадыраға жай, тайөарбай
Ай; Тайқарбай дегенің қай Тайқарбай т.б
Осы жаңылтпашты жылдам айтқызғанда бала жаңылып, «р» -дың орнына «и» дыбысын айтуы да кездеседі
Қазақ халқы баланың тілін ұстарту үшін оған сөз үйретіп, дүниетанымын дамыту мақсатында жаңылтпаштар ойлап шығарған. Сәбидің тілі шығып алғашқы сөздерді айта бастағанда кейбір дыбыстарды айта алмай қиналады. Тілін мүкістендірмей, мүдірмей сөйлеу үшін қиналып айтатын дыбыстарды және сол кездесетін сөздерді жиі-жиі айтқызып, жаңылмай айтуға жаттықтырған жөн. Сонда ғана бала өз ойын толық, жүйелі жеткізе алатын болады. Жаңылтпаштарды жатқа, мүдірмей айту арқылы баланың сөздік қоры байып, ой- қиялы дамиды. Халық жаңылтпашты бала тіліндегі мүкістікке байланысты шығарған. Мысалы: «с» мен «ш» дыбысын дұрыс ажыратып айту үшін:
Шеше, неше
Кесе сынды кеше,
Сондай-ақ, осы дыбысты шатыстырмай айтуға үйретуге байланысты
Торта қойдым, орта ойдым
Орта қойдым, жорта қойдым.
Деген сияқты көптеген жаңылтпашрады айтуға болады. Жаңылтпашты айтқызуда алдымен оны жаңылмай тез әрі бірнеше рет қайталау қажеттігін ескерген жөн. Баланың тілін дамытып, ойлау қабілетін арттыру үшін бірнеше әр түрлі дыбысқа байланысы білетін жаңылтпаштарын жатқа айтқызу керек Бұл жастағы балалар неғұрлым жаңылтпашты көп білсе, соғырлым олардың тілі тез ширап, дыбыстарды анық айтатын болады. Дыбыстарды анық, дұрыс айта алса, сөзді дұрыс айтып, оның мағынасын меңгередң. Сонымен қатар сөздерді бұрмалап айтпау үшін ойын айқын да дәл сөйлеуге жаттықтырады. Жаңылтпаштардың әр сөйлеміндегі баланың тілі келіңкіремейтін сол «р», «с» дыбысының әлденеше рет қайталанып келуін қарастырған.
Жаңылтпаш баланы дұрыс сөйлеуге үйретумен қатар, оларды айналасындағы неше алуан көріністермен, өмірмен таныстырады. Балаларды жалықтырмау үшін жаңылтпаштың сөздері қызықты, күлдіргі және ұйқасты болып келеді. Балалардың жаттап айтуына оңай да жеңіл тиеді. Жаңылтпаш баланы дұрыс сөйлеуге үйретумен бірге дұрыс шешім қабылдауға дағдыландырады.
Жоғарыдағы педагогикалық, психологиялық зерттеулерге жасалған талдау бізге балалар әдебиеті арқылы оқушылардың тілін дамытудың ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік туғызады:
-Оқылған шығарма кейіпкерлеріне еліктеу, қиялдау;
-Белгілі жағыдайға орай түрлі сезім эмоцияларының пайда болуы;
-Өзара қарым-қатынас жасау дағдылар;
-Қарапайым еңбек дағдылары;
-Ойын ережелерін сақтау дағдылары;
-тапсырмаларды ынталықпен орындауда сөйлеу белсенділіктерінің артуы.
-Өзінің іс-әрекетін бағдарлау, басқара білу дағдысы;
-Балалардың шығармашылық әрекеттері;
-Көрнекі образды ойлау;
-Мақал-мәтел, жұмбақ айту туралы қорытынды жасау;
-Баланың үлкендермен және құрдастарымен арадағы қарым-қатынастары;
-Балалар іс-әрекетінің мазмұны мен сферасы.
Жоғарғы сыныпта көркем шығарманың тіл дамытудағы рольі мен тәрбиелік мәнін анықтау үшін халық ауыз әдебиеті үлгілері мен жазба балалар әдебиетінің туындыларын пайдаланудың жолдары қарастырылады.
Оқушылардың тілін дамытуда, тәрбие салаларын жүзеге асыруда балалар әдебиетін падалану терең талданды. Балаладың жас ерекшеліктеріне қарай көркем шығарма жанрларының: ертегі, мақал-мәтел, жұмбақтар, жаңылтпаштар тәрбие құралы ретінде пайдаланылады.
Қорыта келе оқушылардың тілін дамытуда көркем шығарманың тәрбиелік мәнін анықтау үшін ауыз әдебиеті үлгілері мен жазбалары балалар әдебиетінің туындыларын пайдаланудың жолдары қаратырылды.
Жоғарғы сынып оқушыларының тілін дамытыуда балалар әдебиетін пайдалануда өз жұмысымызды педагогика және психология ғылымдарының зертеу әдістеріне сүйене жүргіздік. Педагогикалық әдебиеттерде әдіс мақсатқа жетудің тәсілі деп санааймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |