2.2.Фразеологизмдердің синтаксиске байланысты қолданылуы Біз сөйлем мүшелерін өткенде, тұрақты сөз тіркесінен болған сөйлем мүшелерін кейде тап басып дұрыс таба алмай жатамыз. Ол қиындық-фразеологиялық тіркестердің күрделілігінен. Мысалы, Со бетімен біраз қарқындап алғаннан кейін, ұшып бара жатқан үйректердің астына қалай жетіп қалғанына көзің де ілеспейдісияқты сөйлемді көзің-бастауыш, ілеспейді-баяндауыш деп талдап жатады. Сондықтан, сөйлем мүшелерін өткенде фразеологиялық тіркестер кездесетін жаттығуларды мол пайдаланғанның артықтығы жоқ.
Фразеологиялық тіркестердің бастауыш болуы. Сөз саптауың жаман.
Фразеологиялық тіркестердің баяндауыш болуы. –О!..Сабаздың өзі екен!-деді ересек бала, менің кескін-келбетіме көңілі толып кеткендей. Бұрын мұндай құсты көрмеген Мысық онан көзін алмай, әрі таңданып,әрі қорқып қарайды.
Терезелер алдынан да шатыраш тақтасы көзге түспеді. Фразеологиялық тіркестердің пысықтауыш болуы.
-Сүлдеміз сүйретіліп шөбіне әзер жетіп едік, енді мұны аршып алу азабы шөппен бірге сүйегімізді шанаға салар,-деді тоңып, жақ жүні үрпиген біреуі.
Фразеологиялық тіркестердің толықтауыш болуы. Ақшоқыға қан базарды көшіріп келдік! . Фразеологиялық тіркестердің анықтауыш болуы. Қағанағы қарқ, сағанағы сарқ жан сіз емес пе?