3.2 Кейіпкерлерді мінездеуге қолданылуы Фразеологизмдерді суреткерлер туындыларында белгілі бір көркемдік нақыш беру қызметінде жұмсайды.Адам образын жасауда мінездеудің ерекше екені мәлім. Айрықша түрде мінездеме берудің мүмкіншілігі, әсіресе, фразеологиялық тіркестерде мол. Жазушылар адамның алуан түрлі қасиетін бағалай көрсететін есімдер тобындағы фразеологизмдерді кейіпкерлер бейнесін мүсіндеуге жұмсайды. Мысалы: Әрқайсысы өз дегенін етпей қоймайтын теріс азу.Осындағы теріс азу тіркесі арқылы кейіпкерлердің мінез-құлқындағы бір беткей, қайтпайтын қайсарлылық аңғарылады. Ашық, басында жұты жоқ адам.Өткір, ақ жарқын, қу тілді жігіт көрінеді.Бұл сөйлемдегі басында жұты жоқ, ақ жарқын, қу тілді тіркестері кейіпкер бейнесінің бір қыр-сырын ашуға жұмсалған. Жақыптың бір ұрты-май, бір ұрты-қан дегенді жұрт көбірек айтып кетті.Осындағы бір ұрты-май, бір ұрты-қан фразеологизмі арқылы кейіпкердің жағымсыз образын көрсетеді.Алынған мысалдардағы айшықты бояуы күшті фразеологизмдер кейіпкер қасиетін тап басып, дәл бейнелейді.Бұл секілді суреттемелер оқырманға эмоциялық әсер туғызды, көркем шығарма тіліне жанды үн, әрлі түр береді. Кейіпкерлердің көңіл күйін, психологиялық сәтін эмоциясы, бояуы күшті фразеологизмдерді жұмсай отырып нақты етіп жеткізеді.Мысалы, Таласбайдың талағы тарс айрыла жаздап, еріндері дірілдеп кетті. Баймақан терісіне сыймай келеді.Осы келтірілген фразеологизмдердің кейіпкерлердің алуан түрлі психологиялық жай күйін суреттеуде әсері күшті, бояуы қанық шыққан. Кейіпкерлердің қуаныш, шаттық күйін беруде де фразеологизмдердің атқаратын қызметі басым келеді.Мысалы, Тартынбай тамылжытып сөйлегенде,өзінен үлкен-кішілердің аузынан суын ағызып,көңілдеріндегі уын шығара жаздаушы еді. Осындағы қарамен берілген фразеологиялық кейіпкерлердің өмір-тіршілігіндегі сан қилы іс, оқиғаға ризалық жан сезімін айрықша мәнерлеп жеткізумен бірге, олардың мінезіндегі қат-қабат қырларын ашып, не бір нәзік жайттарды айқындай түседі.