2.3.Фразеологизмдерді пунктуацияға байланысты қолдану Тыныс белгілерінің ішінде көп қолданылатыны-үтір.Осыған орай, тыныс белгілерін өткенде, фразеологиялық тіркестер тізбектеліп келген сөйлемдерді де жаттығуға, тапсырмаға беруге болады. Мысалы, бірыңғай мүшелер арасында қойылатын үтір. Барлық Ырғызбай Дәркембайды содан бері көзге түрткі ғып, шетке қағып қырына ала беретін.
Қаратпа сөздерге байланысты қойылатын үтір: Кәрі тарлан, шапқан сайын үдейсің.
Қыстырма сөзге байланысты қойылатын үтір. Сол-ақ мұң екен, бар паңдығым сағымдай сейіліп, көздің жасы алқымға келіп тығылды.
Бастауыштан кейін келетін сызықша. Бұған фразеологиялық тіркестер келген бірер мысал да жеткілікті. Олар-самсаған сары қол.Сөйлемнің баяндауышы фразеологиялық тұтастықтан болған, атау тұлғада зат есім (әскер) мағынасында тұр. Көркем шығармаларда фразеологизмдер, көбінесе, төл сөзде жиі жұмсалады.
-Қазір аттан. Қара су ауыз тиместен тегіс аттан деген.Біздің қостың абыройын айрандай төкті-ау! 3-тарау фразеологизмдердің көркем туындырдағы функциясы мен қолданылу тәсілдері