Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы «Рублевка орта мектебі» кмм бағыты


Кейіпкердің психологиялық сезім күйін суреттеуде жұмсалуы



бет12/17
Дата08.02.2022
өлшемі88,72 Kb.
#122429
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Рублевка ОМ. Ғылыми жоба. Бекболат М.

3.3 Кейіпкердің психологиялық сезім күйін суреттеуде жұмсалуы
Көркем туындыдағы сезім қылын шертерліктей әсер туғызатын айшықты сөздердің қай-қайсысы да көркем шығарманың жалпы экспрессивтік үндестігін күшейтеді, эмоциялық бояуын әрлендіреді, күшті сезім әскерін туғызады.Ұғымды дәлме-дәл, жан-жақты бейнелеп жеткізуде фразеологизмдердің тап басып, дәл түсетін ұтымдылығы басым. Фразеологизмдердің осындай мүмкіншіліктерін жазушылар өз шығармасында кейіпкерлердің психологиялық күйініш-сүйініштерін, ой әсерлерін, рухан жан дүниесін нақты да нәзік бейнелеуге таңдап, талғап жұмсайды. Мысалы, Абайдың тал бойы ұйып қалғандай,осы халін елден бұрын сезген Әйгерім қасында отырып, қолын күйеуінің тізесіне сүйеген боп, шынтағымен Абайды сәл түрте қозғап қалып, ақырын ғана күліп оятты. Демек, кейіпкердің сезім күйін суреттеуде фразеологизмнің алатын орны ерекше.
Қорытынды:
Фразеологиялық тіркестер алуан түрлі болса да, бұлардың барлығына ортақ қасиет-тұжырымдылық. Аз сөзге көп мағына беріп, қорытынды ретінде қолданылады.Халық қазынасы болған фразеологизмдердің талай заманды басынан кешіріп, өңделе, ажарлана отырып, әбден шыңдалған сом алтындай сарасы ғана халық санасында сақталады.Олардың ескісін ескіртпей, жаңасын құлпыртатын қасиеті-түр-тұлғасының көркемділігі мен мағынаның тереңдігінде.Фразеологизмдер көркем шығарма тілін жандандырумен бірге, шығарма тіліне ұлттық колорит те береді.Фразеологизмдерді өз орнында жұмсай білу қалам қайраткерлерінің сөз қиюластыру шеберлігімен, халық тілі қазынасын қаншалықты игергендігімен ұштасып жатады.Өзінің пәрменді күшімен, «өткірдің жүзі, кестенің бізі сала алмайтын» бейнелі нақышты фразеологизмдер өзіндік салмағымен сараланады.
Ғасырдан ғасырға ұласып, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып, көне заманнан келе жатса да байырғы бедерін жоғалтпай, сонылығын сақтаған алуан айшықты, терең мазмұнды тұрақты тіркестер ана тіліміздің асыл қазынасы іспетті. Бейнелі сөз орамдары дөп тигізіп айтар дәлдігімен, ерекше көркемдігімен кімді де болса әрдайым баурап алады. Сөз шеберлерінің тіл кестесінен бейнелі сөз тіркестерінің алуан үлгілерін кездестіреміз де, «әрі қысқа, әрі нұсқа» ондай өрнектерді ара-тұра қолданып отырамыз. Бейнелі сөз орамдарының түп-төркініне үңіліп, неге бұлай айтылғандығына зер салу құр ғана қызықтау емес. Мұндай ізденіс тұрақты тіркес мазмұнын терең түсініп, оларды орынды, дәл, дұрыс қолдануға негіз болады, сондай-ақ септігін тигізеді. Тіліміздегі фразеологизмдердің мағыналық астарында халықтың ерте уақыттан бергі өмірінің бүкіл қыр-сыры жан-жақты сақталып суреттеледі. Халықтың күн-көріс, тұрмыс-тіршілігі негізінде өрбіген түсінік пайымдаулары, соған байланысты қалыптасқан салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар тілдік қолданыстағы тұрақты тіркестерден көрініс табады. Сондықтан, фразеологизмдер халқымыздың ұлттық менталдық ерекшелігін бойына сіңірген басты мәдени байлығымыздың бірі болып табылады. Әр ұлт тіліндегі фразеологизмдердің тұтас жиынтығы сол ұлт тіліне тән өзіндік сөз орамдары арқылы оның бүкіл заттық, рухани мәдени өмірінен хабардар етеді.
Тілімізде фразеологизмдердің түрі өте көп.Осы жұмысты зерттеу барысында алдыма бірден бір мақсат етіп қойған мәселем-көркем сөз айшығы қолданысқа енсе екен, ауызекі сөйлеуде осындай тұрақты сөз тіркестерін қолдана отырып, өз ойымызды жеткізе білсек екен деген жүрегімнің түбінде жатқан бір ойдың мазалауынан да шығар...




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет