3-Тарау Фразеологизмдердің көркем туындылардағы функциясы мен қолданылу тәсілдері 3.1. Фразеологизмдердің көркем туындылардағы қызметі 11
3.2 Кейіпкерлерді мінездеуде қолданылуы 11
3.3 Кейіпкердің психологиялық сезім күйін суреттеуде жұмсалуы 12
Қорытынды 13
Пайдалынылған әдебиеттер тізімі және ғаламтордан алынған материал көзі14
Қосымша А 15
Қосымша Ә 16
Қосымша Б 17
Кіріспе Тіліміздегі фразеологиялық (тұрақты) тіркестер- лексиканың айшықты бір саласы. Бұлар өзінің экспрессивті-эмоциялық әсерлілігімен көзге түседі.Фразеологиялық тіркестер мәнерлілік қасиетіне орай көркем шығармада молынан қолданылады. Сондықтан оларды көркем шығармаларды өткенде, идеялық мазмұнымен байланыстыра отырып, көркем образ жасаудағы қызметін аша көрсетіп үйрету қажет. Көркем туындыдағы фразеологиялық тіркесті басқа да көркемдеу тәсілімен салыстыра талдатып оқыту оқушылардың тіл байлығын арттыруға, ойын өрістетуге, көркемдік талғамын ұштауға жәрдемін тигізеді. Тілімізде тұрақты сөз тіркестері молшылық. Тұрақты сөз тіркестерін жете меңгеріп, тәжірибеде қолдана білудің маңызы зор. Біздер, жастар, мұны терең түсініп, жақсы меңгерсек, сөз байлығымыз молайып, сөйлеу шеберлігіміз жетіле түседі. Академик І.Кеңесбаевтың айтуынша, фразеологиялық тіркестердің сөйлеу процесіндегі басты қызметінің бірі-жеке сөздер я сөз орамдары бере алмайтын көркемдік, образдық, экспрессивтік мағына арқылы ойды тыңдаушыға жеткізу болса керек. Сондықтан да мұны жақсылап ұғындыру қажет. Сөйткен күнде, олар аз сөзбен мағына беріп, ойды өткірлеп, образды етіп айтуға, ауыз әдебиеті мен көркем әдебиетті жақсы түсінуге төселеді.
Өзімізге белгілі, тұрақты тіркестердің құрамындағы сөздер бір-бірімен қабысып, жымдасып жатады.Олардың орнын кез келген сөзбен алмастыруға келмейді.Олар бір-бірінен ажыраспай, тұтас бір бүтін тіркес қалпында қолданылады және оның құрамындағы сөздер тек белгілі бір сөздермен ғана жанаса алады. Оларға тән қасиет-тұрақтылық, тұтастық және мағына бірлігі.
Фразеология термині белгілі бір тілдегі фразеологизмдердің тұтас жиынтығы деген мағынамен қатар, тіл білімінің фразеологизмдерді зерттейтін саласы деген ұғымда да қолданылады. І. Кеңесбаевтың авторлығымен шыққан «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» қазақ фразеологиясына ғана емес, қазақ тіл біліміне де қосылған елеулі үлес.
І. Кеңесбаев аталған сөздіктегі қазақ тілінің фразеологизмдері туралы жазған мақаласында фразеология туралы: «Тіл-тілдің өзіне тән ұлттық қасиеті оның барлық тарауларынан (ярустарынан) байқалатыны мәлім. Сол қасиет, әрине, тиянақты сөз тіркестерінен де анық көрінеді. Тіл байлығын сөз еткенде сөз байлығы (лексикалық қор) деген топқа осы сөздікте қамтылған алуан түрлі фразеологизмдерді жай, жалпылай жатқыза салуға болмайды. Басқаша айтқанда, сөз байлығын тексеретін тіл білімі саласын л е к с и к о л о г и я деп атайтын болсақ, фразеологизм байлығын тексеретін тіл білімі саласын ф р а з е о л о г и я деп атау әбден орынды», – деп жазады. Қазіргі қазақ фразеологиясы – зерттелген қырына қарағанда зерттелмеген тұсы әлі де көп тіл білімінің бір саласы. Автор аталған еңбегінде қазақ тіліндегі фразеологизмдердің теориялық мәселелерін де жан-жақты қарастырып, болашақ ғылыми-зерттеу жұмыстарына бағдар боларлық ғылыми пікірлер айтқан. Қазақ тілінің фразеологиясын зерттеуші ғалымдардың қай-қайсысы болмасын өз зерттеу жұмыстарында бұл еңбекті басшылыққа алады. Қазіргі қазақ тіл білімінің бір саласы ретінде танылып отырған фразеология – құрылымы мен құрамы тұрақты, даяр қалпында қолданылатын бейнелі тұрақты тіркестердің қазіргі жай-күйін және тарихи қалыптасуын зерттейді. Фразеология жеке лингвистикалық пән ретінде XX ғасырдың 40 жылдары қалыптасты. Фразеологияның теориялық негізін қалаушылар ретінде француз ғалымы Ш. Баллиді, Ресей академигі В. В. Виноградовты атауға болады. Ә. Болғанбайұлы мен Ғ. Қалиев «Қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы» атты еңбекте: «Фразеологизмдердің өз алдына дербес лингвистика саласы екендігін танытатын негізінен үш белгісі бар.
Олар: 1) даяр қалпында жұмсалу белгісі, 2) мағына тұтастығы, 3) тіркес тиянақтылығы», – деп жазады. Фразеологизмдерге тән бұл белгілер әркез бір-бірінен айқын ажыратыла бермейді. Сондықтан фразеологизмдерді топтастыру тіл біліміндегі күрделі мәселелердің бірі болып табылады.
Қазіргі тілдік қорда қолданылып жүрген фразеологизмдердің біразы адам эмоциясына қатысты. Адам эмоциясына қатысты фразеологиздердің бір тобы жеке тұрып адамның түрлі көңіл-күйін білдіретін болса, енді бір тобы контекс ыңғайына қарай эмоциялық реңкке ие болады. Біреудің қорыққандығын айтқымыз келсе жүрегі ұшты, зәресі ұшты, үрейі ұшты, иманы қашты, көзі шарасынан шықты, көзі алақандай болы, жүрегі тас төбесіне шықты, зәресі зәр түбіне кетті, жаны мұрнының ұшына келді, деген фразеологизмдерді, ал біреудің қатты таң қалғандығын аузын ашып, көзін жұмды, рахаттанғанын айызы қанды, қуанғанын екі езуі екі құлағына жетті, жерден жеті қоян тапқандай болды, құмартқанын аузының суы құрыды, аузынан суы ақты, аузынан сілекейі шұбырды, ұялғанын кірерге тесік таппады, бет моншағы үзілді, бетінен оты шықты, құлағының ұшына дейін қызарды, жүзі шыдамады, жер шұқыды, үрейленгенін төбе шашы тік тұрды, өкінгенін санын соғып қалды фразеологизмдері арқылы білдіреміз. Бұлардың барлығы ана тілінің шексіз байлығын, фразеологизмдердің эмоциялық реңк жасаудағы орамдылығын көрсетеді. Фразеологизмдер сөйлем ішінде қолданылғанда стильдік ерекшелікті, эмоциялық реңкті айқын көрсетуге қызмет етеді. Мысалы, қуанды деген сөз бен екі езуі екі құлағына жетті фразеологизмінің, қорықты деген сөз бен жүрегі тас төбесіне шықты фразеологизмінің, арасында мағыналық сәйкестік болғанымен, бұл сәйкестік толық балама бола алмайды, себебі қуанды, қорықты сөздерінде фразеологизмдердегідей экспрессивті реңк жоқ.
Фразеологиядеген термин негізінен екі түрлі мағынада қолданылады. Бірінші мағынасы тілдегі тиянақты тіркестерді тексеретін тіл білімнің саласы дегенді, екіншісі-бір тілдегі фразеологизм байлығының тұтас жиынтығы дегенді білдіреді. Алайда фразеологизмдер жеріне жеткізе зерттеліп біткен ғылым деп айтуға болмайды. Мұның шешілмеген даулы мәселелері өте көп. Сондықтан да соңғы 15-20 жылға дейін мұны жеке пән ретінде арнайы зерттеушілер тым аз болды. Қөбінесе лексикалық қор ретінде сөз байлығы деген топқа жатқызып, лексиканың көлемінде тексерумен шектеліп келгендігі мәлім. Соңғы 20-25 жыл көлемінде түркі тілдерінде фразеология проблемалары жан-жақты зерттеліп, қыруар еңбектер жарық көрді. Әсіресе, академик I. Қеңесбаевтың “Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» атты көлемді еңбегі тек қазақ тілінде ғана емес, бүкіл түркологияға қосылган елеулі үлес деп карауға болады. Автор аталған сөздіктің “Қазақ тілінің фразеологизмдері туралы” атты бөлімінде қазақ тіліндегі фразеологизмдердің теориялык мәселелерін жан-жақты қарастырьш, біраз ілгері дамыткан. Мен осы ғылыми жобалау жұмысымды сол еңбекке сүйене отырып, соны теориялық арқау етіп жаздым.