Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы «Рублевка орта мектебі» кмм бағыты



бет5/17
Дата08.02.2022
өлшемі88,72 Kb.
#122429
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Рублевка ОМ. Ғылыми жоба. Бекболат М.

Зерттеу әдістері:
Әдебиеттерді зерттеу және талдау;
ақпарат жинау;
сауалнама, диаграмма жүргізу;
бақылау, зерттеу
Зерттеу кезеңдері:
I кезең. Зерттеу тақырыбына байланысты әдебиеттерді жинау, оқу, танысу, талдау, бағдарлау.
II кезең. Мектеп оқулығындағы көркем шығармаларда кездескен фразеологизмдердің мағынасын ашу, фразеологизмдерді жинақтау.
III кезең. Тақырыпқа талдау жасау, ой қорыту.
Негізгі бөлім
1.1.Фразеологиялық тіркестердің семантикалық топтары
Фразеологиялық тіркестердің семантикалық ұласуын төрт топқа бөліп қарастырамыз. Бірінші топ-фразеологиялық тұтастықтар. Бұл топтағы фразеологизмдердің құрамына енген сөздер өзінің о бастағы дара мағынасынан айрылып қалады да, өзара тұтасып бір бүтін ретінде жұмсалады. Ұзын құлақ, жел өкпе, жүрек жұтқан т.т. Келтірілген фразеологиялық тұтастықтардың беретін мағынасы өздерін құрастырушы компоненттердің лексикалық мағынасынан туып тұрған жоқ, мүлде басқа ұғымды береді. Демек, ұзын құлақ дегеннің мағынасы-хабар, жел өкпе-жеңілтек, жүрек жұтқан-батыр, батыл сияқты ұғымды береді. Сонда бір бүтін болып тұтасқан фразеологизмнің мағынасы оны құрастырушы компоненттердің мағынасынан мүлдем алшақ жатыр. Тілдегі фактілер, сондай-ақ, қазақ тіліндегі фразеологиялық тұтастықтар (идиомдар) талай заманның жемісі екенін дәледейді. Бір кезде олар дара мағыналы сөздер болған. Бара-бара тарихи факторлармен байланысты қолданудан шығып, кейін келтірінді ұғымға ие болған. Фразеологиялық тұтастықтар-көне категорияға жатады.
Екінші топ-фразеологиялық бірліктер. Фразеологиялық бірліктің бір бүтін мағынасы өзін құрастырушы сыңарлардың мағыналарымен байланысып барып туады. Бірақ тіркестің бүтіндей мағынасы ауыспалы, образды түрде келеді. Мысалы, үріп ауызға сағандай, төрт құбыласы түгел, тал шыбықтай бұралған, сегіз қырлы, бір сырлы. Осы фразеологиялық бірліктердің бәрі де образды мағынада жұмсалып тұр.
Үшінші топ-фразеологиялық тізбектер. Фразеологиялық тізбектердің құрамына енген бір сыңары еркін тіркеспен де, тұрақты тіркеспен де тізіледі. Мысалы, жапан дала, қызыл жоса қылу, қолаң шаш дегенді алсақ, бұндағы фразеологиялық тізбектердегі дала, қызыл, шаш сөздері тек қана өздерімен үйірлесіп келетін жапан, жоса, қолаң сөздерімен емес, сонымен қатар әртүрлі мағынадағы басқа сөздермен де үйлесіп келе береді. Мысалы, кең дала, байтақ дала, жазық дала, ұзын шаш, қара шаш, қалың шаш.
Төртінші топ-фразеологиялық түйдектер. Бұл топқа мақал, мәтел, афоризм, қанатты сөздер енгізіледі. Жоғарыда аталғандардан айырмасы-аяқталған ойды білдіретін жай не құрмалас сөйлем болып келуі, құрамындағы сөздердің өзінің дербес мағынасын сақтауы. «Сөз жүйесін тапса, мал иесін табады», «Жол анасы-із», «Адамға адамды жанастыратын-тіл». Қоғам қайраткерлерінің, қазақ ақын-жазушыларының мақал-мәтелдерге үндес жасалған әрі көркем, әрі терең мағыналы сөз өрнегі нақыл сөздерге айналып, халық арасына кең тарайтындары жиі кездеседі. Мысалы, «Өнер-таусылмас азық, жұтамас байлық», «Ар жазасы-бар жазадан ауыр жаза», «Күйі бірдің-күні бір», «Көз сәулесінен көңіл сәулесі күштірек». Бұндай терең мағыналы, нысанаға дәл тиерліктей, көркем нақыл сөздердің сан алуан түрлерін кездестіруге болады.
Г.Смағұлова: «Тұрақты тіркестер қазақ лексикасының ең өнімді бай қабатын құрайды. Осындай ұлан-ғайыр тілдік қордың ішінде кездесетін фразеологиялық факторлар табиғи тіл дамуының ажырамас көрсеткіші болуы керек. Жалпы фразеологизмдердің пайда болуы, жасалуы туралы сөз қозғалғанда осындай образдылықтың адамның жан-дүниесіне әсері, одан шығатын эмоциялық қорытынды үнемі тұрақты сөз тіркестерінің ерекшеліктерін айқындайтын талаптар екенін ескерсек, онда синоним фразеологизмдердің қатарларының өсуі мен кемуінің себептерін те іздеген жөн», – деп жазады. Автор фразеологизмдердің тақырыптық семантикалық түрлерінің ерекшеліктерін айта келіп, осылардың ішінде мағыналас фразеологизмдерді қалыптастыратын көбінесе көңіл-күй, яғни эмоциясы жоғары фразеологизмдер екендігіне тоқталады. Еңбекте ашулану, ұрсу, ұру, төбелесу, жек көру, қызғану, күлу, жылау сияқты тақырыптық семантикалық түрлерінің алты жүзден асатынын дәлелдейтін тілдік фактілердің бар екендігі айтылады. Тіліміздегі адамның көңіл-күйіне қатысты фразеологизмдердің бай қабатының болуы «ұлт тілінің ерекшелігі емес, ұлт болмысының ерекшелігі. Қазақ ұлты тым әсерленгіш, сыншыл. Түрлі теңеулер мен салыстыруға келгенде қиыспайтын жерде қиысатын логика, ауыспайтын жерде ауыс қолданылатын метафоралық тіркестерден осындай ой түюге болады. Синоним фразеологизмдер арқылы ойымызды дәл, анық жеткізу үшін кей жағдайда мағыналас фразеологизмдердің көмегімен ситуация одан бетер айқындала түседі, айтайын дегенін сипаттау барысындағы дәлдік, бейнелегіштік, эмоциялық әсер әрине, синоним фразеологизмдердің үлесіне тиеді».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет