2.1. Фразеологизмдердің грамматикаға байланысты қолданылуы Сөз таптарына қатысты фразеологиялық тіркестер екі топқа бөлінеді. Олар-есім және етістік тобына жататындар. Есім тобына жататын фразеологиялық тіркестер: Артымызда самсаған сары қол бардай көрінеді. Тал бойыңды ұйытқандай сорлы шерменде екен. Осындағы қарамен берілгендер-тұтаса тізбектеліп келіп бір ұғымды беріп тұр. Олардың синонимдері-әскер, дене деген сөздер. Шоқан мен Жайнақ тонның ішкі бауындай құрдастар болатын. Қабыш сияқты жатып атар адамдар да қыңыр сөзге келгенде жайнап кетеді. Бұндағы қарамен берілгендер-сындық мағынадағы тұрақты тіркестер.Олар тату, қыңыр, мысқылшыл ұғымын береді.Сол секілді, Он бес қара бордақылауға, оны қара өзек шақта сойып сатуға бекіді. Бұл сөйлемде қарамен берілген үстеулік мағыналы тұрақты тіркес. Сондай-ақ, қара өзек шақ үстеулік мағыналы, қара өзегін қақ жарып шыққан шындық дегенде заттық мағыналы тұрақты тіркес екенін, «Қараөзектен түс ауа шықтық» деген сөйлемде жер аты болғандықтан, бірге жазылатынын біз айтып кетсек, фразеологиялық тіркес, біріккен сөз, күрделі сөз арасындағы айырмашылықты ажырата білуге дағдыланамыз деп ойлаймын.
Етістік категориясындағы тұрақты тіркестерге іс-қимыл, әрекет, жай-күйді білдіретін есім мен етістіктен құралған тіркестер жатады. Мысалы: сілесін қатыру, құлақтың етін жеу, кірерге жер таппау, зәресін ұшыру.Нақты іс-қимылды білдіретін фразеологизмдер көп кездеседі. Бала бақылаусыз, бала үйдегісін мектепте де істейді дегенде, Жантас кірерге жер таппаған (ұялды). Жомарт жақ ашпады (үндемеді). Ермектің өзі бет бақтырмайды (дарытпайды). Нақты іс-қимылды,әрекетті білдіретін, құрамына енген жеке компоненттер негізгі мағынасын жоғалтпаған фразеологиялық бірліктер.Сол жатқаннан түн ортасына дейін тұяқ серіппеді (оянбады). Құрамына енген жеке компоненттері өзінің дербес мағынасы мен лексикалық формасынан айрылған, нақты іс-қимылды, әрекетті білдіретін лексикалық бірлік орнына жүретін фразеологиялық тұтастықтар.Түлен түртсе, салып көр пәлеңді (пәлеге ұшырау). Құрамына енген жеке компоненттері бастапқы мағынасынан алшақ кетпеген фразеологизмдер. Бұлар да іс-әрекетті, жай-күйді білдіреді. Салқын судың ағынына бірер сүңгіп алып ем, көзім шырадай ашылып, әр нәрсе өзінің орнына түсті. Осы күн кеште Базаралы Бөжей ауылына кеп, қарғыс атап, азан салып еді.