Қазақ қалай мәңгүрттенді?
халықтық танымның негізінде жасалмағы керек еді.
Оған евроцентристік таным үстемдік етіп, бізде
бүгінгі күні өмір сүріп отырған педагогика ғылымы
соның жырын жырлаумен келеді. Мәселе, осы бөгде
танымды түбірім ен өзгертіп, үлттық, халықтық,
ш ы ғы сты қ танымдағы болмы сымызға үйлесетін
педагогика ғылымының жаңа ұлттық моделін жасап
қалыптастыруға бағыт алу талабы есік қағып тұр
емес пе? Қазірдің өзінде қалыптасып, толысты деген
қазақ әдеби тілі саласы ғылымының езіндік ұлттық
моделін жасап, сол негізде дамудың жаңа жолына
түсу талабы енді қойыла бастады.
Бүкіл ТМД-ны жайлаған түрік халқының ой-са-
насында орныққан бір
жалған таным
бар. Ол біздің
ой-санам ы зға сіңісіп, стреотиптік ұғым ретінде
қалыптасып кеткен қасаң ұғым. Ол осы халықтардың
Ресей империясына қосылуы прогрессивті құбылыс
ретінде бағалантын жалған танымда жатыр. Бұл
ойдың басында марксизмнің классиктері тұр. Бұл
таным ның арғы төркіні евроцентристік кертарт-
па дүниетаным әлемімен ұштасады. Евроцентри-
стер ғылымның бар жетістігін адамзат баласына
қарсы жұмсалатын қару-жарақ жасауға жұмсап,
бүкіл әлемге сол қару-жарақ арқылы қанды қырғын
орнатып, отаршылдықтың жетілген түріндегі қанау
жүйесін қалыптастырды. Ол халықтарды мәңгілік
құлдықта ұстап тұру үшін олардың дүниетаным,
ой-санасын да табындырудың кілті евроцентристік
танымда жатқанын олар терең сезінді. Бұл салада
айтарлықтай жетістікке де қол жеткізді. Өздерінен
басқа халықтардың бәрін де екінші сортты, төмен
нәсілді халықтарға жатқызды. Бұл төмен нәсілді
Мекемтас Мырзахметүлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
халықтардың санасын оятпау үшін олардың өткен
тарихын бүркемелеп, рухани қүндылықтарын жойып,
тарихи жадынан адастыруды қызу түрде қолға
алғанына де көптеген жылдар өтті.
Тарихшы ғалым Өжетбек Өмірзақов «Ресейге
қосылғаннан не ұттық?» (Алматы, 1999 ж.) деген
ғылыми м онограф иясында қазақ елінің ұлттық
ерекшелігіне сай қалыптасқан әдет-ғұрып, салт-
сана, ел билеу жүйесіндегі құқы қты қ заңдары
Ресейдің отаршылдық саясатының илеуіне түсіп:
«...Бұры ннан келе жатқан дәстүрлі институттар-
ды бастапқы мәнінен айырды... қазақ әдет-ғұрып
заң нормаларының ғасырлар бойы қалыптасқан
тұстарына іріткі салды ... Құнталабы мерзімі шектеліп,
түрме, жер аудару пайда болды. Қоғамдағы ең
маңызды құқық - отбасылық құқықтарға өзгерістер
көптеп енгізілді» (179-бет), - деп, қазақ елін тари-
хи жадынан айырудың жолдары қалайша жүзеге
асқанын ғылыми тұрғыдан нақтылы дәлелдермен
ашып беріп отыр.
Маркстің Ресейдің күншығысындағы отарланған
елдерге әсерін оң бағалайтын пікірінің евроцентрис-
тік таным шеңберінен шыға алмауы әрі В. И. Ле-
ниннің Түркістандықтарды «жабайы, жартылай тағы»
халықтарға жатқызуы осының нақтылы айғағы бола-
тын. Түркістан өлкесінің, оның ішінде қазақ елінің
Ресейге «өз еркімен қосылуы» прогрессивті құбылыс
болды деп 1981 жылы оның 250 жылдығы тойлануы
осы танымның шеңберінде өтіп жатты.
Осы евроцентристік танымға түркі халықтарының
арасында ең алғаш қарсы пікір айтқан проф.
Қ. Жұбанов тезисі оның 1937 жылы халық жауы
252
Достарыңызбен бөлісу: |