Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған



Pdf көрінісі
бет181/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

Әдебиет және топонимика
Қоңырат деген елінде,
Жиделі Байсын жерінде... -
деген өлең жолдарындағы географиялық жер ата- 
улары мен этнонимдер қазақ эпосында жырланып 
отырған оқиғаның болып өткен жерлеріне меңзейді. 
Ал «Қозы Көрпеш - Баян сулу» жырындағы Айбас 
батырдың жол сапарына орай қойылатын елді ме- 
кен, жер атаулары - Қарқаралы, Шідерті т.б. толып 
жатқан топоним икалық атаулардың бәрі де дәл 
бүгінге шейін солай аталып келе жатуы танымы 
сергек шәкіртке ой салдырмай кетпейтін қастерлі 
ұғымдар. Әдебиет сабағы үстінде ізденімпаз ұстаз 
жырдағы аталмыш елді мекен, жер атауларының 
тарихын, оның жырға ену себебін аша отырып, оқу- 
шы бойындағы туған елге, кіндік қаны тамған жерге 
деген ыстық махаббат сезімін оятуға, мақтаныш 
сезіміне бөлеуге сұранып тұрған тарихи деректер 
көзін пайдаланбай тұра алмайды.
Қазақ әдебиетінің рухани нәр алар көне қатпа- 
рында жатқан Орхон жазба ескерткіш тері мен 
М. Қашқари, Ж. Баласағұн шығармаларында тұ- 
тасып жатқан тарихи топонимикалық атаулардың 
қалың қабаттарының қатпарларын ақтарып, онда 
сөз болатын этнонимдер мен антропонимдердің 
о бастағы сырларын аша отырып, туған жер 
топырағындағы тарихи мәні бар топонимикалық 
атаулар тарихын түсіндіру - әрбір оқушы кеудесіне 
заңды мақтаныш сезімін егумен бірдей емес пе? 
Мысалы, М. Қашқари сөздігінде ұшырасатын Еділ, 
Ертіс өзен аттарында терең тарихи ұғым жатыр. 
Өйткені қазіргі күнде Волга деп жүрген атаудың ар 
жағында Еділ атауы жатыр. Еділ өзені ғұндардың


Мекемтас Мырзахметулы «Қазақ қалай орыстандырылды?
333
көсемі дулу (дулат) руынан шыққан Атилланың сол 
өзен бойында қайтыс болғанда қойылған атауы 
болатын-ды. Соңынан Атилл - Итил - Еділ атанып 
кетті. Ап Ертіс өзені туралы М. Қашқари:
Ертіс суын кешкенде,
Халық одан шошып тұр (1-том, 170-6.) , -
деген өлең жолында келтіреді. Мерзімі жағынан бұл 
XI ғасырдың ар жағында жатыр. Ал патша отаршыл- 
дары бұл өзен маңына XVII ғасыр басында келгіштей 
бастады. Асанқайғы бабамыздың Ж әнібек ханға 
қарап:
Ертісті өрлеп орыс жүр,
Тіл алсаң іздеп қоныс көр, -
деген ескертуінде отаршылдық саясаттың теркінін 
тану жатыр. Васильева, Петрушенко сияқты КСРО 
халық депутаттарының Ертістің арғы жағын бөліп 
әкетіп, Ресейге қосамыз деген шовинистік ниеттегі 
пікірінің ешқандай тарихи негізі жоқтығын осы 
топонимикалық атаудың өзі-ақ әшкерелеп тұр.
Біздің жыл санауымызға дейінгі дәуірде болып 
өткен түрік тілді халықтардың басынан кешкен 
оқиғаны суреттейтін «Оғыз қаған» эпосында тілге 
алынатын топонимикалық, этнонимдік атаулар көне 
замандағы 
ата-бабаларымы здың географ иялы қ 
танымының кеңдігі мен биіктігін аңғартады. Қазіргі 
қыпшақ, қаңлы, қалуқ руларының халықтық мағы- 
надағы этимологиясынан да хабардар етеді. Неме- 
се қазақ хандығы отау тігіп өмірге келген тұстан 
Қазан төңкерісіне дейінгі дәуірдегі әдебиетіміздегі 
ономастикалық саладағы атаулар мол қамтылып, 
тіпті топонимикада отаршылдық дәуірдегі саяси- 
әлеуметтік оқиғаларға байланысты ез көрінісін


334


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет