Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?
339
ретінде мемлекеттік тілге айналды. Жергілікті елді
мекен, жер атаулары да сапырылысқа түсіп, араб
тіліндегі атаулармен алмастырылып жатты. Алды-
мен араб басқыншыларының
топонимикалық атау-
ларды өзгерістерге түсіру саясатын жүргізуінде көп
нәрсенің саяси астарлы сырлары жатса керек.
Дәл осыған үқсас саясатты Еуропаның отар-
шыл
елдері
де
өздері
отарлаған
жерлерде
қолданғанын білеміз. Олар отар елдерді христи-
ан дініне шоқындырып, халықты рухани қүлдықта
үстау саясатына айрықша мән берді. Осы себеп-
тен де бөгде елдерді христиан дініне шоқындырып,
олардың ана тілін қуғындап,
өткендегі халықтың
тарихи жадын сөндіруді мақсат еткендіктен, көптеген
миссионерлік үйымдар қүрып, оған қажетті идео-
логтарды даярлаған да болатын-ды. Ресей импе-
риясы да Түркістан өлкесін жаулап алмай жатып,
сол өлкеге баратын миссионер мамандарды алдын
ала даярлау үшін Қазан қаласында «Рухани акаде-
мия» ашуы осы мақсаттың айғағы десе болғандай.
Бұл әрекет дәл бүгінгі күнге
дейін созылып,
миссионерлік ұйымдардың сақталып келе жатуы -
рухани отаршылдықтан қол үзбеген саясаттың
көрінісін білдіреді. Қазіргі Қазақстан қалаларына
шет елдік миссионерлердің қаптай келіп, халқымыз-
ды рухани жағынан аздыруға әрекет жасап жатуы-
мен - аса нәзік
саяси астары бар сұрықсыз
құбылыспен күреспей отыра алмасақ керек.
Осыған ұқсас отаршылдық саясат Ресей импе-
риясы тарапынан да жүргізіліп келді. Бірақ Ресей
империясы
Қазақстанды
отарлау
саясаты нда
идеологиялық-саяси мақсатты сол тұстың саяси-