Мекемтас Мырзахметүлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
ой пікірлерін қағаз бетіне түсіріп сөздік жасауы аса
қажет. Бұл оқушының танымын, ұғымын, әсіресе,
халықтық тарихи жадының жалғас тауып қалыптасу
ұғымын молықтырып отырады.
Таяу жылдарда қазақ мектептеріне арналған
«Топонимика мектепте» деген атпен қосымша оқулық
жазғанда, әсіресе,
көркем әдебиетте ұшырасатын
ономастикалы қ атауларды молынан қамту, онда
орын алған себепті өзгерістер мен тарихи деректер
сырын ашып беру жағы көбірек қамтылмағы керек.
Университеттер мен облыстық педагогикалық
институттарда топонимика бойынша арнайы курс
пен семинар сабақтарын енгізудің орны бөлекше,
ейткені мұны уақыт, әсіресе,
халқымыздың ұлттық
санасы ны ң
оянуы
қажетсінуде.
Ал,
кафедра
Қазақстан топонимикасы женінде арнайы курс, семи-
нар сабақтарын жүргізу үстінде студенттерді ғылыми-
зерттеу жұмысына баулу, олардың әрқайсысын
езі туған аулы мен ауданының географиялық жер
атауларының тарихымен, яғни о бастағы байырғы
елді мекен, жер атауларының әр түрлі
кезеңдерде
орын алған саяси-әлеуметтік жағдайларға байла-
нысты басқа атаулармен ауыстырудың нақтылы
себептерін танып біле алатындай, оларды өзінше
талдап пікір жүргізе алатын дәрежеге көтермек
керек. Дәріс үстінде немесе ғылыми конференция-
ларда тыңдаушыларға
нақтылы әрі терең таным-
ды мағлұматтар беру үшін ауыл, аудан, өлке кө
леміндегі елді мекен, жер атауларының әр кезеңцегі
өзгерістерін картаға түсіріп керсеткенде, ол ерек-
шеліктерді жетімді әрі түсінікті болуы үшін, әр түсті
бояулармен белгілеп беру жағына көңіл бөлген жөн.