Сондықтан біз алдымызға мақсат қойдық: тарихи тұрғыда «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын қалыптастыру процесін зерттеу



бет7/7
Дата05.05.2020
өлшемі51,38 Kb.
#65814
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Мангилик елгылыми жоба 222222222222222 (1) (1)

Ғылыми жұмысының максаты. «Мәңгілік ел» идеясының түп тамырын терең зерттей отырып, оның тарих кезеңдерінде қалай өрбігенін және бүгінгі күнгі жағдайы мен болашаққа бағдар етіп ұстанған ұлттық идеямыздың басты бағдары екендігін таныту.

Оқушының «Мәңгілік ел идеясы – ұлттың ұлы мұраты» тақырыбымен ұсынып отырған ғылыми жобасында зерттеуші алдына қойған мақсатына жеткен деуге болады. Мәңгілік ел идеясының негізін қалап, тұғырын биіктетуде Тоныкөктен бастап, Керей мен Жәнібек хандар жалғастырған ел тұлғалары туралы тарихи мәліметтер мен деректерді жинақтап, саралап, өз ойы мен пікірін қоса білдіріп отырған. Ізденуші жай ғана бар материалдармен шектелмей, өзіндік көзқарастарын да танытып отырған.

Бүкіл саналы ғұмырын өз елінің тыныштығы, береке-бірлігі, біртұтастығын қызыл тілдің күшімен қорғап, еліне өріс, халық көңіліне кеңіс тілеген, сол үшін күш-қайратын, білімін, бар байлығын сарп еткен, өзінің туған, өскен ортасы, заманының озып, озық туған тұлғасы ретінде өз бағасын алған.

Зерттеу барысында тарихи мәліметтермен қатар, энциклопедия, шежіре кітаптарды, баспа және интернет материалдарын орынды пайдаланып отырған.

Мәңгілік елді құру мен оны нығайтуда еткен еңбектері нақты мысалдар арқылы бейнелеген. Олардың тағылымдық, даналық танытқан тұстарын өзі ғұмыр кешкен заманымен салыстыра саралап, қазақ қоғамындағы тарих пен тұлғаға қатысты идеяны сабақтастырып, жаңа көзқарастар тұрғысынан түсіндіруге әрекет жасаған. Зерттеу соңында өзіндік ұсыныстарын берген.

Ғылыми жобаның тақырыбы мазмұнын аша алған, теориялық жағынан терең мазмұнды, тәрбиелік мәнін бүгінгі кезең талабымен сәйкес, анық бере алған.

Жалпы алғанда ғылым жоба өз дәрежесінде жасалынған деуге болады. Зерттеу жұмысының мазмұндылығы мен мәнділігін ескере отырып, жоғары дәрежеде бағалауға ұсынамын.
«№ 20 орта мектеп коммуналдық

мемлекеттік мекемесінің



тарих пәнінің мұғалімі: М. Кенжегулов



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет