ІІІ Қорытынды
«Халқына бегі, бегіне халқы сенген ел ұзақ жасайды» деген екен Күлтегін бабамыз. Жұрты еңбеккер, басшысы кемеңгер елдің ертеңі жарқын, болашағы кемел болары анық. Біз қандай биікке жетсек те, елдің ауызбіршілігі, ынтымағы арқасында қол жеткіздік. Бұл «Бірлігі күшті ел озады» деген мақалдың өміршеңдігін көрсетеді. Қашанда ел аман, заман тыныш болсын.
Мәңгілік ел болу - біздің өз қолымызда. Мәңгілік Ел, мәңгілік тіл, мәңгілік өнер, мәңгілік әдебиет, мәңгілік ғылым, мәңгілік халық болсын! Мәңгілік Ел жасасын! Қазақстандық ұлт бүгінде бір, бірақ ол осы жерге әр түрлі мән-жаймен келген, жергілікті халықтың мәдениетін алып, қалған көптеген құрамдас бөліктерден тұрады. Соңында Біз Қазақстанның "Мәңгілік Ел: Бір ел, бір тағдыр"ұлттық идеясының мәнін аштық.
Осы зерттеу жұмысы барысында біз қазақ халқы мен Қазақстанның көп ұлтты халқын қалыптастыру мәселелері бойынша көптеген жаңалықтарды білдік. Әрбір келген халық біздің қоғамымызға мықтылықты әкеледі, оны байытады және өзін байытады. Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында 130-ға жуық ұлт өкілдері тұрады, бірақ осы ұлттардың барлығы енді бірыңғай қазақстандық ұлт деп атауға болады, өйткені біз шынымен бір ел, бір тағдыр, бір тарихымыз бар.
Ұсыныстар:
Мектеп бағдарламасында қазақтың салт-дәстүрі тереңдетіп оқылса;
Жаңаөзенде этно ауыл салынса.
Мәңгілік ел ұлттық идеясын жастар бойына сіңіруде орта мектепте жаңа жобалар іске қосылса;
Тарих сабағына қатысты «Мәңгілік ел» патриоттық топтары жұмыс жасаса.
Достарыңызбен бөлісу: |