Сонымен қатар Б



бет3/4
Дата06.02.2022
өлшемі23,97 Kb.
#81231
1   2   3   4
Байланысты:
СР 1 жазушы Бауыржан Мо
СӨЖ 1 информатика
Шығармадағы қаһармандардың есте сақталуы əр тараудағы оқиға мазмұнына қойылған тақырыптардың ұтымдылығына байланысты. Осының бəрі де жазушының соғыс тақырыбына баруы үшін, ең алдымен, қалай жазу керектігін ойластырып алғанын байқатады. Шығармадағы қызықтыратын шеберлік осындай ерекшеліктерден көрінеді.
Шығармада əртүрлі характер, əралуан кейіпкерлер бар. Жазушы солардың барлығын бас-басына арнайы суреттеп жатпайды, бас кейіпкердің көзқарасымен береді. Кейіпкердің тікелей сезім толқындарын көрсету арқылы, оның адамдар жайлы көзқарасын, олармен қарым-қатынасын нанымды жеткізеді. Романдағы батальон командирі Бауыржанның өз тарапынан айтылған ойлары осы пікірді дəлелдей түседі. Бас қаһарманның жан тазалығы албырт қиялшылдылығы, қайтпас сенім жалыны, ішкі сезім ағымы арқылы жете танылады.
Сонымен қатар, шығарма көркемдігінің сыры кейіпкерлердің мінезін олардың іс-əрекеттері арқылы ашатындай жағдайларға қойып, сол жағдайлар тезіне салып көрсетуінде деп айтуымызға болады. Шығарма құрылымында кейіпкер табиғаты мен характерін айқындайтын жағдайлардың көрсетілуі – жазушыдан үлкен шығармашылық ізденісті, еңбекті қажет етеді. Сондықтан да бейнеленіп отырған құбылыстың мəні мен кейіпкер мінезін айқындайтын жағдайларды, оқиғаларды таңдап алу – қаламгердің шығармашылық еңбегінің маңызды бөлігі болып саналады.
Романда автор жауынгерлердің рухани байлығын, Отанын жанындай сүйетін патриотизімін ел мүддесі үшін қандай қиыншылық жағдай кездессе де табандылық жасап, ерлік көрсеткенін, өзара жауынгерлік мызғымас достығы мен ынтымағын шебер суреттеген.
Генерал Панфиловтың батальонды қарсы алуы бір өзгеше қуаныш: «Терезеге қарап тұрсам, əскерлер келе жатыр. Мұншама сап тартқан қол қайдан келе жатыр деп таңданып біраз тұрдым. Колона басынан сізді көріп тани кеттім, – деп – ол қолымды босатып солға қарай қолтықтап ерте жүріп, сөзін сабақтай: Шынымды айтсам, ə дегенде сенер-сенбесімді білмедім. Шеңберді жарып өтіп, жау сыртынан келіп, өз тобымызға қосылғандарыңды көріп, қуанышым қойныма симай кетті. Жақсы келіпсіздер, жақсы келіпсіздер....дей беріп, тебіренген генерал кілт тоқтап маған шешінуді ұсынды», – деп жазады автор [4, 10-11]. Осында қаншама сезім, қаншама мінез құбылысы жинақталған. Жəй ғана қарапайым əңгімеден сезімдер шарпысуының өзгеше бір тылсым сырын сезінеміз. Жазушы шығармасында да ондаған жауынгерлердің бейнесі сомдалады. Осы орайда, жазушы алдына күрделі мақсат қоя білген: осы кейіпкерлер мінездерінен байқалған неғұрлым типті белгіллерді, іс-əрекеттерді, мінездеменің ең жақсы иірімін, айтылып қалған сөздерді бейнелеп, типтендіріп, бұлардың жауынгер адамның басты бейне ретінде көрінуіне өте тиімді пайдаланған. Генерал Панфиловтың бейнесі ешкімге ұқсамас, өзгеше бір тұлға ретінде суреттеледі. Оны автор мейірімі түскен шуақты жан бойында нəзік сезім мен салиқалы солдаттың тəртіп тұтасқан əке бейнесінде алып көрсетеді. Романның басты кейіпкері, əрине, автордың өзі болып табылады. Осы орайда. бас қаһарманның өмірбаяндық бейнесін өзіндік сомдауы арқылы оның жеке адам ретінде қалыптасу үдерісі туралы мəселе қойылады. Осыған байланысты мынаны айта кеткен жөн. Басты қаһарманның мінез-құлқын жасау кезінде өмірбаяндық шығармалар жазып жүрген жазушылар белгілі бір қиындықтарға тап болады: өмірбаяндық кейіпкер бір жағынан қарастырғанда, шығарманың субъектісі болып табылады, өйткені оны автордан бөліп алып қарауға болмайды, ол оның құрамдас бөлігін құрайды. Автор өз өмірінің фактілерін жазып, өз ойларын жайып салуға, өз сезімдері мен көңіл күйлерін, толғаныстарын беруге тиіс, сонымен қатар ол көркем бейнелеудің объектісі, сол себепті автор оған объекті ретінде, көркем зерттеудің нысаны ретінде қарайды. Өмірбаяндық кейіпкердің мінез-құлқын жасауда тағы бір қиындық бар, ол – автордың өзіне қалай қарайтындығына байланысты қиындық. Бұл жағдайды өмірбаяндық туындылар жазып жүрген жазушылардың «үндемей қалуы», яғни өздерінің кемшіліктерін оқырмандарға жария етуге құштар болмауы арқылы түсіндіруге болады. Бұл автобиографиялық шығармалардың көпшілігіне басты қаһармандарын дəріптеудің, жер-көкке сиғызбай мадақтаудың себебі болып жүр. Мұндай шығармалардан Бауыржан Момышұлы шығармасының ерекшелігі мынада: батальон командирі Бауыржан Момышұлының бейнесін сомдау тұжырымының негізіне жазушы нақтылықты алған. Автор өз қаһарманының əлсіз жақтарынан үнсіз айналып өтпейді, көркем бейнелеуде кез келген адам сияқты оған да кемшіліктер тəн. Командир өзі туралы, өзінің еңбегі туралы аз сөйлеп, жіберіп алған кемшіліктері мен қателіктері туралы көбірек айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет