Соппекова Гулдана Сабыровна
Басшының цифрлық моделі
ХХІ ғасыр жаңа дәуір екендігі бәрімізге белгілі. Сондықтан да осы жаңа дәуірге сақадай сай болу үшін дамыған елдер қатарынан қалмай, ілесіп отыруымыз қажает.Болашақта бізді роботтар, жасанды интеллект әлемі күтіп тұр.
Дамыған елдерде роботтандыру, жасанды интеллектті енгізу мәселелері жылдам дамып, қоғамның барлық салаларына «ақылды» инновациялық технологиялар енгізіліп жатыр. Бүгінде әлемнің 20-ға жуық елінде ұлттық цифрландыру бағдарламалары қабылданған. Қытай, Сингапур, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Корея, Дания секілді елдер ұлттық экономиканы цифрландыру бойынша алдыңғы қатарда келеді.
Қазақстанда 2017 жылы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Оны жүзеге асырудың бес бағыты белгіленді: экономика саласын цифрландыру, цифрлық мемлекетке көшу, цифрлық Жібек жолын іске асыру, адами капиталды дамыту және инновациялық экожүйе құру.
Астана қаласындағы инновациялық зияткерлік технологиялар академиясының директоры Нұралы Құдайбергенұлының айтуынша, цифрландыру бірнеше деңгейден тұрады: ақпараттандыру, автоматтандыру, роботтандыру және жасанды интеллект дәрежесіне көтеру. «Қазіргі кезде Қазақстан қоғамы соның қай деңгейінде?»- деген сауалға :Ең бастапқы сатысында ,яғни білу,түсіну сатысында» дер едім. Мектеп басшысының цифрлық моделі менің ойымша, жаңа үлгідегі, дамыған , жан жақты , барлық мүмкіндіктері бар, цифрлы мепктеп деп ойлаймын. Бастауыш сыныптарда ақпараттық сауаттылық болса, ал орта, жоғары сыныптарда стем, робобтехника болуы қажет. Белгілі құрылған,жүйеге түскен бағдарламалар арқылы мектепте жұмысты сауатты басқара білу керек. Педагогтердің біліктілігін семинар, вевинар, коучтер арқылы үнемі арттырып, дамытып отыру. Цифрлық мектеп-кең көлемдегі контекстен тар көлемдегі контекстке көшу болып табылады. Цифрлы мектеп –қол жетпейтін ресурстары бар, мол мүмкіндіктері бар жаңа мектеп. Мектепте инновациялық технологияларды бар жағынан кіріктіре отырып оқу қызметін ұтымды ұйымдастыра алу , қолдана алу. Әр пән мұғалімінің өз сабағында цифрлық моделді қолдана білуін мектеп басшысы өзінің бағдарламаға сай құрылған жоспары арқылы қадағалап отырса деймін.
«Цифрлық мектеп- білім саласын автоматтандырудың бірегей жобасы екендігін» Елбасымыз айтып өткен. Трансформациялау – басшының цифрлық құралдары. Ұйымдастырушылық құралдары болып табылады. Мектеп басшысы стандартты сақтай отырып жұмыс жасауы қажет. Елбасы 2018 жылы 2 шілдесінде « Балалардың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы ҚР заңына қол қойды. Мақсаты: балаларды олардың денсаулығы мен джамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғауды қамтамасыз ету, балалардың жасына сәйкес ақпарат алу және тарату құқықтарын іске асыру болып табылады.
Басқарудың үш құпиясы бар :
Шыдамдылық не екенін білу .
Шыдамды болу.
Шыдамдылықтың ең басты құпиясы- шыдамдылық .Шыдамдылық пен төзімділік – бұл қасиеттер ұстаздардың бойынна табылады.Басшының білім беру ұйымы басшысының психологиялық, педагогикалық құзыреттілігін,яғни қарым қатыныас психологиясын білуі шарт.
«Цифрлық мектеп» жобасы үш бөліктен тұрады. Бірінші — зияткерлік цифрлық оқулықтар. Бұл дегеніміз — тұрақты түрде жетілдіріліп тұратын, редакциялауға, толықтыруға болатын цифрлық оқулықтар. Оның өзінің бағдарламаға кіріктірілген репетиторы, тапсырмалар генераторы, орындалған тапсырмаларды бақылау жүйесі, тапсырмалардың шешімдері, имитациялық модельдер, конструкторлар бар. Екіншісі — цифрлық білім картасы, бұл арқылы білім, икемділік, дағды, мета-құзыреттелік, оқушының зияткерлік дамуының деңгейін, жеке траекториясын анықтауға болады. Үшіншісі — мониторинг жүйесі. Бұл жүйе баланың жетістіктерін бақылайды, оны саралау арқылы баланы алдына қойған мақсатына қарай жетелейді.
Назарбаев зияткерлік мектебі стандартының үш маңызды ерекшелігі бар. Ең басты ерекшелігі — мұнда ғылыми кабинеттер толық жабдықталған. Физика, химия, биология, тағы басқа кабинеттердің толық жабдығы бар. Оған үлкен қаржы жұмсалады. Біз осы деңгейде бірнеше пәнге ортақ лабораториялық құрылғыларды тиімді қаржыға қоятын жүйе жасап, оны бір кабинетке сыйдырдық. Яғни аз қаржымен үлкен мәселені шешуге болатын жол таптық. Екіншіден, Назарбаев зияткерлік мектептерінде барлық оқушыларда, оқытушыларда ноутбуктер бар, олардың ақпараттық дәрежесі өте биік. Осы бағытта біз қарапайым мектептерде «Цифрлық кабинет» ашып, оған Nur Otan партиясының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқан ІТ кластар, ақпараттандыру, автоматтандыру, роботтандыру, жасанды интеллект енгізу мәселелерін шоғырландыруды қарастырдық. Бұл — екінші шешім. Үшіншіден, Назарбаев зияткерлік мектептерінде цифрлық басқару жүйелері арқылы баланың өз қолымен әртүрлі нәрселер жасауына болатын кабинеттер бар. Біз осындай креативті кабинеттің үлгісін жасадық. Егер қаржы жағынан жетіспеушілік болса, осы үш кабинетті бір кабинетке сыйдыру үлгісі тағы бар.
Ең басты сәттердің бірі — мониторинг. Балалар тапсырмаларды орындай бастаған кезде олардың әрбір іс-қимылы тіркеледі және компьютер арқылы зерделеніп отырады. Жасанды интеллект баланың орындау деңгейін, дұрыс-бұрыстығын тексеріп, автоматты түрде бағалап, оны картаға түсіреді. Мұны «білім картасы» деп атаймыз. Одан бөлек «дағды картасы», «есеп шығару картасы» секілді бірнеше карталар болады. Осы карта арқылы бала да, ата-ана да, мұғалімдер де баланың оқу үлгерімін көріп отырады. Бағалардың барлығы автоматты түрде ұстаздың журналына түседі. Яғни бағаны мұғалім қоймайды, жасанды интеллект анықтайды, яғни бұл жерде автоматтандырылған объективті әділ бағалау болады деп айта аламыз. Сонда мұғалім жасанды интеллект арқылы баланы жан-жақты бағалай отырып, толып жатқан қағаздарды толтырудан құтылады.
Компьютер оқушының бүкіл оқу процесі барысындағы секунд сайынғы іс-әрекетін өлшеп, оқу аяқталғаннан кейін нақты кәсіп түріне баланың қабілетін, талантын және бейімін анықтай алады, нәтижесінде оқушының, сыныптың, мектептің, ауданның, қаланың, облыстың, бүкіл елдің ықпалдастырылған рейтингі алынады. Оқушының бұл рейтингі үнемі жаңарып отырады. Осы арқылы Қазақстан азаматтарының бірыңғай зияткерлік рейтингі жасалады. Ал оны колледжге, жоғары оқу орнына, сонымен бірге өзімізге белгілі адамның білімділігі мен зияткерлік деңгейінің шынайы критерийлері ретінде жұмысқа қабылдауда пайдаға жаратуға болады.
«Цифрлық мектеп» кешенді жүйесін енгізу нәтижесінде біз ауылдық мектептерде оқитын балалардың деңгейін қала мектептеріндегі балалардың білім деңгейімен теңестіре аламыз. Сонымен қатар стандартқа сай оқу-білімнің мазмұнын кіргіземіз. Оған қоса жасанды интеллект элементтері бар цифрлық заманауи кітаптарды енгіземіз. Бұл арқылы білім алу балаға өте тиімді болады, яғни баланың жаңа білімді қабылдауы жеңілдейді. Аталған технология бойынша мұғалімдер де, ата-аналар да, білім сапасын қадағалайтын органдар — білім басқармалары, білім министрліктері де балалардың білімін терең зерттейтін ақпараттарды алып отырады. Осылайша Қазақстанда білім сапасының индексін автоматты түрде анықтай аламыз. Жаңа бағдарлама арқылы анықталған білім стандарты бізге білім траекториясын жасауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде оқушыға лайықты білім бере отырып, мемлекеттің еңбек ресурсына қажетті мамандарды даярлай алады.
Cонымен ойымды қорыта келе, мектеп басшысының цифрлы моделі жүйелі құрылған, жаңа технологиялар сауатты енгізілген, белгілі бағдарламаға сәйкес құрылған, стандарттарды сақтай отырып жасалған жоспар арқылы үнемі даму үстіндегі үдеріс. Цифрландырудағы негізгі мақсат – бәсекеге қабілеттілікті арттыру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, оқу-тәрбие процесін жеделдету және жеңілдету, балаларға, ұстаздарға, ата-аналарға жүктемені азайту. Ең бастысы – білім беру сапасын арттыру. Біздің балаларымыз халықаралық деңгейде әртүрлі салаларда, оның ішінде жасанды интеллект және ауқымды деректер жасау саласында бәсекеге қабілетті болуға тиіс. Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, елді цифрландыру – бұл мақсат емес, бұл – Қазақстанның абсолюттік артықшылыққа қол жеткізу құралы. Бүкіл процесс жүйелілікті, реттілікті және кешенді тәсілді талап етеді.
Білім сферасындағы цифрландырудың ең басты міндеті – білім беру сапасын арттыру, яғни халықаралық дейгейде әртүрлі салаларда, оның ішінде «жасанды интеллект» және «ауқымды деректер» жасау саласында бәсекеге қабілетті Ел жастарын дайындау.