- 1941 жылдың 1 қаңтарында республика халқының саны 6425 мың адамды құрады. Оның 1200 мыңы қарулы күштер қатарына, 700 мыңға жуығы әскери өнеркәсіптерде жұмыс істеуге жұмылдырылды.
- Яғни, Қазақстанның әрбір төртінші тұрғыны майданға немесе қорғаныс өнеркәсібіне тартылды.
- Қазақстанда 12 атқыштар және 4 атты әскерлер дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы, 50-ге жуық жеке полктер мен батальондар құрылды. Соның ішінде 3 ұлттық атты әскерлер дивизиясы және 2 ұлттық атқыштар бригадасы құрылған.
Достарыңызбен бөлісу: |