150
батпан салмақпен жаншыды-ай. Өткір тырнақтың улы бізі
қабырғасына қадалған сайын тынысы тарылып, жүрегі қапасқа
түскендей тыпыршыды-ай. Ең соңғы дем, ақтық дем... қазір
қапасқа жарық сәуле түспесе бәрі біткені... Қиналыс... аласұру...
жанұшыра жарыққа талпыну... Үзілді-ау, әттең, үзілді-ау... жо-
жоқ, тар қапасқа нәзік бір сәуле түсті... бастыққан балапан көңіл
қайтадан қанат қаға бастады; алып бүркіттің өткір тұяғы жазыла
берді; ақ нұр бойға қуат дарытты; бебеулеген мұңды әуен
салқын сабырға көшті де, екі күш таразы басында алма-кезек
алмасып жеңіліс таба алмай тоқтады; біраз уақытқа дейін
тербеліп тұрып аяқ астынан бөгетті бытшыт қылған селдің
жойқын қуатындай тылсым күш қолтықтан демеп әкеткенде
қыстыққан сырлы әуен қалықтап көкке бір-ақ шықты...
Еркіндік... шексіздік... мәңгілік... мың құбылған кербез әуен
қанатын сусылдата қаққан аққудай күнді айналып қалықтап
барады... Күй әуенімен қоса шалдың да жаны күнді айналып
қалықтап бара жатқандай...
Достарыңызбен бөлісу: