Сөз мағынасын ажырататын жеке фонеманы және дыбыс тіркесін беретін графикалық таңба



Дата13.10.2019
өлшемі31,28 Kb.
#49782
Байланысты:
Жауабы

Әріп дегеніміз не?

  1. сөз мағынасын ажырататын жеке фонеманы және дыбыс тіркесін беретін графикалық таңба.

  2. ауызша тілде айтылатын әрі естілетін кіші дыбыстық бірлік.

  3. сөз мағынасын жасайтын және сөзді ажырататын ең шағын дыбыстық бірлік.

  4. жазудағы бірізділікті қамтамасыз ететін ережелердің жиынтығы және дұрыс жазу мәселелерін зерттейтін тілтанымның бір саласы.

  5. сөздің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін, лексикалық мағынасын сақтаған негізгі бөлігі.

Кірме сөздер дегеніміз не?



  1. Сөздің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін, лексикалық мағынасын сақтаған негізгі бөлігі.

  2. Сөз мағынасын өзгертетін, түрлендіретін, сөз бен сөздібайланыстыратын грамматикалық бірлік. Қазақ тіліндегі қосымшалар түбірдің соңғы буынына үндесіп, не жуан, не жіңішке жалғанады.

  3. Бір сөздің қосымшасыз және қосымшалытүрінің қайталануынан жасалған қос сөз түрі.

  4. Қазақ тілінің дыбыстық заңдылықтары бойынша игеріліп, өзге тілден енген сөздер.

  5. Поэтикалық мағынасын жоғалтқан, сөз орнына жүретін тұрақты тіркес.

Емле дегеніміз не?



  1. Жазудағы бірізділікті қамтамасыз ететін ережелердің жиынтығы және дұрыс жазу мәселелерін зерттейтін тілтанымның бір саласы.

  2. Бірінші буынның үндесіміне қарай сөз бірыңғай жуан, не жіңішке айтылатын қазақ тілінің негізгі дыбыстық заңдылығы.

  3. Дыбыстардың сөз ішіндегі немесе сөз тіркесіміндегі өзара әсері ескерілмей, негізгі фонемалық түрі (мәні) сақталып жазылатын емле ұстанымы.

  4. Күрделі сөз сыңарларының түбір тұлғасын сақтап жазуды қамтамасыз ететін емле ұстанымы.

  5. Сөздің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін, лексикалық мағынасын сақтаған негізгі бөлігі.

Морфологиялық принцип дегеніміз не?



  1. Бірінші буынның үндесіміне қарай сөз бірыңғай жуан, не жіңішке айтылатын қазақ тілінің негізгі дыбыстық заңдылығы.

  2. Дыбыстардың сөз ішіндегі немесе сөз тіркесіміндегі өзара әсері ескерілмей, негізгі фонемалық түрі (мәні) сақталып жазылатын емле ұстанымы.

  3. Күрделі сөз сыңарларының түбір тұлғасын сақтап жазуды қамтамасыз ететін емле ұстанымы.

  4. Сөздің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін, лексикалық мағынасын сақтаған негізгі бөлігі.

  5. Сөз мағынасын өзгертетін, түрлендіретін, сөз бен сөздібайланыстыратын грамматикалық бірлік. Қазақ тіліндегі қосымшалар түбірдің соңғы буынына үндесіп, не жуан, не жіңішке жалғанады.

1940 жылға дейінгі әліпбилерімізде қанша әріп қана болған?



  1. 29

  2. 28

  3. 32

  4. 42

  5. 41

Көне түркі жазуының аты қалай аталады?



  1. Орхон

  2. Руна

  3. Латын

  4. Араб

  5. Төте

Көне руна жазуы қалай жазылады?



  1. Солдан оңға қарай

  2. Оңнан солға қарай

  3. Тура

  4. Бірге

  5. Сандармен

Араб графикасына негізделген қазақ тілінің тұңғыш әліпбиін жазған түркітанушы



  1. Ы. Алтынсарин

  2. А. Байтұрсынов

  3. В.В. Радлов

  4. А.С. Аманжолов

  5. М. Қашқари

Сөздердің барлық буынында жазылатын қатарды көрсетіңіз



  1. а, е, у, і

  2. а́, о, о́, u, ú

  3. у, і. о́, u, ú

  4. а, о́, u, ú

  5. а, е, у, і, о́

Сөз ортасы мен cөз соңында ғана жазылатын дауыссыз дыбыс









  1. İ


Baılyq, búrkit, arba, kóbelek, gúl, gaýhar, kógal, máńgilik жаңа латын әліпби нұсқасымен жазылған сөздердің дұрыс оқылу қатарын көрсетіңіз



  1. Байлық, бүркіт, арба, көбелек, гаухар, көгал, мәнгілік

  2. Байлық, бүркіт, арба, көбелек, гаухар, көгал, мәңгілік

  3. Байлық, бүркіт, арба, көбелек, гауһар, көгал, мәнгілік

  4. Байлық, бүркіт, арба, көбелек, гаухар, көгәл, мәңгілік

  5. Байлық, бүркіт, арба, көбелек, гауһар, көгал, мәңгілік

Буын үндестігіне бағынбай тұрған сөздер қатарын көрсетіңіз



  1. muǵalim, qyzmet, qoshemet, aqіret, qasıet

  2. bosaǵa, turmys; ásem, memleket, izet, úmit, sóılem

  3. azamat, yntymaq, bosaǵa

  4. taýar, nómir, kámil, kástóm

  5. minez, áke, aǵash, dostyq

Дұрыс жазылған сөздер қатарын көрсетіңіз



  1. jumys-shy-lar-dyń, qart-tar-dyń, baqsha-myz-da

  2. xalyq-qa, qyrat-tar, mektep-ke, kólik-pen

  3. qujat-tar, mańgilik-ke

  4. pán-dér, tál-dyń, kól-ge, bala-ǵa

  5. bala-ǵa, bala-lar, aje-ge, aje-niń

Түбірдің соңғы буынында үнді дауыссыз дыбыстан кейін тұрған y, i әріптері тәуелдік қосымшасы жалғанғанда қай қатарда түсіріліп жазылады



  1. aýyl – aýly, daýys – daýsy, erin – erni

  2. qulyq – qulyǵy; kórik – kórigi (ұстаның құралы); qalyp – qalyby (нанның қалыбы)

  3. qyryq – qyryǵy (сандық мағына); naryq – naryǵy (термин)

  4. halyq-halqy, Júrek-júregi

  5. kúrek-kúregi, árip-árpi

Түбір сөздің соңындағы k, q, p дауыссыздары тәуелдік жалғауындағы сөзге және түбір сөзге етістіктің -а, -е, -ı көсемше жұрнағы жалғанғанда, g, ǵ, b немесе у́ болып өзгерген түрін белгілеңіз



  1. júrek – júregi, súıek – súıegi, kep – kebedi, keýip

  2. stereotıp - stereotıbi, ketshýp – ketchýby

  3. kep – kebedi, keýip, jap – jabady, jaýyp, pýnk-pýngi

  4. júrek – júregi, súıek – súıegi, ketshýp – ketchýby

  5. jap – jabady, jaýyp, pýnk-pýngi, súıek – súıegi

Араб, парсы және төл қосымшалар сөздің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарамай (буын талғамай), осы күйінде жалғанатын қатарды белгілеңіз



  1. -hana, -góı, -qoı, -kez, -paz, -ger, -ker, -tal, -dar, -qor, -kúnem, -niki (-tiki, -diki), -men (-pen, ben)

  2. -hana, -góı, -qoı, -kez, -paz, -ger, -ker, -tal, -dar, -qor, nyń, -niń, dyń, -diń

  3. -hana, -góı, -qoı, -kez, -paz, -ger, -ker, -tal, -dar, -qor, -kúnem, -qa, -ke,- na, -ne

  4. -hana, -góı, -qoı, -kez, -paz, -ger, -ker, -tal, -dar, -qor, -kúnem, -dan, -den, -tan, -ten

  5. -hana, -shy, -shi, yraq,- ırek, -ger, -ker, -tal, -dar, -qor, -kúnem, -niki (-tiki, -diki), -men (-pen, ben)

Күрделі сан есімдердің әрбір сыңары бірге жазылған қатарды белгілеңіз



  1. on bir, on birinshi, on segiz mıllıon

  2. jıyrma segiz, júz onjeti, eki júz jetpistórt

  3. bir myń toǵyz júz elý úsh

  4. tórt mıllıard, jıyrma úsh bútin onnan bir

  5. on segiz mıllıon, jıyrma segiz, júz on jeti

Baramysyń? Kelemisiń? Sultanbysyń? Tólenbisiń? Qazaqpysyń? О́zbekpisiń? сұраулық шылауы түбір сөз бен қосымша арасында қолданылғанда my (mi, by, bi, py, pi) қалай жазылады?



  1. Бірігіп

  2. Кірігіп

  3. Қосарланып

  4. Сұрақ қойылып

  5. Бөлек


Da, de, ta, te шылаулы тіркестерімен келген күрделі сөздер қалай жазылады?

  1. Бірге

  2. Бөлек

  3. Қайталанып

  4. Сұрақ қойылып

  5. Кірігіп


Негізгі сөзге тіркескен aldy, arty, asty, ústi, qasy, mańy, jany, ishi, syrty, basy, tusy, sheti, boıy сияқты көмекші есімдер сөйлемде қалай жазылады?

  1. Бірге

  2. Бөлек

  3. Қайталанып

  4. Сұрақ қойылып

  5. Кірігіп


Aldy, arty, asty, ústi көмекші есімдермен келіп, атаулық мағынаға ие болған сөздерде қалай жазылады?

  1. Бірге

  2. Бөлек

  3. Қайталанып

  4. Сұрақ қойылып

  5. Кірігіп

Екі түбірден құралған бір ғана зат пен ұғым атауы сөйлемде қалай жазылады?



  1. Бірге

  2. Бөлек

  3. Қайталанып

  4. Сұрақ қойылып

  5. Кірігіп


Mega, mını, radıo, tele, trans, ýltra, foto, elektr шеттілдік сөздерімен және beı қосымшасымен келген атаулар қалай жазылады?

  1. Бірге

  2. Бөлек

  3. Қайталанып

  4. Сұрақ қойылып

  5. Кірігіп

Екінші сыңары aralyq, qumar, jandy, taný, tanym, jaı, hat, aqy, ishilik сияқты сөздермен және сымақ қосымшасымен дұрыс жазылған қатарды көрсетіңіз



  1. halyqaralyq, qalaaralyq, pánaralyq; ánqumar, ataqqumar, ázilqumar

  2. ádebıet taný, din taný; til tanym, dúnıe tanym

  3. shákirt aqy; mekeme ishilik, mektep ishilik, ujym ishilik

  4. halyqaralyq jaǵajaı, shıpajaı; ashyq hat, qol hat, alǵys hat

  5. pánaralyq; ánqumar, ashyq hat, qol hat, alǵys hat

Eкінші сыңары shóp, gúl, tiken, japyraq, tamyr, qus, balyq, qurt, jıdek, jemis, qat сияқты жалпы атау болып келетін тіркестер қалай жазылады?



  1. Бірге

  2. Бөлек

  3. Қайталанып

  4. Сұрақ қойылып

  5. Кірігіп

Дұрыс жазылған сөздер қатарын көрсетіңіз



  1. týradan-týra, joǵy-joq, qoldy-qolyna, ózinen-ózi

  2. azdy-kópti, tekten tekke, teginnen tegin

  3. sharshap shaldyǵyp, kórgen-túıgen, jýyp shaıyp

  4. sap sary, jap jaqsy, súp súıkimdi

  5. sen-aq, shamaly-aq, kelmeıdi-aý, qap qara

Кісі есімдеріне қосымшалар түбірдің соңғы буынына, ал


-ov, -ev жұрнағымен аяқталған кісінің тегіне түбір сөздің соңғы буынына сәйкес үндесіп жалғанады

  1. Дұрыс

  2. Бұрыс

  3. Келісемін

  4. Келіспеймін

  5. Дұрыс жауабы жоқ

Географиялық және астрономиялық атаулардың дұрыс жазылған қатарын белгілеңіз



  1. Alataý, Jetisý, Ertis, Jaıyq;

  2. Alataý, jetisý, ertis, jaıyq

  3. Teńiz, Muhıt, Asý, Aral, Qum

  4. Ordabasy Aýly, Túrkistan Qalasy, Almaty Oblysy

  5. Abay muzdyǵy, Esil ozeni, Aral tenizi

Тұрақты анықтауыш арқылы қалыптасқан күрделі жер-су атауларының екі сыңары да бас әріппен және бөлек жазылады: Kishi Azıa, Ortalyq Qazaqstan, Batys Qazaqstan, Qıyr Shyǵys, Taýly Altaı, Ońtústik-batys Altaı.



  1. Дұрыс

  2. Бұрыс

  3. Бірінші сөз үлкен, екінші сөз кіші әріппен жазылуы керек

  4. Келісемін және келіспеймін

  5. Дұрыс әрі бұрыс


Ál-Farabı atyndaǵy Qazaq ulttyq ýnıversıteti, Sh.Ýálıhanov atyndaǵy Tarıh jáne etnologia ınstıtýty, Qazaqstan Sýretshiler odaǵy, Abaı atyndaǵy Opera jáne balet teatry, Qazaq ulttyq ýnıversıtetiniń Tarıh fakýlteti, Shyǵystaný fakýltetiniń Shyǵys fılologıasy kafedrasy; Til bilimi ınstıtýtynyń Til mádenıeti bólimi, Jazýshylar odaǵy Kórkem ádebıet bólimi, Til bilimi ınstıtýtynyń Ǵylymı keńesi.Сөздердің жазылуында қателер кездесе ме?

  1. Иа

  2. Жоқ

  3. Білмеймін

  4. Бұрыс

  5. Қате көп


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет