Жиілігі: Бала гастроэнтерологиялық дерттерінің 58 - 65%-н құрайды, жасына сай арта түседі. 85 - 90%-да - екі ағзаның бұзылысы қатар жүреді. СГД себебінің 2 тобын ажыратады: 1) экзо - және 2) эндогендік.
Экзогендік себептер: алиментарлық, психоэмоционалдық, экологиялық, дәрі-дәрмектер, тағамдық аллергия, лямблиоз. Дегенмен бұлар себептен гөpi арандатушы факторларға жақын. Сенімділері:
2) тағамдық аллергия (сирек кездесетін эозинофилдік гастрит);
3) паразитарлық инвазиялар, әcipece лямблиоз (созылмалы дуоденит ceбeбi). Эндогендік СГ басқа аурулар бойында дамиды: қант диабетінің I-типі, аутоиммунды тиреоидит, СБЖ т.б. яғни аутоиммундық үдеріс салдары, ceбeбi бұл жағдайларға асқазан клеткаларына қарсы аутоденелер анықталуы тән және аутосомды-доминантты жолмен беріледі деп топшыланады.