Нәжіс «қой құмалағы» тәрізді, шірік иісті болып келеді, реакциясы сілтілік болады; 5) тоқ ішек пен жіңішке ішек моторикасының күшеюі. Нәжіс көлемі көбейген, консис-тенциясы сұйық, түсі жасылша, реакциясы сілтілі, ішінде көптеген қорытылмаған бұлшық ет талшықтары, бейтарап крахмал, клетчатка, иодофильді флора болады; 6) ашу диспепсиясы синдромы: нәжіс көлемі көбейген, консистенциясы ботқа тәрізді, көпіршікті, сары түсті, қышқыл иісті, реакциясы қышқыл, ішінде крахмал, қорыту сатысындағы клетчатка, иодофильді флора көп болады; 7) шіру диспепсиясы синдромы. Нәжіс көлемі көбейген, нәжіс сұйық немесе ботқа тәрізді болып келеді, қоңыр – қара түсті, иісі шірік иіс, реакциясы сілтілік, белок пен аммиак өте көп, қорытылу сатысындағы клетчатка да анағұрлым көбейген.
Тексеру жоспары
- ЖҚА,ЖЗА,Нәжісті бактерологиялық зерттеу,нәжісті жасырын қанға,құрт-гельминттерге зерттеу
- УДЗ,ректоромоноскопия,колоноскопия,ирригоскопия.
Емі
- Гастроэнтеролог кеңесі
Емдік тәртіп,емдік тамақтану,ішек эубиозын,флорасын қалыпқа келтіру, ,дезбактериозбен күрес және ішек диспепсиясын жою,жергілікті әсер ету,ферменттік терапия,фитотерапия,физиотерапия,санаторлық-курорттық ем
Жасы 50,52,54,56,58,60,62,64,66,68,70 болатын,полипоз,тоқ және тік ішек обыры бойынша диспансерлік есепте жоқ еркектер мен әйелдерге ерте кезде анықтау мақсатымен скринингтік байқау жасау. - Жасы 50,52,54,56,58,60,62,64,66,68,70 болатын,полипоз,тоқ және тік ішек обыры бойынша диспансерлік есепте жоқ еркектер мен әйелдерге ерте кезде анықтау мақсатымен скринингтік байқау жасау.
- Дәрет сынамасын міндетті түрде жасырын қанға тексеру(гемакульт-тест).
- Әр 5 жыл сайын колоноскопия
- Тоқ ішектің обырының пайда болу қаупі аса жоғары адамдарға бақылауды неғұрлым ерте жиі жасау.
- Тағамға жемістерді,көкөністерді және құрамында дәрумендер,минералды заттар,антиоксиданттар бар,обырдың пайда болуының алдын алуға көмектесетін ірілеп тартылған жармаларды,табиғи А,С және Е дәрумендерін тұтыну.
- Қанық май тұтынуды шектеу,май құрамы аз болатын диета ұстану.
- Алкоголь тұтынуды шектеу керек.
- Темекі тартудан бас тарту.
- Дене қимылы белсенділігін сақтау және шартты нормаға сай дене салмағын ұстау.
- Диспансерлік бақылау.
Достарыңызбен бөлісу: |