Созылмалы ішек аурулары кезіндегі пациентті және туыстарын үйрету



бет3/6
Дата11.02.2023
өлшемі0,83 Mb.
#168344
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
3 тақырып Анар


Алғашқы
алдын алу –сауықтыру
Пациентте анықталған қазіргі проблемалар:
- диарея кезінде өзін - өзі күте алмауы;
- сусызданудың даму қаупі;
- диареяға байланысты ұйқының бұзылуы;
- аурудың нәтижесі белгісіз болуына байланысты үрей мен қорқыныштың болуы;
-интимді процедуралар кезінде біреуден көмек сұрауға ұялады.

Приоритетті проблема: пациенттің диарея проблемасы шеше алмауы.

Мақсаты: пациентте сусыздану белгілері және перианальды аймақ терісінің тұтастығының бұзылуы белгілері болмайды.

Жоспар

Мотивация
  • Мейірбике пациентке тәулігіне 1,5 – 2 л сұйықтық ішуді қамтамасыз етеді.(лимонмен қызыл шәй, черника шырыны, итмұрын қайнатпасы т.б.)

Кеткен сұйықтық көлемін қалпына келтіру үшін.

2. Мейірбике пациентті № 4 диетаға сай аз мөлшерден жиі тамақтануын қамтамасыз етеді.

Организмге қажетті барлық қоректік заттарды енгізу үшін, үлкен дәреттің дұрысталуы үшін

3. Мейірбике пациенттің үлкен дәретке жиі шығуына байланысты жеке судно және ширмамен қамтамасыз етіп, жағдай жасауы керек.

Пациенттің конфиденциальды құқығын қамтамасыз ету үшін

4. Мейірбике пациенттің әр дефекациядан соң жуынып, анальды аймаққа вазелин майын жағуына кеңес беру керек.

Перианальды аймақ мацерациясының профилактикасы.

5. Мейірбике пациенттің іш киімін күніне 1 рет, төсегін 3 күнде бір рет ауыстыруын қамтамасыз етеді.

Жеке гигиеналық шараларды сақтау

6. Мейірбике пациенттің жалпы жағдайын, сырт келбетін, үлкен дәрет жиілігін бақылайды.

Асқынулар болған жағдайда оны уақтылы анықтап, көмек көрсету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет