Созылмалы панкреатит



бет9/37
Дата18.12.2022
өлшемі339,98 Kb.
#163177
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   37
Байланысты:
АААААААААААААААААААААААА

Емнің басқа түрлері: жоқ.
ПРОФИЛАКТИКА.Жедел гломерулонефриттің бірінші ретті профилактикасына денсаулықты шынықтыру мен нығайту, стрептококк инфекциясымен жанасуды болдырмау және стрептококк себепті аурулардың тиісті емін жасау жатады. Екінші ретті алдын алу шараларына ЖГН-ң қайталауын болдырмау және оның созылмалы гломерулонефритке ауысуының алдын алу жатады.
Диспансерлеу. ЖГН-нен ауырған адамдар стационарлық емнен кейін 2 жыл бойы диспансерлік есепте болулары керек (учаскелік терапевт, немесе отбасы дәрігері бақылайды). Алғашқы 6 айда науқасты ай сайын 1 рет қарайды, қалған 1 1/2 жыл уақытта 3 айда 1 рет қарайды.

  1. Өткізгіштіктің бұзылысы. Амбулаторлы жағдайда АВ-блокаданың І-ІІ дәрежесінің диагностикалық ізденісінің алгоритмі. Созылмалы аурулары бар адамдарда, жүкті әйелдерде, қарт және егде жастағы адамдарда ағымының ерекшеліктерін ескере отырып амбулаторлық жағдайда жүргізудің тактикасы.

Жүрек аритмиялары – жүректің электр импульсінің жиілігінің, жүйелілігінің және пайда болу көзінің патологиялық өзгерістерімен, сонымен қатар жүрекшелер мен қарыншалар сергуінің арасындағы байланыс пен реттіліктің бұзылуымен сипатталатын күй.
Аритмиялар қарыншалық және қарыншаүстілік болып бөлінеді. Қарыншаүстілік аритмия кезінде ЭКГ да өзгеріске ұшырамаған QRS тісшесі тіркеледі.. Ал қарыншалық аритмияда QRS тісшесі деформацияланған болып келеді.
Негізгі себептері
1. Миокардта құрылымдық және метаболизмдік өзгерістер мен жүрек қызметінің реттелуін бұзатын іштен туа болған және жүре пайда болған аурулар.
2. Экстракардиальды патологиялық процестерде жүрек – тамыр жүйесінің реттелуінің бұзылуы.
3. Жүрек қызметінің реттелуін бұзатын физикалық және химиялық әсерлер.
Анықтамасы
Атриовентрикулярлық блокадалар (АВ – блокадалар) – электр импульсінің жүрекше-лерден қарыншаларға өтуінің бұзылуы.
АВ – блокадасының ІІ дәрежесі импульстің жүрекшелерден қарыншаларға өтер жолында мезгіл-мезгіл бөгет (блокада) пайда болуымен сипатталады.
Классификация
Тұрақтылығына қарай:
а) өткінші
б) ұстамалы
в) созылмалы (тұрақты)
Орнының деңгейіне қарай:
а) проксимальдық (жүрекшелер немесе АВ – түйіні деңгейінде)
б) дистальдық (Гис будасының бағаны немесе оның тармақтары)
Дәрежесіне қарай: 3 дәрежені ажыратады (І, ІІ, ІІІ).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет