Созылмалы панкреатит


Клиника Бас айналу, бас ауру, жалпы әлсіздік Диагностика және емі. (ЭКГ сұлбасын сызыңыз )



бет10/37
Дата18.12.2022
өлшемі339,98 Kb.
#163177
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   37
Байланысты:
АААААААААААААААААААААААА
Акушер-гинекол тезисы
Клиника
Бас айналу, бас ауру, жалпы әлсіздік
Диагностика және емі. (ЭКГ сұлбасын сызыңыз )
АВ – блокадасының ІІ дәрежесінің 2 типін ажыратады.
І тип, немесе Мобитцтің І типі көбіне блокаданың проксимальді түрінде кездеседі және төмендегідей ЭКГ-белгілермен сипатталады:
1. P-Q (R) аралығы біртіндеп (бір комплекстен келесі комплекске) ұзарып отырып, бір қарыншалық QRST комплекс түсіп қалғанға дейін жетеді (ЭКГ-да Р тісшесі сақталған);
2. Қарыншалық комплекс түсіп қалғаннан кейін P-Q (R) аралығы қалыпты күйге оралады (немесе сәл ғана ұзарған болады). Әрі қарай көрсетілген өзгерістер қайталап отырады (Самойлов – Венкебах кезеңдері).
ІІ тип, немесе Мобитцтің ІІ типі көбіне дистальді блокадада кездеседі. Оның ЭКГ-белгілері:
1. QT комплексінің жүйелі (3:2, 4:3, 5:4 т.с. типтес) немесе жүйесіз түрде түсіп қалып отыруы;
2. Үдемелі ұлғаюы жоқ тұрақты (қалыпты немесе ұзарған) P-Q (R) аралығының болуы;
3. Кейде QRS комплексінің ұзаруы және деформациялануының болуы (дистальды блокада).
Емі. Вегетативтік проксимальды блокадаларда негізгі ауруды емдейді. Органикалық проксимальды блокадаларда жоспарлы түрде ЭКС қояды. Дистальдық АВ – блокадаларда толық АВ – блокада даму қаупі болатындықтан ЭКС шұғыл түрде қою керек. Миокард инфарктісі мен АВ – блокаданың ІІ дәрежесі қоса кездескенде уақытша эндокардиальды ЭКС қояды.


Анықтамасы
Атриовентрикулярлық блокадалар (АВ – блокадалар) – электр импульсінің жүрекше-лерден қарыншаларға өтуінің бұзылуы.
Атриовентрикулярлы блокада.1 дәрежесі
АВ-блокадасының І дәрежесі – жүректің өткізгіш жүйесінің кез-келген жерінде өткізгіштіктің баяулауы.
Классификация
Тұрақтылығына қарай:
а) өткінші
б) ұстамалы
в) созылмалы (тұрақты)
Орнының деңгейіне қарай:
а) проксимальдық (жүрекшелер немесе АВ – түйіні деңгейінде)
б) дистальдық (Гис будасының бағаны немесе оның тармақтары)
Дәрежесіне қарай: 3 дәрежені ажыратады (І, ІІ, ІІІ).
Клиника
Бас айналу, бас ауру, жалпы әлсіздік
Диагностика және емі. (ЭКГ сұлбасын сызыңыз )
ЭКГ – белгілері:
1. PQ (R) аралығының ұзаруы, негізінен PQ (R) сегментінің ұзаруының салдарынан;
2. Р тісшесі мен QRS комплексінің ұзақтығының қалыпты күйде болуы.
Блокаданың проксимальды түрінің ЭКГ-белгілері:
1. P-Q (R) аралығының ұзаруы Р тісшесінің ұзаруына байланысты болады (P > 0,11 с).
2. Р тісшесі жиі жарықшақтанған.
3. P-Q (R) сегментінің ұзақтығы 0,10 с жоғары емес.
4. QRS комплексінің түрі мен ұзақтығы өзгермеген.
Блокаданың дистальды түрінің ЭКГ-белгілері:
1. P-Q (R) аралығы ұзарған.
2. Р тісшесінің ұзақтығы 0,11 с аспайды.
3. QRSкомплекстерікеңіген (0,12 с жоғары) жәнедеформацияланған.
Емі.АВ– блокадасының І дәрежесініңфункциональдық түрінденегізгі аурудыемдеу керек және кезбе нервтің тітіркенуімен байланысты патологиялық рефлекстерді азайту керек. АВ – блокадасының І дәрежесінің органикалықтүрінде клиникалық белгілер жоқ болса, арнайы емнің қажеті жоқ. Гемодинамикалық ауытқулар болса, онда қоскамералы ЭКС қою керек.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет