Үнді мұхиты Оның алып жатқан көлеміне үш материк - екі Америка мен Африка еркін сыйып кетеді. Ал мұхит алғашқы оңтүстік жартышарда орналасқан. Үнді мұхиты су асты бедері жағынан айқын екі бөлікке (батыс және шығыс) бөлінеді. Мұхит түбінің батыс жағының бедері су астындағы шоңғалдар ажыратып жатқан әр түрлі тереңдіктегі көптеген ойыстар болып табылады. Шығысында кең көлемді суасты жазықтары көп болады. Антарктида жағалауларын бойлай тереңдігі 1400 м-ге дейін жететін науа созылып жатыр. Үнді мұхиттының ең терең жері - 7450 м.

Солтүстік Мұзды мұхит басқа мұхиттардың бәрінен айтарлықтай кіші. Ол ғаламшарымыздың солтүстігінде орналасқан, сондықтан оның жағасының бәрі оңтүстікке бағытталған.Солтүстік Мұзды мұхитын Атлант мұхитының солтүстік бөлігінен бөліп жататын табиғи шек бар.Солтүстік Мұзды мұхитқа тән сипат - оның бір-бірінен суасты жоталары арқылы оқшауланып жататын жеке-жеке мұхит ойыстарына бөлінуі. Солтүстік Мұзды мұхиттың ең терең жері - 5220 м. Бұл — ең тайыз мұхит. Солтүстік Мұзды мұхит суы астындағы материктік қалың мұз қабаттарымен қоса қайраңның болуы бір кездерде мұнда құрлық болғандығын дәлелдейді.
Теңіз - мұхиттың бір бөлігі. Суының қасиеттері, ағыстары, онда тіршілік ететін ағзалар жөнінен оның мұхиттан айырмашылығы болады. Теңіздер көбінесе құрлық жағалауында болады, бірақ кейде ашық мұхитта да кездеседі (Саргас теңізі, Фиджи теңізі).