5. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізген дұрыс. Оларға жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
5
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ Жиынтық бағалауға шолу
1-тоқсандағы жиынтық бағалаудың матрицасы
Бөлім
|
Тақырып
|
Оқу мақсаттары
|
*Тапсырма түрлері
|
Балл
|
Түсіну және жауап беру
|
«Керқұла атты Кендебай» ертегісі
«Қобыланды батыр» жыры
Асан қайғы «Асан қайғының жерге айтқан сыны»
|
Т/Ж1.Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау
Т/Ж2. Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау
Т/Ж3. Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу
|
Жауап нұсқаларынан бір дұрысын таңдау/жабық сұрақтар
|
5
|
Анализ және интерпретация
|
А/И2. Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау
А/И3. Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау
|
Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар
|
10
|
Бағалау және салыстыру
|
Б/С1. Шығармадағы эпизодтар арқылы тарихи құндылығын бағалау
|
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
|
5
|
Ұзақтығы: 40 минут
Түсіну және жауап беру - 5 минут Анализ және интерпретация - 15 минут Бағалау және салыстыру - 20 минут Балл саны: 20
Тапсырмалар түрлері Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлімнен, 11 тапсырмадан тұрады: Бірінші бөлім - түсіну және жауап беру, екіншісі - анализ және интерпретация, үшіншісі -бағалау және салыстыру дағдыларын тексеруге арналған.
6
Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі
«Қазақ әдебиеті» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1. «Керқұла атты Кендебай» ертегісінің тақырыбын атаңыз. А. әділдік
В. батырлық С. махаббат Д. ынтымақ
[1] 2. Батырлар жыры әдебиеттегі қандай жанрға жататынын анықтаңыз.
А. драмалық В. лирикалық
С. трагедиялық Д. эпостық
[1] 3. «Бұл не қылған дауыс?» деп, Қобыландының Естемістен сұраған сұрағына Естемістің жауабын табыңыз.
А. ... Бұл сапарға бармасын, Бұл олжадан алмасын. В. ...Тақымға салып сүйретіп, Қабырғасын күйретті. С. ...Теңгені атып түсірген, Құртқаны сұлу сол алар. Д. ...Көктім Аймақ патшасы, Кезекті бұған береді.
[1] 4. « - Мен айтсам, бұлардың айтып отырғаны - өтірік. Бұларға көрінбей мен де күзеттім. Түн ортасы кезінде екі балаңыз ұйықтап қалды...» деген үзінді ертегінің қай бөлігі екенін анықтаңыз.
А. Кендебайдың аралға баруы. В. Кендебайдың биені күзетуі.
С. Баланың ата-анасымен қауышуы.
Д. Кендебайдың хан бұйрығын орындауы.
[1] 5. «... Ұзақ жүріп шаршаған шығарсыз, ордама жүріп, тынығып кетіңіз», - дейді. Әңгімедегі қай кейіпкердің сөзі екенін анықтаңыз.
А.хан
В. кемпір С. екі бала
Д. жетім бала
[1] 6. Аңыз бойынша Асан қайғының мінезіндегі ерекшеліктерді анықтаңыз, ойыңызды 3-4 сөйлеммен жеткізіңіз. ________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________
[2] 7. Қарлығаның Қобыландыға көмектесуі дұрыс деп ойлайсыз ба? Ойыңызды 3-4 сөйлеммен дәлелдеп жазыңыз. ________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________
[2] 8. Кендебай батырдың бойынан қандай ерекшеліктерді көре алдыңыз? Өз көзқарасыңызды 3-4 сөйлеммен білдіріңіз. ________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________
[2]
8
9. Шығармада «Асан қайғы Желмая мініп желдіртіп,Сарыарқаны аралап жүргенде жерге айтқан сындары мынау екен...» делінген. Асан қайғының жерге айтқан сындарымен келісетіндігіңізді немесе келіспейтіндігіңізді білдіре отырып, ойыңызды 3-4 сөйлеммен жеткізіңіз. ________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________
[2] 10. «Кендебай ай сайын емес, күн сайын өсіпті, алты күнде күліпті, алпыс күнде жүріпті, алты жылда жігіт болыпты. Сондай күшті болыпты, алысқанын алып ұра беріпті, күрескенін жыға беріпті...» деген үзіндідегі ертегіге тән сипаттарды анықтаңыз. Өз тұжырымыңызды 3-4 сөйлеммен түйіндеңіз. ________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________
[2] 11. «Асан қайғының жерге айтқан сыны» аңызындағы автор идеясын анықтап, сараптама жасаңыз. 70-80 сөз көлемінде өз көзқарасыңызды дәлелдеп, жазба жұмысын жазыңыз. ________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________
[5] Балл қою кестесі
№ 1 2 3 4 5
6
7
8
9
10
11
Жауап В Д С В В
Аңыз бойынша Асан қайғының мінезіндегі сыншылдық қасиеттерін анықтайды.
Өз ойын 3-4 сөйлеммен білдіреді.
Қарлығаның іс-әрекетіне баға береді. Өз көзқарасын білдіріп, 3-4 сөйлеммен дәлелдеп жазады.
Кендебайға мінездеме береді.
Өз көзқарасын 3-4 сөйлеммен білдіреді.
Орынды пікір білдіріп, дәлел келтіреді.
Өз көзқарасын 3-4 сөйлеммен білдіреді.
Ертегіге тән сипаттарды анықтайды.
Өз тұжырымын 3-4 сөйлеммен түйіндейді.
Шығармадағы автор идеясын анықтайды.
Мәтіннен дәлел келтіреді.
Аңыздағы Асан қайғының жерге айтқан сынын сараптайды.
Өз көзқарасын білдіреді.
Жазба жұмысының көлемін сақтайды.
Балл 1 1 1 1 1
1
1 1
1
1 1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
Қосы мша ақ пар ат
Жазба жұмысында Асан қайғының жерге айтқан сындарына сараптама жасалынады. Жерлердің шаруаға жайлы, жайсыз жақтарын айтқан тұстарын анықтайды, аңыздан мысал келтіріп, дәлелдейді.
Достарыңызбен бөлісу: |