Спорт өмір көркі атты спорттық сайыс



Дата09.03.2023
өлшемі24,68 Kb.
#171520
Байланысты:
Спорт-өмір көркі спорттық жарыс (1)



Спорт - өмір көркі атты спорттық сайыс

Тақырыбы: Спорт - өмір көркі.

Мақсаты: Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Міндеті: Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгеру;
Оқушылардың икемділігі мен ептіліктерін, мергендік пен шапшаңдылық қабілеттерін дамыту.
Түрі: Эстафеталық ойын
Өтілетін орны: Спорт залы
Көрнекілігі: түрлі-түсті шарлар, доптар, кедергілер, жалаушалар,ысқырық, уақыт өлшеуіш.

Барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі


ІІ.Негізгі бөлім
Құрметті мұғалімдер, оқушылар бүгінгі «Спорт - өмір көркі» сайысына қош келдіңіздер!
Көңілді жарысқа 7-8сынып оқушылары қатысады.
Жарысқа қатысушыларды ортаға шақырамыз.
Ұстанған салауатты өмір салтын,
Жасқанып, ешқашан да мойымайтын,
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық, қане, халқым!

- Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.


- Спорттық сайсымыз 5 баллдық жүйемен бағаланады.
І. Кезең. Әдемі жүр сыпайы күл. Сергіту жаттығуы
ІІ кезең: Кедергілерден өту арқылы «Секіртпемен секіру»
ІІІ кезең: «Туннельден өту», Пантомима
Шарты: Әр топқа матадан жасалған туннель беріледі. Әр ойыншы туннель арасынан өтіп, белгіленген жерге дейін жүгіріп,берілген суреттерге қарап тобына қимыл іс, ишарамен еппен бейнелейді
ІV кезең:Кедергілерден өту арқылы кольцоға доп салу.Сұрақтарға жауап беру
V кезең: Арқан тартыс

Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар! Сайысымызды бастаймыз. «Қырандар» тобын ортаға шақырамыз

«Сұңқар» тобын ортаға шақырамыз

Әр кезең сайын әділқазылар өз бағасын береді.

ІІІ. Қорытынды бөлім:
Көрсетті міне өз өнерін балалар,
Сайыстың да соңы келіп таянар.
Жеңімпазды анықтайық қанекей,
Әділқазы сайысты әділ бағалар,
-деп, сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау үшін сөз әділқазыларға беріледі.

Спорт – көркі өмірдің,


Спорт- досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып, өсіп, толарсың, - демекші салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етейік!

«Ақалтын» жалпы орта мектебі




Спорт- өмір көркі

(Эстафеталық сайыс)

2022-2023 жыл

  1. Топқа қойылатын сұрақтар

Жануарлар әлемі. Жәндіктер.
1. Зоология ғылымы... зерттейді:
А) жануарларды
2. Дизентерия ауруын тарататын -
А) шыбын,
3. Есту мүшесі
Құлақ
4. Тірі табиғатта жүйелеуде аса зор еңбек сіңіріп, жүйелеу атасы аталуы:
В) К. Линней
5. Тыныс алу мүшесі
Өкпе
6. Абиотикалық факторды ата
Жарық, жаңбыр,күн
7.Өсімдіктің жер асты мүшесі
Тамыр
8. Талшықтылар класына жататын жәндіктер:
жасыл эвглена
9. Құм шіркейлері арқылы таралатын тері ауруының түрі:
лейшманиоз
10. Гүлдің көбею мүшесі
Гүлі ,жемісі
11. Безгек ауруының қоздырушысы (таратушы):
маса
12.Экология зерттейді
Қоршаған ортаны

2-топқа қойылатын сұрақтар


1.Биология зерттейді
Тіршілікті
2.Жасуша дегеніміз не
Тіршіліктің ең кіші өлшемі
3. Зоология нені зерттейді
Жануарларды

4. Адам көз арқылы қанша пайыз ақпаратты қабылдайды


80
5. Сүйектің қасиеті
Беріктік
6. Көру мүшесі
Көз
7. Консументтерге жатады
Жыртқыштар
8. Продуценттерге жатады
Өсімдіктер
9. Ғаламшарымыздың асханасы
Жасыл өсімдіктер
10. Фотосинтез процесіне қатысады
Жасыл өсімдіктер
11. Өсімдіктің қай мүшесі фотосинтез процесіне қатысады
Жапырағы
12.Өсімдік мүшелері
Гүл,жапырақ ,сабақ

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет