Спортшылар үшін төрт жылдық (олимпиадалық) кезеңге біліктілік талаптарын бекіту туралы



бет47/53
Дата08.06.2018
өлшемі2,7 Mb.
#41707
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   53



      Разрядтық нормалар мен талаптарды орындау шарттары:
      1. ХДСШ атағы Қазақстанның Сурдолимпиялық федерациясының, ЦИСС, Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің, Қазақстан Республикасы Жеңіл атлетика федерациясының күнтізбелік жоспарына енген Сурдолимпиялық ойындарда, халықаралық немесе республикалық жарыстарда нәтиже көрсеткен спортшыларға беріледі, бұл ретте мұндай жарыстарға жоғары санатты кемінде 3 төреші төрелік етуі тиіс.
      СШ атағы облыстық деңгейден төмен емес жарыстарда, сондай-ақ ашық чемпионаттар мен турнирлерде нәтиже көрсеткен спортшыларға беріледі, бұл ретте мұндай жарыстарға жоғары және республикалық санаттағы кемінде 3 төреші төрелік етуі тиіс.
      2. Автохронометражды пайдалану арқылы жазылатын нәтижелер разрядтық нормалардың кестесінде «а» әрпімен көрсетілген. Қолмен жазылатын хронометражда нәтижелер белгісіз көрсетілген. Автохронометраждың нормалары қарастырылмаған қашықтықтағы автохронометражда разрядтық нормалар қолмен жазылатын хронометражға 0,24 сек. қосумен анықталады.
      3. СШ 100 м-ге, тосқауылдар арқылы 100 м-ге жүгіргенде және тосқауылдар арқылы 110 м-ге жүгіргенде қолмен жазылатын хронометражды пайдалану кезінде бір жылдың ішінде екі рет тиісті нормаларды орындаған жағдайда беріледі.
      4. Разрядтық нормалардың кестесіне енетін орынжайда жүгіруден атақтар мен разрядтар беру кемінде 200 м шеңбер бойынша тек жүгіру жолының бойымен пайдаланылады, орынжайлардағы жарыстарға арналған разрядтық нормалар болмаған жағдайда стадионға арналған нормалар пайдаланылады.
      5. Тосқауылдармен жүгіргенде, лақтыруларда және көпсайыста жас ерекшеліктеріне қарай кедергілі қашықтықтар мен снаряд салмақтарының келесі параметрлері қолданылады (кестеге қараңыз).


      6. Жеңілдетілген снарядтармен және төмен кедергілермен разрядтық нормаларды орындау І-ге дейін, қоса алғанда барлық разрядтарда қамтылған. СШҮ, СШ және ХДСШ нормалары ересек спортшыларға арналған (18 жас пен одан ересектер) тосқауылдармен жүгіру мен снарядтар салмақтарының параметрлерін пайдалану кезінде ғана есепке алынады.
      7. Желдің жылдамдығы ескерілетін рекордтарды тіркеу болатын жеңіл атлетиканың түрлерінде ХДСШ мен СШ нәтижелері желдің жылдамдығы кемінде 2 м/с болғанда, көпсайыста 4 м/с болғанда есепке алынады.
      8. Көпсайыстың құрамы:
      Ерлер:
      Онсайыс: 100м, ұзындық, ядро, биіктік, 110 м т/мен, диск, сырық, найза, 1500 м.
      Жетісайыс: 60 м, ұзындық, ядро, биіктік, 60 м т/мен, сырық, 1000 м.
      Бессайыс: ұзындық, найза, 200 м, диск, 1500 м.
      Төртсайыс: жүгіру, секіру, басқа көпсайысқа енетін түрлерді таңдауы бойынша лақтыру.
      Әйелдер:
      Жетісайыс: 100 м т/мен, биіктік, ядро, 200 м, ұзындық, найза, 800 м.
      Бессайыс: 60 м т/мен, биіктік (немесе ұзындық), доп, 500 м.
      Үшсайыс: жүгіру, секіру, басқа көпсайысқа енетін түрлерді таңдауы бойынша лақтыру.
      9. Көпсайыстарда бағалау нәтижелері 1985 жылғы ИААФ кестесі бойынша жүргізіледі, төртсайыс арнайы кесте бойынша бағаланады.
      10. Жүгіруден (кросс) өтетін жарыстарда жас ерекшеліктеріне қарай әрбір топта бір жылдың ішінде кемінде 2 қашықтық топтастырылады.
      11. ХДСШ мен СШ атақтарын алу үшін бас төрешінің қолы қойылған анықтама мен аталған спорт түрі бойынша хаттаманың толық көшірмесі болуы керек.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2012
2012 -> Қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметова жоспар
2012 -> Әлия Молдағұлова Нұрмұхамедқызы (шын есімі Ілия) Қаһарман қазақ қызы
2012 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2012 -> Альберт эйнштейн
2012 -> Л. Г. Матвеенкова
2012 -> Абылай хан
2012 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2012 -> Ыбырай Алтынсарин Мақсаты: ақынның өмірі мен
2012 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2012 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет