Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы



бет31/45
Дата12.10.2020
өлшемі208,5 Kb.
#64830
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   45
      андростендиол (андрост-5-ен-3b, 17b-диол), андростендион (андрост-4-ен-3,17-дион), дигидротестостерон (17b-гидрокси-5a-андростан-3-он); прастерон (дегидроэпиандростерон, ОНЕА), тестостерон,
      сондай-ақ мынадай метаболиттер мен изомерлер:
      5a-андростан-3a, 17a-диол; 5a-андростан-3a, 17b-диол; 5а-андростан-3b, 17a-диол; 5a-андростан-3b, 17b-диол; андрост-4-ен-3a, 17a-диол; андрост-4-ен-3a, 17b-диол; андрост-4-ен-3b, 17a-диол; андрост-5-ен-3a, 17a-диол; андрост-5-ен-3a, 17b-диол; андрост-5-ен-3b, 17a-диол; 4-андростендиол (андрост-4-ен-3b, 17b-диол); 5-андростендион (андрост-5-ен-3,17-дион), эпидигидротестостерон; 3a-гидрокси-5а-андростан-17-он; 3b-гидрокси-5a-андростан-17-он; 19-норандростерон; 19-норэтиохоланолон.
      Егер қандай да бір анаболиялық андрогендік стероидтерді ағзаның өзі қорыта алса, онда сынақтың құрамында осындай тыйым салынған субстанция бар болып саналады және осындай тыйым салынған субстанциялардың концентрациясы немесе олардың метаболиттерінің, не маркерлерінің концентрациясы және/немесе спортшының сынағындағы олардың тиісті арақатынасы адамдар үшін кәдімгі болып табылатын нормалардың мөлшері шегінен шықса және ағзаның кәдімгі эндогендік қорытуына сәйкес келмеген жағдайларда, талдау нәтижесі жағымсыз екендігі туралы хабарланады. Егер спортшы тыйым салынған субстанцияның концентрациясы немесе олардың метаболиттері, не маркерлердің және/немесе спортшының сынағындағы олардың тиісті арақатынасы оның патологиялық немесе физиологиялық жай-күйіне әсер ететініне дәлелдер келтірсе, сынақ құрамында тыйым салынған субстанция бар болып саналмайды.
      Барлық жағдайларда және кез келген концентрацияларда спортшының сынағында тыйым салынған субстанция бар болып саналады, егер кез келген сенімді әдісті (мысалы, IRMS) негізге ала отырып, зертхана жағымсыз талдау нәтижесі туралы хабарласа, ол тыйым салынған субстанцияның экзоген сипатта екенін дәлелдей алады. Мұндай жағдайда одан әрі тексеру жүргізудің қажеті жоқ.
      Адамдар үшін кәдімгі болып табылатын норма мөлшерінен концентрацияның ауытқуы болмаса және кез келген сенімді әдісті қолдану нәтижесінде (мысалы, IRMS), субстанцияның экзоген тектес екені анықталмаса, бірақ бұл ретте эндогендік стероидтік көріністерді салыстыру негізінде тыйым салынған субстанцияны пайдаланудың орын алуы мүмкін деп болжам жасауға болатын негіздер болады немесе зертхана тестеронның эпитестостеронға 1-ге 4-тен астам қатынасы туралы хабарласа, ал кез келген сенімді әдісті қолдану (мысалы, IRMS) субстанцияның экзоген тектес екенін анықтауға мүмкіндік бермейді, тиісті допингке қарсы күрес ұйымы кез келген алдыңғы тестілердің нәтижесін зерделеу немесе бұдан кейін тестілеу жүргізу арқылы тексерулер жүргізеді.
      Мұндай қосымша тексеру талап етілгенде, зертхана нәтижелерді жағымсыз ретінде емес, үлгілік емес деп хабарлайды. Егер қосымша сенімді әдісті қолдану нәтижесінде (мысалы, IRMS) зертхана тыйым салынған субстанция экзоген тектес екенін хабарласа, бұдан әрі тексеру өткізудің қажеттілігі жоқ және сынақтың құрамында осындай тыйым салынған субстанция бар болып саналады.
      Егер талдаудың қосымша сенімді әдісі қолданылмаса (мысалы, IRMS) және кем дегенде алдыңғы үш тесттің нәтижелері болмаса, онда тиісті допингке қарсы күрес ұйымы үш ай мерзім кезеңінде алдын ала хабарлаусыз үш тест өткізу арқылы сол уақытқа спортшының стероидтік көрінісі айқындалады. Сол уақытқа стероидтік көріністі зерделеуге әкеп соққан нәтижелер үлгілік емес болып хабарланады. Егер сол кезең ішінде кейінгі тестілердің бірқатары негізінде айқындалатын спортшының стероидтік көрінісі физиологиялық қалыпты болып табылмаса, онда талдаудың жағымсыз нәтижесі туралы хабарланады.
      Өте сирек жекелеген жағдайларда зәрдің құрамында өте төмен концентрациялардағы бір миллилитрге (нг/мл) бірнеше нанограммнан эндоген тектес болденон жүйелі түрде табылуы мүмкін. Егер зертхана осындай болденонның төмен концентрациясы туралы хабарласа, ал сенімді талдау әдісін қолдану (мысалы, IRMS) экзоген тектес субстанцияларды айқындауға мүмкіндік бермесе, онда кейінгі тестілеулер өткізу негізінде бұдан әрі тексерулер жүргізілуі мүмкін.
      Зертхана талдаудың жағымсыз нәтижесі туралы хабарлағанда, 19-норандростерон сияқты субстанцияның бар екені ескертілсе, экзоген тектес тыйым салынған субстанцияның ғылыми және негізделген дәлелі ретінде қаралады. Мұндай жағдайда бұдан әрі тексеру жүргізудің қажеті жоқ.
      Тексеру жүргізу барысында спортшы ынтымақтасудан бас тартқан жағдайда, спортшы сынағының құрамында тыйым салынған субстанция бар болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет