3. Бейімделудің негізгі қызметті тиімділігі, үнемдеп іске қосу, қорлардың мүмкіндіктерін жоғарылату, қалпына келтіру, тұрақтылық, қызметтердің сенімділігі. Бейімделу өзгерістерінің қайтымдылығы. Бейімделу кезеңі тұсында жүректің соғу жиілігіндегі және тері температурасы арасындағы
өзгерістер тығыз байланыста болады: дене температурасының күннен-күнге біртіндеп
төмендеуі жүректің соғу жиілігінің төмендеуімен және жүректің соғу көлемінің ұлғаюымен
жүреді.
Қоршаған ортаның жоғары температурасы жағдайында жұмыс кезіндегі жүрек-тамыр жүйесі
әрекетіндегі біршама айқын өзгерістер жұмыс істеп тұрған бұлшық еттерден келетін
рефлекторлы әсерлердің және термореттегішті рефлекторлы әсерлердің жинағын
көрсетеді. Бұдан басқа, қоршаған ортаның жоғары температурасы жағдайындағы жұмыс
кезінде салатамырлық қысымның төмендеуі барорефлекстердің қосымша әсерлерін тудыру
мүмкін.
4. Дене жүктемелерінде жедел және ұзақ уақыт бейімделудің сапасы және тиімділігін