Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ


Екінші  – жаңа білімді игеру кезеңінде оқушыларға тӛмендегі кесте ұсынылады.  Ішіне Сыртына



Pdf көрінісі
бет13/222
Дата20.05.2024
өлшемі4,1 Mb.
#202563
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   222
Байланысты:
Жинак республ docx

Екінші 
– жаңа білімді игеру кезеңінде оқушыларға тӛмендегі кесте ұсынылады. 
Ішіне Сыртына
Келтірілген мысалдардан есептік сан есімнің басқа сан есімнің түрлерін 
жасауға ұйтқы екендігін ӛздері дәлелдейді. 
Ҥшінші –
тәжірибелік дағды қалыптастыру кезеңінде оқушылар ауызша және 
жазбаша тапсырмаларды орындайды. 
Сабақ қорытындыланып
, белсенділік танытып, жақсы қатысқан оқушылар 
балдық жүйемен бағаланады. Үйге «Менің ғұмырнамам» тақырыбына есептік, 
реттік сан есімдерді қатыстырып, шағын ӛмірбаян жазып келу тапсырылады. 
Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллетуалдық, кәсіптік, 
адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да кӛптеген адами келбетінің 
қалыптасуына, ӛзін-ӛзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына 
игі әсерін тигізеді, сондай-ақ тілді оқыту үрдісінде оқушылардың білім қорын 
молайтуға, 
белсенділіктерін 
арттыруға, 
шығармашылық 
қабілеттерін 
жетілдіруге кӛмектеседі. Оқушылар ӛз тәжірибелерін бір-бірімен, мұғаліммен 
қарым-қатынас жасау арқылы толықтырады. 


Халқымыздың рухани кӛсемі Ахмет Байтұрсынұлы «Мұғалім әдісті кӛп білуге 
тырысу керек, оларды ӛзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек», - 
дегені әр мұғалімнің жадында болуға тиіс. 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Беспалько В.П. Слагаемое педагогической технологии. - М.: «Педагогика», 
1989. 
2. Выготский Л. Образование. – Москва, 2000. 
3. Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы 
ретінде.- Алматы, 2002. 

 
 
САБАҚТЫ ЖОСПАРЛАУ КЕЗІНДЕГІ САРАЛАУ ТӘСІЛДЕРІН
ҚАРАСТЫРУ 
С.Ергарина 
Ақтау қаласы, әдістемелік орталық әдіскері 
 
Баланың әсерленуі, суреттеу, ойлау, һәм сезінуі
ержеткен адамнан әжептәуір басқа.
Баланың бұл кӛріністерінің әрқайсысының
жеке-жеке алғанда басқалығы болған сықылды,
бұлардың бәрін тұтас алғанда да басқалық бар.
М.Жұмабаев 
 
Саралап оқыту – бұл білім алушыға білім берудің қолайлы әдіс-тәсілдерін 
қолдана отырып, білім беруге бағытталған әрекет. Бұл оқушының қабілетін, 
бейімділігін, қызығушылығын ескере отырып, жеке басын дамытуда 
қамтамасыз ететін білім беру тәсілі.
Саралап оқыту – оқуды саралаудың және баламен жекелей жұмыс 
жасаудың тәсілі, оқу материалын игерудің жетістігі, яғни оқушыларға дер 
кезінде кӛмек беру, қабылдау деңгейіне қарай тапсырма беру. Мұғалім сабақ 
жоспарлауда саралап оқытудың тәсілдерін қолдана отырып құрастырғаны жӛн. 
Мұғалімнің қазметі оның білімі мен шеберлігіне, жоспарлаған сабақта 
қолданатын әдіс-тәсілдерді мақсатты, ұтырымды қолдана білуіне байланысты. 
Мұғалім оқушының жұмысын бақылап қана қоймай, оқушымен жеке жұмыстар 
жүргізеді. 
Жаңартылған оқу мазмұны жағдайында оқытудағы саралаудың маңызы 
зор. Қазіргі таңда барлық баланы бірдей әдіспен оқыта алмаймыз.Әр баланың 
ерекшелігіне, қажеттілігіне қарай әдістемені қолдана білуіміз керек. Саралап 
оқыту барысында барлық оқушылар қол жеткізетін, нақты ӛлшенетін нәтижеге 
қол жеткіземіз.
Саралап оқыту – баланың қабылдауын, қабілетіне, психофизиологиялық 
даму ерекшелігіне қарай қолданылатын тәсіл. 
Саралап оқытуды жоспарлау – оқу үдерісінде әр түрлі топтарда бейімдеу 
үшін мүмкіндік беретін дидактикалық жүйенің бір бӛлігі. Саралап оқытудың 
алғашқы формасы дарындылық бойынша қабілетті балаларды жекелеп оқыту 


болып табылады. Оқыту мен оқуда оқушылар қажеттілігіне негізделген барлық 
оқушыларды қамтамасыз етуді кӛздейтін бірегей әдіс ретінде қолданылып
келеді.
Саралау тапсырмалары белгілі бір шарттар сақталғанда жүзеге асады: 
-
дағдылар 
қалыптасуы 
және 
жетілдірілген 
оқу 
жоспарының 
функционалды деңгейдегі диагностикалық бақылауы болған кезде; 
-
зерттеу нәтижелерін қолдана отырып, оқушылар топтарын құрған кезде; 
-
жетілдірілген оқытудың нәтижесін бағалау кезінде.
Сабақ жоспарын әзірлеу кезінде сыныптағы барлық оқушылардың қабілетін, 
қажеттіліктерін, мүмкіндіктерін ескеруге, сондай-ақ ӛткізілетін тақырыптың 
құрылымы мен жүйесін, мазмұнын сақтай отырып, тӛмендегідей қағидалар 
басшылыққа алынады. 
-
күрделендіру қағидасы (сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттырады) 
-
тереңдету қағидасы ( зерттеу дағдыларын жетілдіреді) 
-
тегеурін қағидасы ( ашық тапсырмаларды шешу дағдыларын дамытады) 
-
креативтілік қағидасы (шығармашылық дағдыларындамытуға мүмкіндік 
туғызады) 
-
жеделдету қағидасы (оқу бағдарламасын тиімді оқыту әдістері арқылы 
жылдам меңгерту) 
Саралаудың педагогикалық және психологиялық тұрғыдағы негіздерін 
ескерсек, оқуды саралаудың қазіргі таңдағы білім беру саласына қосар үлесі 
зор. Білім берудегі саралау мақсаттары "оқушы - мұғалім" жүйесінде 
субьективті қарым-қатынастарға ауысу үшін қолайлы жағдайлар жасау, бір-
бірінің даму жағдайы мен даму құралы болған кезде психологиялық тұрғыда 
жүзеге асады. Ал әлеуметтік тұрғыда қоғамның шығармашылық, 
интелектуалды, кәсіби қалыптастыруға, мүмкіндіктерді барынша пайдалануға 
ұмтылу жағдайында қалыптасады. Сонымен қатар, білім берудің сыртқы және 
ішкі дифференциясына негізделген жаңа әдіснамалық жүйені құру арқылы 
оқушылардың ӛзекті мәселелерін шешу барысында әдістемелік тұрғыда 
мақсатқа қол жеткіземіз. Дидактикалық тұрғыда оқушылардың жеке 
қабілеттеріне сәйкес ұйымдастырылған әдістердің, формалардың және 
құралдардың жиынтығын іске асыру арқылы әр оқушының мүмкіндіктерін 
дамыту үшін оңтайлы жағдайлар жасауда нәтижесі айқындалады.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда саралау тәсілін қолданып түрлі 
жетістіктерге қол жеткізуге болады. Оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым 
дағдыларын жетілдіруде, мәтіндермен бірнеше жұмыс түрлерін ұйымдастыру 
кезінде саралау тәсілінің маңызы зор. ДЖИГСО әдісі негізінде ресурстарды, 
ақпарат материалдарын пайдалануда топтық жұмыс жасап (оқушы деңгейін 
анықтап алып), тапсырмаларды күрделендіріп беруге мүмкіндік туғызады. 
Шығармашылықпен айналысатын оқушыларды анықтау үшін сабақ барысында 
оқушының жас ерекшелігіне қарай белгілі бір тақырып беріп, мәтін құрау, 
ертегі құрастыру, ӛлең шығару, т.с.с. жеке жұмыстар жүргізуге болады. Кей 
жағдайда презентация дайындауды да тапсырма етіп беріп, зерттеу 
жұмыстарын іске асыруға да болады. Қабілеті жоғары оқушылар ӛз бетінше 
ізденуге, жоба құрастыруға машықтанады. Жаңадан жаңаны табу және басқа 
пәндермен байланыс орнату, ғылыми терминдерді қолдану, тақырып 


деңгейінен тыс жұмыстар жүргізу – оқушының сыни тұрғыдан ойлау қабілеті 
мен зейінін толықтыра түседі. Оқушы ӛз бетінше жұмыс жасауға бейімделеді.
Қазіргі таңда, мұғалім сабақты жоспарлау кезінде саралау жұмысының 
жалпы ортақ қабылданған тәсілдерін қарастырған жӛн. 
-
тапсырма (білім деңгейі әр түрлі оқушыларға арналған тапсырмалар) 
-
дереккӛздер (ауқымы талқылануға негіз болатын мәтіндер) 
-
қарқын (оқушы деңгейіне қарай қолданылатын тәсіл) 
-
жіктеу (топқа бӛлу) 
-
диалог және қолдау кӛрсету (ынталандыру, мадақтау) 
-
қорытынды (анализ) 
-
бағалау (оқушы қажеттілігіне қарай қолданылатын тәсіл) 
Психолог Н.А.Менчинская: «Оқыту тиімділігі оның мазмұны мен әдістеріне 
ғана тәуелді емес, сонымен қатар, оқушылар тұлғасының жеке басы 
ерекшеліктеріне байланысты» - деген. Олай болса, саралап оқытудың 
тәрбиелік мәні жағын қарастырар болсақ, оқушының ойлау қабілетін арттырып 
қана қоймай, сыныптағы ынтымақтастыққа әсер етіп, оқушы бойындағы 
жанашырлық сезімдерін қалыптастырады.
Қорыта айтқанда, мақсат нәтижеге жеткізеді, нәтижеден жетістік 
туындайды. Жетістікке жеткен оқушының алар асуы мен шығар шыңы кӛп. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   222




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет