Сонымен, жаңашыл педагогтердің инновациялық тәжірибесі тұлғаны дамытуда
ізгілік және шығармашылық кӛзқарасқа негізделген әдістер мен жүйесін
құрайды. Мұғалімнің қабілетті оқушылармен жұмыс жасау бейімділігін де
диагностикалау қажет, яғни «субъект-субъект» парадигмасының орындалуы,
оқушы мен мұғалім арасындағы синергетикалық педагогиканың басшылыққа
алынуы қажеттігін түсіну болып табылады. Ол үшін ӛзінің сабақ беретін пәнін
мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білу керектігіне кӛз жеткізу:
оқушы дарындылығының моделі мен қазіргі заманға сай оқытудың жаңа
технологияларын білу, дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгірімге
ғана кӛңіл бӛлмей оның басқа да кӛрсеткіштерімен байланысына да кӛңіл бӛлу,
дарынды оқушылардың ерекшелігін ескере отырып, оларға шығармашылықпен
жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындай білуі қажет.
Сондай-ақ дарынды оқушылармен нәтижелі жұмыс жасайтын мұғалімнің
кәсіби ―бейнесі‖ мынадай қасиеттерден тұрады: жоғары кәсіби біліктілік,
даралық қасиет, білімпаздық, ойлап табуға және ғылыми зерттеу жұмысына
қабілеттілік, кәсіби қызметін ӛздігінен жетілдіруге ұмтылушылық. Дарынды
оқушымен жұмыс мұғалімнің ӛзіне, қызметіне және кәсіби біліктілігіне жаңа,
жоғары талаптар қояды.
Достарыңызбен бөлісу: