Пайдаланған әдебиеттер:
1.
Бұзаубақов Ж.К., Сартбаев Т.С., Рамазанова С.А. Қазіргі жаратылыстану
концепциясы. Шымкент, 1999
2.
Имильянов Л.А. Концепция современного естестознания. М., 1997
3.
Зыкина З.А. Концепция современного естестознания. Алматы, 1998
ҤШТҦҒЫРЛЫ ТІЛ САЯСАТЫН ЖҤЗЕГЕ АСЫРУ
Хидоятова Насиба Султаниязова
№113 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мҧғалімі,
Шымкент қаласы
Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-
жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде
қолдану - заман талабы. Тәуелсіз Қазақстанның ел басқарушысы Нұрсұлтан
Әбішұлының кезекті Жолдауында қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту,
дамыту және жетілдіру мәселелері сӛз болғаны баршамызға мәлім.
Сондай-ақ, мемлекет басшысы: «Біз қазақ тілін жаңғыртуды жүргізуге тиіспіз.
Сонымен қатар, әбден орныққан халықаралық және шет тілінен енген сӛздерді
қазақ тіліне аудару мәселесін біржола шешу қажет» дегенді шегелеп тұрып
тапсырған еді.
Қазақстан
Республикасының
білім
беру
ұйымдары
оқушылардың
функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мақсатымен коммуникативтік
құзыреттіліктің негізін қалыптастырады. Қазақстан Республикасының білім
беру ұйымдары үштілділік саясатын 1-сыныптан қазақ, орыс және ағылшын
тілдерін оқыту арқылы жүзеге асырады.
Үш тілді оқу сӛйлеу әрекетінің тӛрт тілдік (тындалым, айтылым, оқылым
және жазылым) дағдысын дамыту арқылы коммуникативтік дағдыларды
қалыптастыруға бағытталған.
«Қазақ тілі» (Т2) пәні мектептің білім беру тілінде оқытылады. Мектептердің
үштілділік саясаты тілдерді оқыту әдіс-тәсілдерін, тілдік пәндердің және ӛзге
пән мұғалімдерінің рӛлдерін анықтайды.Үштілділік саясатының жүзеге
асырылуы «Қазақ тілі» (Т2) пәні бағдарламасының келесі бӛлімдерінде
кӛрсетілген:
«Қазақ тілі» (Т2) пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер»
бӛлімінде (5-бӛлім), мұғалімнің, пәнді меңгертуге қажетті тілдік білім мен
дағдыларды қалай жетілдіретіндігі анықталған.
«Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту» бӛлімінде (8-бӛлім),
мұғалімдердің, пән арқылы тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым
дағдыларын жоғары деңгейде қалай дамытатыны сипатталған.
«Қазақ тілі» (Т2) пәнін оқып үйренудің нәтижелерін бағалаудың тәсілдері»
бӛлімінде (9-бӛлім) бағалау тілі белгіленген.
Демек,болашағын ойлаған ӛркениетті жұрттардың барлығы да баласын
жерден таяқ жейтін жастан асқан кезінен бастап білімге баулиды, дүниенің
сырын тануға сатылап үйретеді. Әрбір сатыда берілетін білім оқушының келесі
сатыдағы білімді меңгеруіне алғышарт жасайтындай, соны қамтамасыз
ететіндей болып құрылымдануы тиіс. Сол сатылы таным жүйесі, ең әуелі,
бастауыш білім, содан соң негізгі саты, соңында бейіндік оқыту кезеңі деп
аталады. Ана тілін оқыту жүйесі бойынша бастауыш сатыда бала әріп танып,
сауатын ашады, оқи білуге, жаза білуге, тыңдай білуге, ӛз ойын дұрыс жеткізе
білуге үйренеді. Сол дағдыларды меңгеру арқылы бала келесі сатыда, яғни
мектептің негізгі сатысында берілетін ғылыми білімді қабылдауға дайын
болады.
Мектептің негізгі сатысындағы (5-9-сыныптарда) басты мақсат: белгілі бір
ғылым негіздеріне сүйеніп, жасӛспірімді тілдің жүйесі арқылы аса маңызды
рухани құндылықтың - ана тілінің маңызын түйсінуге, ерекшелігін тануға, сӛз
арқылы ойды жеткізудің сыры мен қырын зерделеуге үйрету. Сондықтан бұл
сатыдағы оқу пәндері белгілі бір ғылым саласының заңдылықтарына сүйенген,
баланың қабылдауына, ӛресі мен танымына лайықталып жүйеленген ғылыми
білімге негізделеді. Ал бағдарлы сатыда оқушының сӛз мәдениеті мен
пікірталас мәдениетін игеруіне мүмкіндік беріледі. «Қазақ тілі» пәнінің
жаңартылған оқу бағдарламасында осы сатылы-сабақтастық жүйе жоғары
деңгейде емес. Мәселен, орфографияға қатысты тақырып 5-сыныпта да, 10-
сыныпта да бар. Не оқу мақсатында, не тілдік бағдарда олардың ара-жігі анық
кӛрсетілмеген.
Тағы бір айтарымыз жаңа бағдарламада ана тілінің мазмұны лексикалық
тақырыптар берілген де, теориялық материалдар сол тақырыптарға жапсырма
ретінде «тілдік бағдар» деген бӛлікте ғана, оның ӛзінде де шашырай берілген.
Мысалы, «Қазақ тілі» пәнінің бағдарламасында «Қиял әлемі», «Сән мен
талғам», «Аспан денелері», «Кӛлік түрлері» деген сияқты лексикалық
тақырыптар берілгенде, теориялық материалдар сол тақырыптарға жапсырма
ретінде «тілдік бағдар» деген бӛлікте ғана ұсынылған. Нақты оқыту нысаны
болмағандықтан, тіл пәнінің ӛзіндік табиғаты бұлыңғыр, кӛмескі тартқан. Егер
«Қазақ тілі» оқулықтарының сыртқы мұқабасын алып тастап, оның тек
мазмұнын ғана кӛрсеңіз, оның қай пәннің оқулығы екенін ажырата алмасыңыз
анық. Себебі бастауын ХХ ғасырдың алғашқы ширегінен алатын, негізін
А.Байтұрсынұлы қалаған тілдік жүйе жоқ.
Пәннің жаңартылған оқу бағдарламасы екінші (шетел) тілді үйретудің заңымен
түзілген. Оған қазақ мектебіне арналған «Қазақ тілі» мен оқу орыс тілінде
жүретін мектептерге арналған «Қазақ тілі» оқу бағдарламаларындағы пәннің
оқу мақсаты мен міндеттерінің бірдей, айна-қатесіз қайталануы, екі пәнде де
бірдей лексикалық тақырыптардың ұсынылуы, оқу нәтижелерінің тыңдалым,
оқылым, жазылым, айтылым түрлері бойынша түзілуі бұлтартпас дәлел болады.
Достарыңызбен бөлісу: |