ОҚЫЛЫМ ДАҒДЫСЫН МӘТІНДЕР АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ
Медетова Гҥльжан Бекболатовна
№88 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мҧғалімі
Шымкент қаласы
Оқушылардың оқу-танымдық қажеттілігін ұйымдастыруда сабақ
үрдсінде қолданылатын әдіс-тәсілдер
Әдіс деген сӛз гректің "metodos" деген сӛзінен шыққан.
Метод деген
ұғым белгілі ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудің жолдары
деген мағынаны
білдіреді.
Қысқаша психологиялық-педагогикалық сӛздік "әдіс" - мақсатқа қол
жеткізетін жол, тәсіл, белгілі жолмен тәртіпке салынған іс-әрекет"- деген
анықтама береді.
Оқыту әдістері
- оқытудың мақсат-міндеттеріне
сай оның мазмұнын
оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал-тәсілдері
мен құралдарының жиынтығы болып табылады. Мұғалім оқыту әдістерінің
кӛмегімен
оқушыларға білім беріп, олардың тәжірибелік әрекетін
ұйымдастыруда ӛзінің іс-әрекетін оқушылардың
таным әрекетіне басшылық
етумен байланыстырады.
Мұғалім оқытудың нәтижесін арттыруда оқыту әдістеріне қатысты амал-
тәсілдерімен қатар оның құралдарын да пайдаланады.
Қазақ тілі сабағында қолданылатын әдістер:
Сӛздік әдістер:
түсіндіру, әңгіме, әңгімелесу,кітаппен жұмыс.
Кӛрнекі әдістер:
иллюстрация және демонстрация.
Оқыту үрдісінде ең кӛп тараған дәстүрлі әдіс - сӛздік
немесе мұғалімнің ауызша
баяндау әдісі. Бұл әдіс оқыту процесіңде басқа әдістерге қарағанда жетекші
роль атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: