Мен келесі сабақта білгім келеді..............- деген сӛйлемдерді аяқтап жазады.
7-сыныпта ӛткен М. Әуезовтың «Кӛксерек» әңгімесі бойынша «Маған 3 нәрсені
айт» кері байланыс парағы берілді. Оқушылар Сабақта не ӛттік? Неден табысқа
жеттім? Нені терең білгің келеді? деген сауалдарға олар «Кӛксерек»
әңгімесі
арқылы қасқырлардың психологиясын түсініп, оларға да қамқорлық керек
екенін ұғынғанын және «Құндылық спектрінде» Құрмаштың ӛліміне кім кінәлі?
деп ортаға тасталған сұраққа ӛздерінің ойларын еркін жеткізге білгендерін,
тағы да қасқырлар туралы жазылған аңыз-әңгімелермен танысқысы
келетіндіктерін ашып жазды.
«Мадақтау сэндвичі» 1-бӛлік- не ұнады? 2-бӛлік не нәрсені жақсарту керек?
3-бӛлік- маған ұнады, бірақ келесі жолы ... . Мұнда оқушылар сабақ соңындағы
іс-әрекетіне баға береді. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» рефлексиясында оқушылар
екі ұнаған фактор мен бір ұсынысын білдіреді. Қазақ әдебиеті сабақтарында
кӛбінесе «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» рефлексиясын жиі пайдаланамыз.
Атап айтсақ, Ш. Мұртазаның «Тұтқын бала»
әңгімесін қорытындылау
кезеңіндегі топтық жұмыста оқушылар әңгімені баяндауда сюжеттен
ауытқымау, әңгіме мазмұнын әдеби тілмен баяндау сияқты ұсыныстар
айтылды.
Жоғарыда келтірілген кері байланыс түрлері жеке оқушының жұмысына
бағытталған.Сонымен қатар оқушылардан топтық кері байланысты алуға
болады.Бұнда жеке ӛзінің
пікірі емес,жалпы топтың пікірі, топтағы
жұмыстардың нәтижесі алынады.
Топтық кері байланыс сұрақтары:
1.Жұмыс барысында топтағы қарым-қатынас тапсырманың орындалуына қалай
әсер етті?
Жұмыстың тиімділігін одан әрі арттыруға кӛмектесті;
Жұмыстың жақсы жүруіне кедергі болды;
Біздің қарым-қатынасымыз тапсырманы нақты орындауға мүмкіндік
бермеді;
2.Топтағы қарым-қатынас әсіресе қай дәрежеде кӛбірек іске асты?
ақпарат алмасуда;
Ӛзара қарым- қатынаста;
Осы дәрежелердің бәрінде
іске асты;
3.Жұмыс барысында қарым-қатынас жасаудың қай стилі басым болды?
Бір адамға бағытталған стиль
Тапсырманы орындауға бағытталған стиль.
4. Топтағы орындау барысында топта ауызбіршілік сақталды ма?
Топта ауызбіршілік пен серіктестік қарым-қатынас сақталды;
Топтағы бірлік, ауызбіршіліктің бұзылғаны байқалды;
Негізінен рефлексия адамның үш қасиетін: ӛз бетімен білім алуын, шешім
қабылдай білуін, бақталастыққа түсе білуін қалыптастырады. Ӛйткені бұл -ХХІ
ғасырдың талабы. Сонымен қатар кері байланыс арқылы оқушылар ӛз-ӛзіне
есеп беріп, ӛз-ӛзін реттеуге дағдыланады. Оқушылар ойлауға, сӛйлеуге, ӛзін-ӛзі
дамытуға еркін қол жеткізе алады. Кері байланыс жасауға сабақтың белгілі бір
уақытын бӛліп, олардың ой-пікірлерін шыдамдылық танытып тыңдау қажет.
Кері байланыс жасау арқылы бұрынғы
сабақтарда енжар отыратын
оқушының себебін анықтап, олардың белсенділігін арттыруға жол іздеуге
болады. Кері байланыс оқушы үшін-ӛз жетістіктері мен қателіктері туралы
ойлану, алға жылжу үшін ұсынба алу; мұғалім үшін ӛз
қызметіне қажетті
ӛзгерістер енгізу мақсатында алынатын ақпарат.
Кері байланысты жасағанда мына жайттарды есте ұстаған жӛн:
керібайланысты жұмысымызды жақсартудың ең тиімді нысаны ретінде
сабырлылық таныту, кері байланыстың субъективті болатынын ескеру,кері
байланыс жасалған істі бағалау емес, не жасалу керектігін кӛрсету. Сонымен
бірге кері байланыс оқумен оқытудың қалай жүріп жатқандығын, оның сапасын
анықтауға мүмкіндік береді.
Қорытындылай
келгенде, рефлексия- кӛп қырлы, кіріккен әрекет. Бұл
әрекет оқушының психикалық қызметінің ӛзгеруіне ықпал етсе, ал мұғалімнің
кәсіби әрекетін жоғары шығармашылық деңгейде жүргізуіне кӛмегін тигізеді.
Рефлексия, яғни кері байланыс - нәтижелі білімнің жоғары кӛрсеткіші екенін
бүгінгі күндегі оқушылардың жеткен жетістіктері арқылы толық сеніммен айта
аламыз. Бүгінгі таңда күнделікті сабақтарымызда рефлексия жасауды дағдыға
айналдырып келеміз. Рефлексия арқылы оқушының қажеттіліктерін біліп,
оларды жинақылыққа тәрбиелеуге болатынын түсіндік. Сабақтағы оқушының
ой-пікірін, кӛңіл-күйін
біліп қана қоймай, сабақ мазмұнын қай деңгейде
меңгергенін анықтауға болады. Сонымен, керібайланыстың тиімділігіне
тоқталар болсақ:
Оқушылар үшін:
1-ден, рефлексия-оқушыны ӛз-ӛзіне есеп беруге баулиды;
2-ден, рефлексия арқылы оқушының қажеттілігін біле аламыз;
3-ден, рефлексия арқылы оқушының ӛзіндік кӛзқарасы қалыптасады;
4-ден, рефлексия арқылы білім беру барысының
сапасын жақсартуға болады
және рефлексияның нәтижесінде оқушының сыни кӛзқарасы қалыптасады, ӛз-
ӛзіне баға бере алады.
Мұғалімдер үшін тиімді жағы:
1-ден,оқытудағы кемшін тұстарын анықтайды;
2-ден, келесі сабақтың жоспарына ӛзгерістер енгізуге, түзетуге яғни оқытудың
тиімді әдіс-тәсілдерін таңдауға мүмкіндік береді;
3-ден, уақытты үнемді пайдалануға мүмкіндіктер береді.
Кері байланыстан күтілетін нәтижелер:
- мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас жақсарады;
- оқушы ӛзінің мықты, осал тұсын анықтайды және алға жылжуға ықпал етеді;
- оқушы тек бағалауды ғана емес, ӛз жұмысынан хабардар бола отырып, оқуға
қызығушылығын арттырады;
- мұғалім мен оқушы кері байланысына қарай ӛз жұмыстарын ұйымдастыруға
бағытталады;
Сондықтан да кері байланыстың тиімділігі арқылы оқыту мен оқу сапасын
жақсартуға болады деп ойлаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: