Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ



Pdf көрінісі
бет156/222
Дата20.05.2024
өлшемі4,1 Mb.
#202563
түріСабақ
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   222
Байланысты:
Жинак республ docx

Пайдаланған әдебиеттер: 
1.
Кобдикова Ж.У. «Деңгейлеп саралап оқыту » 
2.
Ахметов С. «Білім берудің тиімді жолдары » 
3.
Л. Занков, Д. Эльконин, В. Давыдов, В. Репкин, В. Левин « Дамыта
отырып оқыту әдістемесі 
4.
Якиманская Н.С. «Дамыта оқыту тұжырымдамасы » 
СТО ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ АРҚЫЛЫ ОҚУ МАҚСАТЫНА ЖЕТУ 
 
Батырбекова Нҧрсауле Абибуллаевна 
№87 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мҧғалімі 
Шымкент қаласы 
Бұл технология қазіргі қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудағы тиімді 
әдіс болып саналады. Оқу мақсатында негізделген сабақ мақсатын орындау 
жолында тілдік материалдарды модульдік жолмен ұсыну уақытты да 
үнемдейді, әрі білім алушылардың ойын түрінде, әдіс-тәсілмен жұмыс істеу 
дағдысын жетілдіреді. Олар түрлі тараулар мен тақырыптар бойынша 
дайындалған тірек кестелерімен, мәтінмен, басқа да ізденімпаздық, 
шығармашылық бағытта орындалатын жұмыс түрлерімен ӛздерінің іскерлік 
дағдыларын қалыптастыра алады. 
Осы орайда қазіргі қазақ тілі, тіл біліміне кіріспе пәндері бойынша 
шығармашылық жұмыс түрлерін кӛбірек ұсыну, ойын түрлерін беру, оны сыни 
тұрғыдан түрлі пікірлермен оқушылардың талқылауы ӛз нәтижесін беріп 
келеді. 
Әсіресе, оқу сабақтарында модульдік оқыту технологиялары бойынша 
ұйымдастырылған ойын түрлерін сӛйлесу бӛлімінде шебер ұйымдастыра білу 
оқушыларды сыни ойлауға, ӛзіндік пікірін айтуға, шығармашылыққа
ізденімпаздыққа жетелейді. 
Жаңа әрі пайдалы ізденістердің бірі қазақ тілі мен әдебиеті сабағында 
қолданылып жүрген әдістердің бірі – «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан 
ойлау» технологиясы. Бұл технология 18 елдің тәжірибесіне енгізілген. Сыни 


тұрғыдан ойлау деген –әрбір жеке тұлғаның кез –келген жағдайдағы мәселені 
ойлап, зерттеп қорытып, ӛз ойын еркін ортаға жеткізе алуы. 
СТО – ӛз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, шешімін 
табуды қажет ететін мәселені анықтау, әр мәселеге байланысты ӛз пікірін айту, 
оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды 
және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді. 
Сыни тұрғыдан ойлаудың тамырын сонау гректік сократтық дәстүрге 
дейінгі 2500 жыл бұрынғы дәуірден кӛруге болады, сол кездің ӛзінде беделді 
негізде алынған білімді тексеру үшін жетекші сұрақтарды пайдалану 
қалыптасқан: олар тиімділік, нақтылық пен логикалық сабақтастықтың 
талаптарына жауап бере ала ма деген сауалды ортаға тастайды. 
Джон 
Дьюи
білім 
беру саласында осындай зерттеуді бастаған, 
алғашқылардың 
бірі 
болды. 
Ол 
оқушылардың 
ойлау 
дағдысын 
қалыптастырудың білім беру бағдарламасын тек оқушылар үшін ғана емес, 
қоғам үшін және барлық демократиялық құрылыс үшін тиімді болуына 
бағыттау керек екендігін мойындатты. 
Эдвард Глейзер (1941)
сын тұрғысынан ойлау қабілеттілігі 
үш элементтен тұратындығын болжап берді: 
1.
Проблемалар мен мәселелерді шешу кезінде ӛзінің тәжірибесін 
қалыптастыру ӛрісіне кіретін ойлау үдерісін жүзеге асыру. 
2.
Логикалық зерттеу мен ой жүгірту әдістерін білу. Сыни тұрғыдан 
ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім 
берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Л.Джинни Стил 
Куртис, С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский 
теорияларын басшылыққа алады. Мақсаты - барлық жастағы оқушыларға кез -
келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін 
таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. 
Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты 
айырмашылығы – білімнің дайын күйінде берілмеуі. 
Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны 
мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сӛйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің 
ойын тыңдауға, құрметтеуге, ӛзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып
қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама. 
Александердің диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту (2001, 2008) 
тәжірибеде зерттеген диологтың бес үлгісін ойлап тапты . Олар: 
1.Механикалық сақтау (үнемі қайталап отыру) 
2.Декламация (тест) 
3.Нұсқаулық/ мазмұндама 
4.Талқылау(ақпаратты тарату) 
5.Диалог. 
1956 жылы Бенджамин Блумның тӛрағалық етуімен білім беру комитеті 
әзірлеген Блум таксономиясы сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын 
ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын иерархиялық моделі болып 
табылады 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   222




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет