Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ



Pdf көрінісі
бет151/222
Дата20.05.2024
өлшемі4,1 Mb.
#202563
түріСабақ
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   222
Байланысты:
Жинак республ docx

Кӛрнекілік әдістер 
оқу материалын оқушылардың кӛзімен кӛріп, нақтылы 
түсінулеріне мүмкіңдік береді. 
Бұған демонстрация, иллюстрация тәсілдері жатады. 
Тәжірибелік әдістердің ішінде ең кӛп қолданылатыны - 
жаттығу 
әдісі.Оқу 
барысында теориялық ережелер мен қағидаларды қайта пысықтап, тиянақты 
меңгеру жаттығу арқылы орындалады. 
Ауызша жаттығу оқушының оқу материалын ауызекі баяңдауға дағдылану 
мақсатын кӛздейді.
Оқушы бірінші сыныптан бастап қазақ тілін үйрену барысында тілдегі 
түрлі қолданылатын атауларды (әріп, дыбыс , буын, сӛз, сӛз тіркестері, сӛйлем, 
сӛз бен сӛзді байланыстыратын жалғау, жұрнақ, тыныс белгілері – нүкте, үтір, 
леп белгісі, сұрау белгісі, сызықша, қос нүкте, түрлі грамматикалық анықтама, 
ережелерді оқып үйренеді. 
Қабілеті әр түрлі оқушы тілдің мұндай белгілері мен атауларын бірден меңгеріп 
кетуі мүмкін емес, тек оның негізгі, қажеттілерін(анықтама, ережесін) есте 
сақтауы мүмкін. 
Қазіргі сабаққа қойылатын талап тұрғысынан техникалық құралдарды,
кестелер, сызбалар, үнтаспа жазбаларын пайдалану арқылы оқушылардың есту, 
кӛру сезімдеріне әсер ете отырып, олардың ойлану қабілетін дамытуға кӛңіл 
болінеді. 
Қолданылатын кӛрнекіліктер оқушылардың сабаққа деген ынтасын
арттырады, түсіндірілген материалдарды саналы меңгертуге ықпал жасайды. 
Оқушылардың білім сапасының кӛп жағдайларда тӛмен болуы, осындай түрлі 
ойлау әрекеттеріне бейімделмеуден, дағды бермеуден деп айтуға болады. 
Қазіргі кезде қазақ тілін қандай бағытта, қандай мазмұнда оқыту керек? 
Меніңше, коммуникативті функционалды бағытта болуға тиіс. Сондықтан 
тілдің коммуникативті механизмін ашу қажет. Яғни, оның сӛйлеу процесіндегі,
сӛйлем құрудағы, мәтін бойынша әңгіме құрастырудағы рӛлі амал - құралдар 
арқылы меңгертіледі. 
Мектептерде қазақ тілін жетік меңгеру, білу қазіргі таңның басты 
мәселесі. Сабақта бұл мәселені шешу жолдарының бірі- әр түрлі әдіс- 
тәсілдерді тиімді қолдана отырып, жаңа технологияларды енгізу.Қазір
технологиялардың түрлері ӛте кӛп. Орыс мектептерінде қазақ тілін үйрену, 
лексикалық және грамматикалық тақырыптарды меңгеру күрделі жұмыс. 
Сондықтан басқа ұлтқа қазақ тілін оқыту, ауызекі сӛйлеуге үйрету қиын да,
қызық жұмыс.
Грамматикалық материалдарды және лексикалық тақырыптарды оқытуда 
тірек сызбалардың қолданылуы тілді дамытуға, сӛздік қорды молайтуға, бір- 
бірімен, қарым- қатынас жасауға (сӛйлеу, айту, жазу, оқу) ойлау қабілетін 
дамытуға, ойын қазақша жеткізе білуге үйретеді.
Бүгінгі таңда әрбір жаңашыл ұстаз үшін, оқу және жазу арқылы сын 
тұрғысынан ойлау әдісі кез келген стратегияларға құнды, әрі бағалы. Бұл 
стратегиялар оқушылардың қызғушылығын арттыра отырып, ұстаздың 
тығырыққа тірелетін сәттерінен арылтады. Сұрақ қою, ой шақыру, білім кӛпірі, 
бес жолды ӛлең, еркін жазу, білемін, үйренгім келеді, білгім келеді, Венн 
диаграммасы, пікірталас, болжау, Автор орындығы, топтастыру, т.б, 


стратегияларын қолдану оқушылардың мотивациясын оятып, ынталандыра 
түсері сӛзсіз. Сонымен қатар бұл стратегиялар оқушының қӛзқарасын, түсінігін 
дамыта түседі, жалықтырмайды. 
Бір сыныпта отырған балалардың деңгейі, оқу ынтасына қарай саралау
тапсырманы қабылдау дәрежесі де әртүрлі болып келеді. Сол себепті де нақты 
нәтижеге жету үшін модульдік оқыту технологиясының тиімді екенін 
күнделікті іс- тәжірибемнен кӛріп келемін. М. Жанпейісованың модульдік 
оқыту технологиясының негізі баланың тұлғасын алға қояды, бұл жаңа білім 
парадигмасына сай келіп отыр. Модульдік технологиясының басты ерекшелігі - 
оның тек қана білімді меңгеруге емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін және 
танымдық процестерді, яғни жадының алуан түрлерін ойлауды, ынтаны, 
қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы 
дамытуға, сондай- ақ тұлғаның қауіпсіздігін, ӛзін- ӛзі ӛзентілендіру, ӛзін - ӛзі
бекіту, қарым- қатынас, ойын танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін 
қанағаттануға белсенді сӛздік қорын дамытуға бағытталады. 
Сондай-ақ, профессор Ж. Караевтың «Деңгейлеп оқыту» 
технологиясының маңыздылығы зор. Деңгейлеп оқытуда күтілетін нәтиже: 
Алдына қойған мақсатына жете алатын оқушы тәрбиелеу; 
Әр оқушы ӛз білім деңгейін, мүмкіндігін, іскерлігін біліп қана қоймай, оны 
дамыту; 
Ӛз бетімен ізденіс дағдыларын, іскерлік қабілетін жетілдіретін 
шығармашылық тұлға қалыптастыру
Деңгеймен оқытудың ерекшелігі: 
1.Таланттылар ӛздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі, 
әлсіздер оқуға ниет білдіріп, сенімсіздіктен арылады. 
2. Оқушылардың оқуға деген ынтасы артады. 
3. Білім дәрежесі бірдей топтарды оқыту ісі жеңілдейді. 
Қазақ тілін үйретуде іскерлік, рӛлдік ойын түрлерін қолдану, диалог, 
монолог, сұхбат, сұрақ - жауап, кӛрініс қою, тақпақ оқу, ән айту, мәнерлеп оқу, 
жұмбақ, сӛзжұмбақ шешу, пікір айту, пікірсайыс, тірек схемасын пайдаланып, 
жүйелі түрде әңгімелеу, т.б. әдіс-тәсілдерді сабақта пайдалану, оқушының 
басқа тілді үйрене алмаймын деген сенімсіздігін сейілтіп, тілді үйренуге 
ынтасын арттыратынын ӛз іс–тәжірибемнен күнделікті жұмыс барысында 
байқаймын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   222




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет